"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«ҚЫРАН» ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАДЫ

Сейсенбі, 09 Қаңтар 2018 10:22
«ҚЫРАН» ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАДЫ

 

Футболдан Қазақстанның бірінші лигасында облысымыздың намысын қорғайтын «Қыран» футбол командасы жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. Бас бапкер Ғалымжан Төлегенов команда құрамына негізінен жергілікті жас футболшыларды шақырған.

 

Қазіргі таңда 50-ге жуық жас ойыншы «Қыран» команда­сының сапында сынақтан өтіп жатыр. Олардың қабілетін тәжірибелі футбол бапкерлері тексеруде. Жаңа маусымға дайындықты өткен жылдың 15 желтоқсанында бастаған «Қыран» футболшылары жолдастық кездесуде «Мақтааралды» 3:1 есебімен жеңді. Бүгінгі таңда Шымкенттегі «БИІК» спорт кешенінде жаттығып жатқан команда құрамына 2000 жылғы жастар да қабылданады деп күтілуде.

Клуб басшысы Талғат Пошимовтың айтуынша, қаңтар айында шымкенттік футболшылар Өзбекстанда халықаралық талаптарға сай оқу-жаттығу жиынын өткізбек.

– Мақсатымыз – жергілікті жастарды іріктеп, үлкен додаға қосу. Ұлттық құрама мен «Ордабасы» командасына ізбасарлар даярлау, – дейді ол.

Дайындаған Ғабит САПАРБЕКОВ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper