"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 340.11 0.00   EUR: 407.93 0.00   RUB: 5.91 0.00   


«БАЙРАҒЫМЫЗ БИIКТЕ ЖЕЛБIРЕСIН!» дейдi жас боксшы Олжас БАЙНИЯЗОВ

Бейсенбі, 24 Тамыз 2017 10:24
«БАЙРАҒЫМЫЗ БИIКТЕ ЖЕЛБIРЕСIН!» дейдi жас боксшы Олжас БАЙНИЯЗОВ

Н.НАЗАРБАЕВ:

«Қазақстандағы 100 жаңа есiм» жобасы – тәуелсiздiк жылдарында табысқа жеткен, елiмiздiң әр өңiрiнде тұратын түрлi жастағы, сан алуан этнос өкiлдерiнiң тарихы.

Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмiрбаяндары арқылы бүгiнгi, заманауи Қазақстанның келбетi көрiнiс табады.

 

Ерболат АЙНАБЕКОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Елiмiздiң бокс федерациясы жеткен жетiстiкке өзге федерациялар қызыға да, қызғана да қарайды. Олимпиада болсын, әлем чемпионаты болсын бiздiң боксшылар олжа салмай қайтпаған. Оның бәрi — шүмектеп төгiлген тердiң арқасы. Қазақ боксы таланттардан кенде болған емес. Сондай таланттардың бiрi – Олжас БайниЯзов.

Олжас — халықаралық додаларда олжа салып жүрген талантты спортшылардың бiрi. Алғаш 2008 жылы «Жетiсу кубогi» деп аталатын халықаралық турнирде бақ сынап, жеңiмпаз атанған. Содан кейiн 2009 жылы даңқты боксшымыз Бекзат Саттархановты еске түсiруге арналған халықаралық турнирде алтыннан алқа тағады.

Бұл жеңiстерi болашағынан мол үмiт күттiретiн жас боксшының бокс биiгiне деген алғашқы қадамдары едi.

Бiраз жыл жарыстарға қатыса алмаған Олжас 2014 жылы спортсүйер қауымға өзiн тағы бiр мойындатты. Сол жылы әскерилер арасында өткен әлем чемпионатының алтын жүлдесiн жеңiп алып, болашағынан мол үмiт күттiретiндiгiн дәлелдедi.

Десек те, Олжас сол 2014—2015 жылдар өзi үшiн ауыр болғанын айтады. Ұлттық құрамаға шақырту алмай, тұрмыстың да тауқыметiн тартыңқырапты. Тiптi, бокс қолғабын шегеге iлiп, басқа салаға ауысып кетуге де бар едi. Алайда,  оның осы спортқа деген махаббаты, содан соң ұлттық құрама бапкерлерiнiң өзiне назар сала бастауы былғары қолғапты қайта киюiне ықпал етедi. Олжас – 2016 жылдан берi Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесi.

Биыл Олжас Байниязов ҚР Президентi кубогiнде бақ сынап, II орын иемдендi. Ал, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы кубоктi жеңiп алды. Сондай-ақ, ол өзiнiң       карьерасындағы ең үлкен жеңiсi деп «Astana Arlans» сапында өткiзген алғашқы кездесуiн санайды. «Арландар» бүкiләлемдiк бокс сериясының ақтық сынында кубалық «Куба Домадорес» командасынан 2:5 есебiмен жеңiлiп жатқан. Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшылардың мерейi үстем болып, есеп 5:5-ке жеткен. Қай команданың жеңiмпаз болатындығы қосымша кездесуде шешiлетiн болды. Қосымша кездесуге «арландар» атынан Олжас Байниязов шықты. Қарсыласы да осал емес-тi. Десек те, бар қайраты мен жiгерiн бойына жинаған оңтүстiктiң өренi ел намысын қолдан бермедi. Кубалық боксшы Фрэнк Залдивар мұндай қарсыласқа тұңғыш рет жолыққан болуы керек. Шарасыздықтан бармағын шайнап кете барды. Сөйтiп қазақстандық клубтың бүкiләлемдiк бокс сериясын жеңiп алуына өзiнiң қомақты үлесiн қосты.

Олжас — Мақтаарал ауданы, Атакент елдi мекенiнiң тумасы. Анасы үй шаруасындағы адам болса, әкесi колледжде сабақ бередi. Үйдегi 4 перзенттiң үшiншiсi. Бокспен шұғылдануды 5-сыныптан бастағанын айтады. Алғашқы бапкерi – Мадияр Аманов. Кейiпкерiмiз өзiнiң үлкен бокс аренасындағы жеңiстерiн осы алғашқы бапкерiнiң еңбегiмен байланыстырады. Аяулы жары екеуi бiр ұл, бiр қыз тәрбиелеп отыр.

Тiршiлiк тегершiгi бiр айналғанда ұрпақ алмасады. Сонда әр адам кейiнгi буынға өнеге боларлықтай ескерткiш қалдыруы тиiс. Осы тұрғыдан алғанда талантты боксшы Олжас Байниязовтың өмiр жолы мен спорттағы жетiстiктерi кейiнгi ұрпаққа үлгi болары сөзсiз.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper