"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


АУЫЛЫНА ФУТБОЛ АЛАҢЫН САЛЫП БЕРДI

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 11:08
АУЫЛЫНА ФУТБОЛ АЛАҢЫН САЛЫП БЕРДI

 

Ғабит САПАРБЕКОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Ордабасы ауданының Қажымұқан ауылында шағын футбол алаңы пайдалануға берiлдi. Оны еркiн күрестен спорт шеберi Алтай Оңғарбайұлы өз қаражатына салып берiп, ауылдастарына қуаныш сыйлады.

 

Футбол алаңының ашылу салтанатында Алтайдың атасы, осы ауылдың ел ағасы Ораз Үндемесов, бiлiктi бапкер Бақытжан Ибрагимов, «Ордабасы оттары» газетiнiң қарымды журналисi Нүридин Шәмшiұлы құттықтау сөз сөйледi. «Ұлытау» деп аталған нысанның лентасын Лондон Олимпиадасының жүлдегерi Ақжүрек Таңатаров, «Қазақстан барысы» турнирiнiң жүлдегерi Жұманазар Ерсұлтанов және Шымкент қалалық жеңiл атлетика және велоспорт мектебiнiң директоры Нұрлан Айтбеков қиып, жас спортшыларға сәттiлiк тiледi. Осы айтулы оқиғаға орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. 19 команда қатысқан бәсекеде Қайнар ауылының өрендерi топ жарса, Отырар ауданының жiгiттерi екiншi орынға ие болды. Үшiншi орынды төрткүлдiк футболшылар жеңiп алды. Жүлдегерлердi марапаттаған меценат Алтай Оңғарбайұлы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосқысы келгенiн айтты.

– Бұл – күш атасы Қажымұқан бабамыз өмiр сүрген қасиеттi мекен. Қазiр мұндағы екi баланың бiрi күреспен айналысады. 90-ға жуық спорт шеберi бар. Дегенмен, қазiр елiмiзде футзал кеңiнен қанат жаюда. Қызығушылық жоғары. Ауыл жастары бос жүрмей, футзалмен де шұғылдансын деп осы ғимаратты салдық. Пайдасын да, қызығын да ауыл тұрғындары көредi. Егер осы алаңнан бiр мықты футболшы шықса, мақсатыма жеттiм деп есептеймiн, – дейдi ол.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper