"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ҚЫЗМЕТТЕГI ЖАЛҒАНДЫҚҚА ЖАЗА ҚАТАҢ

Сенбі, 09 Қыркүйек 2017 13:48
ҚЫЗМЕТТЕГI ЖАЛҒАНДЫҚҚА ЖАЗА ҚАТАҢ

 

Мемлекеттiк функцияларды орындау құқығы бар мүдделi орындарда қызметтiк жалғандық жасау деректерiне жол берген уәкiлеттi адамның iс-әрекетi қоғамға терiс ықпалын тигiзетiнi сөзсiз.

 

Жалпы, қызметтiк жалғандық жасаудың негiзгi белгiлерi қандай? Айталық, ресми құжаттарға жалған мәлiметтер, бұрмалау, түзетулер енгiзу немесе құжаттарды қолдан жасау секiлдi жағдайлар қызметтiк жалғандықтың негiзгi көрiнiстерi. Ал, осы принциптер адамға, ұйымға пайда немесе зиян келтiру мақсатында жасалған болса, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады. Мұндай жағдайда мүлiктi тәркiлеп қана қоймай, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiн айыппұл салынады. Сондай-ақ, түзеу жұмыстарына жегуге немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан шектеуге болмаса сол мерзiмге бас бостандығынан айырылады. Егер осындай iс-әрекеттi лауазымды адам жасаған болса, мүлiктi тәркiлеумен бiрге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiн айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР ҚК-нiң 369-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделгендей, егер мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам қызметтiк жалғандық жасаса, мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айырылады. Сонымен қатар үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осындай қызметтiк жалғандық жасау әрекеттердi қылмыс деп танып, оны қоғамда жария ету маңызды. Жасырып қалу Қылмыстық Кодекстiң тиiстi бабы бойынша жауаптылыққа әкелiп соғады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың мұндай жиынтығы қызметтiк жалғандық жасау және басқа жолмен жасырып қалу кезiнде орын алуы мүмкiн.

Ш.ЕСЕНКЕЛДИЕВ, облыстық iшкi iстер департаментi бастығының орынбасары, әдiлет майоры.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper