"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


КӘСІПКЕР СПОРТ КЕШЕНІН СЫЙЛАДЫ

Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 11:17
КӘСІПКЕР СПОРТ КЕШЕНІН СЫЙЛАДЫ

 

Ғабит САПАРБЕКОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Сайрам ауданы, Қарасу елді мекенінде әйбат спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл нысанды жеке кәсіпкер және Сайрам аудандық мәслихатының депутаты Байсейіт Жамалбеков өз қаражаты есебінен салып берді. «Рауан» деп аталған спорт кешенінің ашылу салтанатында Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев спортқа жанашырлық танытқан кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, осы спорт кешенінде жаттыққан өрендер арасынан чемпиондар шыға берсін деген тілегін жеткізді. Сонымен қатар, салтанатты шарада ел ағалары мен ардагерлер және аудандық мәслихат депутаттары да құттықтау сөз сөйледі.

 

Құрылысы 2016 жылы басталған нысанды тұрғызуға 30 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Кешенде үстел теннисі, футбол және бильярдпен жылдың төрт мезгілінде де шұғылдануға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, денсаулықты нығайтатын құрал-жабдықтармен қамтылған жаттығу залы да қызмет көрсетуге әзір. Ел алғысын алған кәсіпкер әрбір азамат туған жерінде жұртқа пайдалы жұмыс істеу керек екенін айтты.

– Спорт кешенінде келушілерге бар жағдай жасалған. Зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасылардың балаларына жеңілдіктер бар. Жастар спортпен шынықсын, жаман әдеттерден аулақ болсын. Басты мақсатымыз – осы, – дейді Байсейіт Жамалбеков.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper