"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

ЖЕРГIЛIКТI ПОЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ, НЕ ӨЗГЕРДI?

Бейсенбі, 07 Қыркүйек 2017 11:40
ЖЕРГIЛIКТI ПОЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ, НЕ ӨЗГЕРДI?

Қоғамның қауiпсiздiгi мен елдiң тыныштығын сақтау – полиция қызметкерлерiнiң төл мiндетi. Халық ешнәрседен үрейленбесе, еркiн жүрiп-тұрса, ол тәртiп сақшыларының өз мiндеттерiн ойдағыдай атқарып жүргендiктерiнiң белгiсi. Дегенмен, құлағанды қолтықтап, сүрiнгендi сүйеуi тиiс полицейлердiң шынайы бет-бейнесiн ел арасындағы әңгiмелерден-ақ аңғаруға болады. Әрине, ресми деректiң айтары басқа. Ал, нағыз, шынайы бағаны халық бередi.

Мемлекет басшысы да осыны жиi меңзейдi. Көрсеткiштегi самсаған статистикаға емес, халықтың бағасына айрықша мән беруiн қадағалайды. Содан болар «Азаматтар полицейге сенуi тиiс!» деген қағиданы ұдайы ұстаным етуге шақырады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 30-қадамында жергiлiктi әкiмдер мен тұрғындар алдында есеп беретiн Жергiлiктi полиция қызметiн құруды тапсырған. Оның құрамында тұрғындармен нағыз бiте қайнасып жұмыс iстейтiн учаскелiк полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi инспекторлар, жол-патрульдiк және табиғатты қорғау полициясы бар. Сондай-ақ, арнайы қабылдау және қабылдап-тарату орындарының, әйелдердi зорлық-зомбылықтан қорғайтын бөлiмнiң қызметкерлерi де осы санатта. Жергiлiктi полиция қызметiнiң басшысын мәслихат депутаттары сайлап, ол халық алдында есеп беруге мiндеттелген.

Осылайша республикада алғашқылардың бiрi болып 2016 жылдың қаңтарында облысымызда Жергiлiктi полиция қызметi құрылды.

Жергiлiктi полиция қызметiнiң функциясына кiретiн ең үлкен құрылым ол – жол полициясы. Соңғы жылдары елiмiзде жол-көлiк апаттарының жиi орын алуының себебiнен болар, жолға қатысты заң актiлерiне өзгерiстер жиi енгiзiлiп жүр. Соның бiрi – жыл басында қолданысқа енген әлемдiк тәжiрибеге сүйенген автопатрульдеу жөнiндегi өзгерiстер. Бүгiнде оған тұрғындар да, жол сақшыларының өздерi де үйрене алмай жүр. Автопатрульдеу әдiсi туралы көпшiлiктiң пiкiрi әрқилы. Жүргiзушiлердiң бiразы мұны дұрыс деп тапса, ендi бiрқатары оған қарсы пiкiрде. Осыған дейiн әр жерде тұрып, көлiк қозғалысын бақылаған жол сақшылары жаңа ережеге сай жолдағы тәртiптi автопатрульмен қадағалайтын болды. Яғни, сақшылар қозғалысты үнемi қызметтiк көлiкпен жүрiп бақылайды. Олар ендi көлiктi қуалап, арнайы дыбыс ұлғайтқышпен тоқтатады. Машиналарды жаяу жүрiп тоқтатуға құзiретi жоқ. Ол аздай жол полицейлерiн ала таяқтан да айырды. Жыл басынан берi олар тәртiп бұзған көлiктердi тоқтату үшiн таяқшаларын қолданбайтын болды. Ысқырады, бағдаршам iстен шыққан кезде қозғалысты қол қимылымен басқарады. Мұның да тиiмдi тұстары бар шығар, кiм бiлсiн? Бiз осы орайда ОҚО IIД Жергiлiктi полиция қызметiнiң бастығы, полиция полковнигi Әбдуғани Сейдуалиевтi әңгiмеге тартқанбыз. Аса тәжiрибелi маманның өзi де бұл өзгерiстiң тиiмдiлiгiмен қоса тиiмсiз тұстары да бар екенiн алға тартты. Жол полицейлерiнiң ала таяқсыз жүруi мерекелiк iс-шараларда және бағдаршам iстен шыққанда қиындық туғызып жатады екен. Ал, тиiмдi тұсы, сақшылар бұрынғыдай кез келген жерде тұрып таяғын шошаңдатып, көлiктердi тоқтата бермейдi. Сосынғы бiр мәселе, жол ережесiн бұзғандарға толтырылатын хаттамалар саны төмендептi. Бәрiнен бұрын полицейлердiң үстiнен түсетiн шағым азайған. «Қазiргi таңда қылмыстық оқиғалардың алдын алу шараларына ерекше назар аударамыз. Сондықтан болса керек, өңiрде жыл басынан бергi 7 айда қылмыс саны 16 пайызға төмендедi» дейдi Әбдуғани Тойшыұлы. Яғни, былтыр дәл осы уақытта өңiрде жалпы 22795 қылмыс орын алса, биыл оның саны 19114-тi құрап отыр. Олардың iшiнде ауыр қылмыс 1737-ден 1361-ге, денеге ауыр жарақат салу 89-дан 70-ке, тонау 605-тен 482-ге кемiптi. Сондай-ақ, зорлау 147-ден 114-ке, бұзақылық 1082-ден 748-ге, бөтеннiң мүлкiн ұрлау 11778-ден 10428-ге төмендеген. Бәрiнен бұрын, мал ұрлығының 30 пайызға, яғни 1047-ден 725-ке азайғаны көңiлге үмiт ұялатады. Өңiрiмiзде өршiп тұрған қылмыстың бiрi – алаяқтықтың да адымы қысқара бастапты. Өткен жылдың 7 айында 3192 алаяқтық қылмыс тiркелсе, биыл оның саны 2097–ге түскен. Азайған қылмыс түрлерiнiң қатарына қоғамдық орындарда және көшеде жасалған бұзақылықтар да кiредi.

Бәрiн айт та бiрiн айт, бiздiң облысымыздағы жол-көлiк оқиғаларының саябырсығаны қуантады. Биыл 7 айдағы жол апаты былтырғымен салыстырғанда 19 пайызға азайған. Яғни былтыр осы уақытта 1257 жол-көлiк оқиғасы орын алса, биыл 1013 оқиға тiркелген. Қара жолда қаза болғандар 216-дан 164-ке, жарақат алғандар саны 1681-ден 1428-ге төмендеген. Сондай-ақ, бұрын сотты болғандар тарапынан жасалған қылмыстар саны да кемiген.

Әбдуғани Тойшыұлы бұл жетiстiктерге жету жолында қызметкерлердiң тынымсыз еңбек етiп жатқанын алға тартады. «Қазiр учаскелiк инспекторлар мен жол сақшыларының жұмысын тиiмдi пайдалану үшiн олардың әрбiрiне өздерiне бекiтiлген аумақта орын алатын қылмысқа жауап беретiнiн шегелеп ескертiп отырмыз. Қылмыстың қай түрi, тiптi сол аумақта жол-көлiк апаты болса да тиiстi учаскелiк полицей жауап бередi. Осында жұмысқа кiрiскелi қызметкерлерiме осылай қатаң талап қойдым. Яғни, өз аумағында алкогольдiк iшiмдiк iшкен адам немесе қайыршы жүрсе, заңсыз сауда орны болса, төбелес орын алса, бiр сөзбен айтқанда, сол жердiң тәртiбiне, тыныштығына учаскелiк полиция қызметкерi тiкелей жауапты. Демек, олар қазiргi таңда қылмыс орын алған жерге жедел жетiп, оқиға болған аумақты зерттеп, мерзiмiне, мезгiлiне сараптама жасап, себебiне үңiледi. Сөйтiп қылмыстың алдын алу үшiн жұмыс iстейдi. Осындай жүйелi жұмыстың нәтижесi болар, бүгiнгi таңда қылмыстың саны азайып келедi» дейдi ол. Сондай-ақ, нөлдiк төзiмдiлiк бойынша жұмыстың жақсарғанын, жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен ымырасыз күрестi күшейткендерiн де тiлге тиек еттi.

Алайда, өңiрiмiзде өзектi күйiнде қалып тұрған мәселе – жасөспiрiмдер қылмысы. Мұнда керiсiнше өсу байқалады. Яғни, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс 9 пайызға өссе, мас халде заң бұзғандар 11 пайызға көбейген.

Айта кету керек, осы жылдың наурыз айында жергiлiктi мәслихат депутаттары өңiрдегi қылмыс деңгейiн азайту мақсатында 2020 жылға дейiн жоспарланған нысаналы индикаторды бекiткен болатын. Қазiргi таңда жергiлiктi полиция қызметкерлерi 11 бағыттан тұратын нысаналы индикатордағы бағалау өлшемдерi аясында жұмыс iстеп жатыр екен. Онда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлес салмағы биыл 29 пайызға төмендеуi тиiс болса, қазiргi көрсеткiш 27 пайызды көрсетiп тұр. Осы сияқты жол-көлiк оқиғаларын, жасөспiрiмдер және бұрын сотты болғандардың қылмыстық өлшемiн азайту мақсат етiлген. Бүгiнгi таңда жергiлiктi полиция қызметi аталған 11 индикатордың 3-еуiнiң үдесiнен шыға алмай отыр. Олардың қатарында жасөспiрiмдер қылмысы, бөтеннiң мүлкiн ұрлау және тұрмыстық саладағы қылмыстардың азаятын түрi көрiнбейдi.

«Жылдан жылға қылмысты азайтуды көздейтiн мұндай нысаналы индикаторды Үкiмет 4 бағыт бойынша бекiткен. Бiз оның үшеуiнiң жоспарын орындадық. Ал, жоғарыда айтып өткен 11 бағытты индикатор бiздiң облыста ғана бар. Әзiрге 7 айдың қорытындысы бойынша 7 бағыттың үдесiнен шығып отырмыз. Алдағы уақытта 3-еуiнiң толыққанды орындалуына күш саламыз. Бұл жұмысымыздың шынайы ахуалын көрсетедi» дейдi Әбдiғани Тойшыұлы.

Айта кететiн жайт, облыстағы барлық автокөлiк пен жол-патрульдiк полициясы жасақтары бейнетiркегiшпен жабдықталыпты. Яғни, жол сақшылары жүрген аймақтың барлығы спутник арқылы бақыланады. Сонымен бiрге, облыс орталығындағы патрульдiк полицейлер толығымен бейнежетонмен қамтамасыз етiлген. Мұндай құрылғылар аудандардағы тәртiп сақшыларына келер жылы берiледi. Бұл – Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында айтқан тапсырмасы негiзiнде жүзеге асқан жұмыстардың бiрi.

Сонымен, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында жүзеге асқан жергiлiктi полиция қызметiнiң бүгiнгi жағдайы осындай. Егер, дәл осы қарқынмен жұмыс жүйеленсе өңiрдегi қылмыстық ахаулдың реттелетiн түрi бар. Алайда, бұл құрылым елдiң үмiтiн ақтау үшiн әлi талай жұмыстар атқаруы керек сияқты.

P.S. Бет қатталып жатқанда жол-патрульдiк полицейiнiң қызметтiк автокөлiгiн қараңғылауға тыйым салынғаны жөнiнде ақпарат түстi. Ендi полицейлер заң бұзған жүргiзушiлермен көлiктiң артқы орындығында отырып «келiсiм» жүргiзе алмайды.

Назгүл НАЗАРБЕКОВА, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper