"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 10:55
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

 

ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесi аясында көкпардан тұңғыш рет әлем чемпионаты өткенiн хабарлағанбыз. Қазақтың ұлттық спорты паш етiлген дүбiрлi додада Қазақстан құрамасы топ жарғанынан да ел құлағдар. Ұлттық құрама сапында Оңтүстiк Қазақстан облысының апайтөс жiгiттерi де айрықша шеберлiк көрсеттi. Жуырда жанкүйерлер ел абыройын аспандатқан азаматтарды Шымкент әуежайынан зор құрметпен қарсы алды.

 

Бiлiктi ұйымдастырушы Ғани Ахметбаев басқаратын облыстық ұлттық спорт түрлерi мектебiнiң көкпаршылары Қазақстан құрамасының негiзгi құрамында тер төктi. Финалдық бәсекенiң өзiнде қырғыздардың мысын басқан 4 салымның үшеуiн жерлестерiмiз салғаны да көп нәрсенi аңғартады. Атап айтсақ, финалда Темiрхан Айтбаев, Бақтыбай Шырынқұлов және Абылайхан Нышанбек сынды оғландарымыз доданы бұзып-жарып, серкенi дiттеген жерге дәл тастай бiлдi. Сондай-ақ, Нұржiгiт Мырзабаев та тақымы мықты балуан екенiн дәлелдедi.

Әуежайдағы салтанатты жиында көкпаршыларымыз бұл жеңiстерiн Қазақ елiне арнайтындықтарын, ел намысы үшiн әрдайым атқа қонуға дайын екендiктерiн жеткiздi.

Ғ.ҚАДЫРБЕКҰЛЫ. Суреттi түсiрген Iлияс Жолдас.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper