"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 340.11 0.00   EUR: 407.93 0.00   RUB: 5.91 0.00   


ҚАЗАҚСТАН ШАБАНДОЗДАРЫ–ЧЕМПИОН!

Дүйсенбі, 28 Тамыз 2017 09:00
ҚАЗАҚСТАН ШАБАНДОЗДАРЫ–ЧЕМПИОН!

Қазақстандық шабандоздар финалда Қырғызстан құрамасын 4:1 есебімен жеңіп көкпардан әлем чемпионы атанды.

Қазақстан мен Қырғызстан құрамасы әу баста екі топқа түскендіктен, финалға дейін кездескен жоқ.Қазақстан құрамасы ойынның бірінші минутынан-ақ белсенділік танытты. Бірінші таймда біздің көкпаршылар үш ұпай иеленді. Бірақ, екінші таймда қырғыздар қаһарына мініп, үлкен бәсекелестік танытты. Ойын соңында “азиялық эль-классико” қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасы үш ай бойы дайындалып, чемпионат жақындағанда дайындықты екі есе күшейткен болатын. Көкпардан бірінші әлем чемпионатының жеңімпазы 10 миллион теңге иеленді, ал күміс жүлдегер – 5 миллион теңге. Қола жүлдені қытайлықтарды жеңген Тәжікстан құрамасы иеленді.

 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper