"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


МАҚТААРАЛДА «ДОСТЫҚ КӨКПАРЫ» ӨТТІ

Сейсенбі, 09 Қаңтар 2018 10:22
МАҚТААРАЛДА «ДОСТЫҚ КӨКПАРЫ» ӨТТІ

 

Жуырда Мақтаарал ауданында «Достық көкпары» деп аталатын ерекше жарыс өтті. Ерекше дейтін себебіміз, Мақтаарал аудандық «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған бәсекеге жергілікті тұрғындар қазақтармен бірге өзге этнос өкілдері де көптеп қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында Мақтаарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов, аудандық мәслихаттың хатшысы М.Жайлымшиев, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары З.Үсіпахметов, облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Ж.Сұлтанов сөз сөйлеп, шабандоздарға сәттілік тіледі.

 

Тұңғыш рет ұйымдастырылған көкпар бәсекесіне 4 команда қатысты. Атап айтсақ, «Ынтымақ», «Бірлік», «Достық» және «Байшұбар» командаларының көкпаршылары көрермен қошеметіне бөленді. Жарыс нәтижесінде «Ынтымақ» командасы топ жарды, екінші және үшінші орындарға «Достық» пен «Байшұбар» иелік етті.

Сонымен қатар, көрермендер арасында қошқар көтеруден сайыс өтті. Бірінші орынды 30 келілік қошқарды 107 рет көтерген Төлентай Жақсылық жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы диплом мен қаржылай сыйақы табыс етілді.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper