"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«Ордабасыда» «тазалау жұмыстары» жүріп жатыр

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 10:48
«Ордабасыда» «тазалау жұмыстары» жүріп жатыр

10-қаңтарда Шымкенттің «Ордабасы» футбол командасы Түркияға алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанып кетті. Былтыр футболшылардың жалақысын толық төлей алмаған клуб басшылығында өзгерістер болып, Бақтияр Байсейітов жұмыстан кету жөнінде арыз жазды. Клуб президентімен бірге Алексей Петрушинмен де әріптестік үзілді.

Соңғы кездері ақпарат құралдарында «Ордабасы» туралы түрлі әңгімелер айтылып жатыр. Былтыр қола жүлде әперуге үлес қосқан команда капитаны Азат Нұрғалиев, үздік сұрмерген Таңат Нөсербаев сынды Шымкент футбол мектебінің түлектері командадан кетті. Сонымен қатар, Самат Смақов, Оливер Петрак, Преслав Иорданов, Сергей Бойченко, Александр Гейнрих те өзге клубтардан жұмыс іздеп жүр. Алдағы уақытта Алмат Бекбаев, Бекзат Бейсенов, Қайрат Әшірбеков, Бақдәулет Қожабаев, Мұхтар Мұхтаров, Фархадбек Ирисметов, Срджан Вуяклия сынды ойыншылар да «Ордабасыдан» кетеді деген болжам бар. Әзірше, клубтың баспасөз қызметі нақты ақпарат таратпай отыр. Біраз сұраққа Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынынан кейін жауап табылатын сыңайлы.

Ең қуанарлығы, «Ордабасының» бас бапкері болып Болгария маманы Георги Дерменджиев тағайындалмақ. Бұл бапкер «Лудогорец» командасын Болгарияның үш дүркін чемпионы етіп, екі рет чемпиондар лигасының топтық кезеңіне алып шыққан. Қысқасы, биыл «Ордабасыда» өзгеріс көп. Бұл өзгерістердің қаншалықты тиімді болатынын чемпионат соңында білеміз. Тек былтырғыдай қаржыны жөнсіз жұмсап, жалақы төлей алмай қалмаса болғаны. 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper