"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


БIР АЙДА – ЕКI АЛТЫН!

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 11:03
БIР АЙДА – ЕКI АЛТЫН!

 

Түркiстан қаласында ҚР волейбол федерациясының ұйымдастыруымен 2002–2003 жылдары туған жасөспiрiмдер арасында ел бiрiншiлiгi өттi. Оған 20 команда қатысты. Бес күнге созылған сайыстың финалында Оңтүстiк Қазақстан облысының өрендерi Шығыс Қазақстан облысының волейболшыларын 3:2 есебiмен жеңiп, Қазақстан чемпионы атанды.

Облыс құрамасы сапында Ордабасы ауданындағы «Төрткүл» орта мектебiнiң үш оқушысы, «Қарақұм» мектебiнен бiр оқушы және Бәйдiбек ауданы мен Кентау, Түркiстан қалаларының спортшылары өнер көрсеттi. Аға жаттықтырушы Марат Божбанбаев пен бiлiктi бапкер Ахан Ботабай бастаған жасөспiрiмдер сенiмдi ақтады.

Сондай-ақ, жуырда Шымкенттегi Қажымұқан атындағы орталық стадионда ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кубогы үшiн республикалық жарыс өттi. Ол сында негiзiнен «Төрткүл» жалпы орта мектебiнiң оқушыларынан құралған облыс құрамасы барлық қарсыластарынан басым түсiп, алтын медальға ие болды. Спортшылардың Шымкенттегi додаға қатысуына Төрткүлдегi «Нұр-Агро-73» мақта өңдеу зауытының директоры, аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Батырбеков қаржылай демеушiлiк жасады.

Беркiнбек ЖАҚЫПҰЛЫ. Ордабасы ауданы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper