"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


БОКСШЫЛАР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Дүйсенбі, 04 Қыркүйек 2017 09:44
БОКСШЫЛАР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Германияның Гамбург қаласында өткен 2017 жылғы бокстан әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан командасы 4 қыркүйек күні таңда Астанаға келіп қонды,- деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі.

Біздің спортшылар 6 медаль олжалады. Жалғыз алтын медальды шымкенттік өрен Қайрат Ералиев еншіледі. «Олимпиададан кейін бокс құрамасы 70 пайыз жаңарды. Сол себепті өте жақсы өнер көрсеттік, - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов әлем біріншілігін қорытындылай. - Жұмыс істейтін тұстар да бар, бірақ біздің қосалқы құрам өте мықты. Токиоға кілең шыңдалған жігітерден жасақталған құраммен барамыз. Онда бір емес, екі-үш алтын медаль аламыз». Қайрат Ералиевтің алтын медалінен басқа, Әбілхан Аманқұлов пен Қамшыбек Қоңқабаев екі күміс еншіледі. Ал Васалий Левит, Жомарт Ержан және Абылайхан Жүсіповтер қоланы қанағат тұтты.

inform.kz

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper