"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«БАЛУАН ШОЛАҚ» СПОРТ КЛУБЫ

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 10:43
«БАЛУАН ШОЛАҚ» СПОРТ КЛУБЫ

 

Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ күресін дамытады деген үміт мол

 

Ғабит САПАРБЕКОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Шымкент қаласында «Балуан Шолақ» спорт клубы және «Ғимарат Құрылыс – 1» компаниясының зертхана ғимараты ашылды. Нысанның ашылу салтанатына Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының президенті Ислам Әбіш арнайы келіп қатысты. Бұл орталық белгілі балуан әрі кәсіпкер, күрестің үш түрінен КСРО спорт шебері, «Ғимарат Құрылыс – 1» ЖШС-нің президенті Әбдуазиз Дәуітбековтің бастамасымен салынды. Нысанның ашылуымен құттықтаған Ислам Әбіш балуандарға қолдау көрсеткен азаматқа ризашылығын білдірді.

– Соңғы жылдары қазақ күресі зор қарқынмен дамып келе жатыр. Әлем чемпионаттары жиі ұйымдастырылуда. Африка, Еуропа, Азия және Оңтүстік Америка біріншіліктері өткізілді. Бұл бағытта Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясы ауқымды жұмыстар атқаруда. Біздің мақсатымыз – қазақ күресін Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізу. Егер төл күресіміз Олимпиада ойындарына енгізілсе, медаль алу үшін дүние жүзінің жұртшылығы қазақ күресін өздері үшін дамытады. Ал, осы биік мақсатқа жету үшін өзін қазақпын деп есептейтін әрбір азамат үлес қосуы тиіс. Қазір ұлттық спортымыз мемлекет көмегінен бөлек қалталы кәсіпкерлердің арқасында қанатын кеңге жайып келеді. Бірақ, тек кәсіпкерлерге жүкті артып қоймай, үлкен қор құрып, әрбір қазақ сол қорға жыл сайын өз атынан 100 теңге аударып тұрса да біраз қаржы жиналатын еді. Мұны мысал үшін айтып отырмын. Қазақ күресін Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізу әрбір қазақтың жүрегіндегі арманға айналса ғана мақсат орындалады. Жапондар мен кәрістер өздерінің жекпе-жектерін жанкештілікпен дамытты. Біз де солардан үлгі алып, ұлттық спортымызды қолдайық. Ал, бүгін балуандарға жағдай жасап, қазақ күресіне демеуші болып отырған Әбдуазиз Дәуітбековке алғысымыз мол. Болашақта Шымкенттегі «Балуан Шолақ» спорт клубынан әлем чемпиондары көктеп шығатынына сенемін, – деді ол.

«Ғимарат Құрылыс – 1» компаниясының зертханасында құрылыс сапасын анықтайтын заманауи құрылғылар орнатылған. Мұнда еліміздегі ең ірі құрылыс нысандарының сапасы зерттеліп, жоспарлар жасалады. Міне, осы ғимарат ішінен балуандарға арналып бір бөлме беріліп отыр. Онда облыс балуандарымен кездесулер өткізіліп, қазақ күресінің жай-күйі талқыланады. Идея авторы әрі демеушісі Әбдуазиз Дәуітбековтің айтуынша, алдағы уақытта облысымыздағы ең талантты балуандарға қолдау көрсетіледі.

– Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтарды жаң­ғыр­ту­­ды, оны бүгінгі жастарға насихаттауды жүктеді. Клубымызға қазақ тарихындағы даңқты балуан Балуан Шолақтың аты берілуінде де үлкен мән бар. Мақсатымыз – қазақ күресін дамытып, балуандарға қаржылай және рухани қолдау көрсету, – дейді ол.

«Балуан Шолақ» клубының ашылу салтанатында Жанпейіс Қобланов, Бақыт Жаңбырбаев, Ғани Ақмұратов және спорт саласында есімдері белгілі өзге де азаматтар қуаныштарын білдіріп, ұлттық спорттың болашағына сенетіндерін айтты. Қазақ күресінен әлем чемпионы Әділжан Ыстыбаев жаңа клуб спортшыларға тың серпін беретінін жеткізді.

Жуырда Алматыда «Еуразия барысы» додасы өткені белгілі. Сол сында Алматы қаласының атынан біздің өңірдің бір-екі балуаны өнер көрсетті. Демек, Алматыда қазақ күресіне жағдай жасалған болып тұр ғой. Енді мықты жігіттеріміз туған жеріне оралып, «Балуан Шолақ» клубы сапынан табылады деген үміт бар.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper