"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


МАҚСАТ – ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:01
МАҚСАТ – ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

Шымкент қаласындағы Еңбекшi аудандық сотында «Азаматтардың сотта құқығын қорғау мүмкiндiктерi» атты «дөңгелек үстел» мәжiлiсi өттi. Жиынға прокурорлар мен судьялар, медиаторлар қатысты.

 

«Дөңгелек үстел» мәжiлiсiн Еңбекшi аудандық соты төрағасының мiндетiн атқарушы М.Жорабаев ашып, азаматтарға құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгiнуге құқылы екендiктерiн түсiндiрдi. Ал, Еңбекшi аудандық сотының судьясы С.Нұрбекова: «Елбасының бес институционалды реформасының бiр бағыты – заңдардың үстемдiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Басқа органдарға қарағанда соттарға көбiрек басымдық берiлген. Өйткенi, олар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қарауда, заңдардың қатаң орындалуы мен құқықтық тәртiптi нығайтуда ерекше жауапты. Ал, жаңа кодексте азаматтардың сотқа қолжетiмдiлiгi, сот актiлерiнiң тез орындалуы, iстердiң толық және заң талаптарына сай шешiлуi, сонымен қатар медиация институтын одан әрi жетiлдiру қарастырылған» дедi. Сондай-ақ, оның айтуынша, жыл басынан берi 32 iс партисипативтi тәсiлмен шешiлсе, медиация тәртiбi бойынша қысқартылған iстер бұдан үш есе көп.

Мәжiлiсте мамандар өз салаларына қатысты сұрақтарға жауап берiп, Ата заңымыздың артықшылықтарына тоқталды.

Мақпал ТӨРЕБЕК, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper