"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 340.11 0.00   EUR: 407.93 0.00   RUB: 5.91 0.00   


ЖАРАЙСЫҢ, ОТГОНЦЭЦЭГ!

Жұма, 01 Қыркүйек 2017 15:15
ЖАРАЙСЫҢ, ОТГОНЦЭЦЭГ!

 

Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты мәреге жеттi. Жұмыр жердiң кiл мықтылары бас қосқан бәсекеде Қазақстан құрамасының мүшесi Отгонцэцэг Галбадрах 48 келi салмақ дәрежесiнде қола медальға ие болды. Бұл – Оңтүстiк Қазақстан облысы спортшыларының олимпиадалық спорт түрiнен ересектер арасында биыл алған алғашқы жүлдесi. Жастар мен жасөспiрiмдер арасында, әлем кубоктарында жүлде көп болғанымен, әлем чемпионатының орны бiр бөлек.

 

Жерлесiмiз Италия, Украина және Израиль спортшыларын жеңiп, жартылай финалға шықты. Бiрақ, Галбадрах алтынға қол созым жер қалғанда жапониялық Фуна Тонакиге есе жiберiп алды. Намысқа булыққан өжет қыз қола жүлде үшiн болған кездесуде ресейлiк Ирина Долгованың адымын аштырмады. Жеңiске жеткен отандасымыз сосын... көз жасына ерiк бердi. Намысты қыз ғой. Галбадрахтың бапкерi Энхбаатар Дашжамц жанары жасаураған шәкiртiнiң маңдайынан сүйдi. Қандай жарасымды көрiнiс. Бiздiң кейбiр спортшылар еңбекқорлық пен қайсарлықты осы Отгонцэцэгтен үйренсе, шiркiн. Галбадрах Рио Олимпиадасында қола жүлде алғаннан кейiн жаттығуды тастаған жоқ. Той-томалақ қуып, көпшiлiк iс-шараларда мәртебелi мейман болып төрде қасқайып отырмады. Оны қашан да жаттығу залдарынан, жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарынан көрер едiңiз. Содан да шығар, Будапешт төрiндегi бәсекеде дзюдодан қазақстандық қыздар арасынан тұңғыш рет әлем чемпионатының медалiн еншiледi. Бiр сөзбен айтқанда, жарайсың, Отгонцэцэг!

Ғабит САПАРБЕКОВ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper