"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


«ОРДАБАСЫ» – « АТЫРАУ» – 2:0

Сейсенбі, 22 Тамыз 2017 10:06
«ОРДАБАСЫ» – « АТЫРАУ» – 2:0

 

Ерболат АЙНАБЕКОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Ел чемпионатының 24-турында шымкенттiк «Ордабасы» «Атырау» клубын қабылдап, 2:0 есебiмен жеңiске жеттi. Шымкенттегi «Биiк» стадионында өткен ойынды 4000-ға жуық көрермен тамашалады. Сүйiктi командасын қолдауға Атыраудан келген жанкүйерлердiң де қарасы қалың болды.

 

Бiрiншi таймда қарсыластар тең тарқасты. Есеп ашылған жоқ. Екiншi таймды жоғары қарқынмен бастаған шымкенттiк футболшылар ұрымтал сәттердiң бiрiнде есеп ашып үлгердi. Команда капитаны Азат Нұрғалиев бiр қорғаушыны алдап өтiп, қақпаға соққы бағыттаған. Атыраулық қорғаушы допты керi қайтарғанымен, оған бiрiншi болып шымкенттiк жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаев жеттi. Еркебұлан бос тұрған қақпаның торын бүлк еткiздi.

Алаң иелерi мұнымен тоқтап қалған жоқ. Үстi-үстiне шабуылдар ұйымдастырып, қарсыластарының мазасын алумен болды. Сондай шабуылдардың бiрiнде Таңат Нөсербаев есептi еселеп кеттi.

Өз алаңында сенiмдi жеңiске жетiп, 3 ұпай иемденген жерлестерiмiз турнирлiк кестенiң үшiншi сатысына берiк жайғасты. Төртiншi орында келе жатқан «Ертiстен» «Ордабасы» әзiрге 8 ұпай алда келе жатыр.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper