"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Еңбекқор ару – Отгонцэцэг!

Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 17:09
Еңбекқор ару – Отгонцэцэг!

    Венгрияның Будапешт қаласында дзюдодан әлем чемпионаты өтті. Жұмыр жердің кіл мықтылары бас қосқан бәсекеде Қазақстан құрамасының сайыпқыраны Отгонцэцэг Галбадрах 48 келі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды. Бұл — Оңтүстік Қазақстан облысы спортшыларының олимпиадалық спорт түрінен ересектер арасында биыл алған алғашқы жүлдесі. Жастар мен жасөспірімдер арасында, әлем кубоктарында жүлде көп болғанымен, әлем чемпионатының орны бір бөлек қой.

 

   Жерлесіміз Италия, Украина және Израйль спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шықты. Бірақ, Галбадрах алтынға қол созым жер қалғанда жапониялық Фуна Тонакиге есе жіберіп алды. Намыс пен ызадан булыққан өжет қыз қола жүлде үшін болған кездесуде ресейлік Ирина Долгованы жеңді. Жеңіске жеткен отандасымыз көз жасына ерік берді. Намысты қыз ғой. Ел намысы сынға түскен сәтте жігерлілік таныта білді. Галбадрахтың бапкері Энхбаатар Дашжамц жанары жасаураған шәкіртінің маңдайынан сүйді. Қандай жарасымды көрініс. Біздің кейбір спортшылар еңбекқорлық пен қайсарлықты осы дзюдошы қыздан үйренсе, шіркін. Отгонцэцэг Рио Олимпиадасында қола жүлде алғаннан кейін жаттығуды тастаған жоқ. Той-томалақ қуалап, көпшілік іс-шараларда мәртебелі мейман болып төрде қасқайып отырмады. Жаттығу залынан шықпай, әлемдік гран-прилерге қатысты. Жүлде алды. Талай байрақты бәсекеден олжалы қайтты. Ал, Будапешт төріндегі бәсекеде дзюдодан қазақстандық қыздар арасынан тұңғыш рет әлем чемпионатының медалін еншіледі. Жарайсың, Отгонцэцэг!

Ғабит САПАРБЕКОВ. 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper