"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«Ордабасы» командасына танымал бапкер келді!

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 17:49
«Ордабасы» командасына танымал бапкер келді!

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын «Ордабасы» командасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын бастады. Ал, бүгін ресми түрде команданың бас бапкері футболшыларға таныстырылды. Ол – Болгария азаматы Георги Дерменджиев.

63 жастағы бұл бапкер «Лудогорец» командасын баптап, Болгарияның үш дүркін чемпионы атанған. Сонымен қатар командасын УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңіне 2 рет алып шыққан. Өте тәжірибелі маман футболшылармен танысып, жиналыс өткізді. Бұл туралы «Ордабасы» командасының баспасөз қызметі хабарлады.

— Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Ең бастысы, жаттығуда шын ниетпен еңбек етіп, тер төгіп, тәртіп сақтасаңыздар. Шыңдалыңыздар.  Бапкерлердің талабын орындасаңыздар чемпионат пен Еуропа лигасында биік мақсат қойып, белестерді бағындырамыз, - деді Георги Дерменджиев.

Футбол жанкүйерлері болгариялық маманның келуін жақсылыққа балап отыр. Бұл бапкердің беделі жоғары әрі талабы да мықты. «Лудогорец» сапында болгариялық футболшылармен қатар бразилиялық легионерлерді жеңіске жетелеген. Демек, алдағы уақытта «Ордабасы» сапына мықты легионерлер қосылуы мүмкін. 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper