"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«ТЕМIР ТҰЛПАР» ҚАРАҒАНДЫҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Сенбі, 18 Қараша 2017 10:43
«ТЕМIР ТҰЛПАР» ҚАРАҒАНДЫҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

 

Ғабит САПАРБЕКОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Шымкенттегi жеңiл атлетика манежiнде қазақ күресiнен Қазақ даласының батыры, даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы халықаралық турнир өттi. Дүбiрлi сынға Ресей, Тәжiкстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен елiмiздiң барлық облыстарынан дерлiк 216 спортшы қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында профессор Ерғали Мұхитдинұлы, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмiрзақ Мелдеханов сөз сөйлеп, балуандарға сәттiлiк тiледi. Жарыстың бас демеушiсi, Ордабасы ауданының әкiмi Рашид Қайыпжанов бұл турнирдiң тарихы тереңде жатқанын айтты.

 

Биылғы додаға «Қазақстан барысы» турнирiнiң жүлдегерлерi мен әлемдiк додалардың үздiктерi қатысты. Екi күнге созылған сайыста 55 келiде Нұртiлек Қаракесеков (Қарағанды), 60 келiде Сағындық Әшiм (Астана), 66 келiде Ержан Мағуаинов (Алматы қаласы), 74 келiде Ринат Махмутов (Жамбыл), 90 келiде Шухрад Арсланов (Өзбекстан) топ жарды. Нағыз сенсация 100 келi салмақ дәрежесiндегi сайыста тiркелдi. «Қазақстан барысы» турнирiнiң жеңiмпазы, шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов iрiктеу сынында ойламаған жерден алматылық Бауыржан Қабайдан жеңiлiп, жүлдеден шет қалды. Финалда Өзбекстаннан келген әлем чемпионы Илхом Жураевты жеңген Бауыржан турнирдiң чемпионы атанды. 100 келiден жоғары салмақ дәрежесiнде Алматы қаласынан келген Дәурен Нұралинов топ жарды. Бұл салмақ дәрежесiнде атақты балуандар Ержан Шынкеев пен Руслан Әбдiразақов жүлдеге iлiге алмады. Осыдан-ақ жарыстың тартысты өткенiн аңғаруға болады. Оңтүстiк Қазақстан облысы балуандарының нәтижесiне тоқталсақ, 82 келiде Әл-Фараби Бекқұлы чемпион атанса, Еркiнбек Бөлен күмiске иелiк еттi. Сонымен қатар 55 келiде Саржан Жұмадiллә күмiске қол жеткiзсе, Нұрсұлтан Мыңғышев (+100 келi), Қайсар Шамшиддинов (100 келi) сынды балуандарымыз қола жүлденi мiсе тұтты.

Жұртшылық асыға күткен «түйе балуандар» бәсекесiне 28 балуан қатысты. Дүбiрлi додада қарағандылық Ержан Шынкеевтiң мерейi үстем болды. Бұл жiгiт алғашқы сайыс күнi күшiн сақтап күрескен екен. «Түйе балуандар» сынында өте сауатты белдестi. Басты қарсыласы Руслан Әбдiразақовты екi бүк ұпайымен ұтса, одан кейiн Қайсар Шамшиддиновты таза ұтты. Дәурен Нұралинов финалға «тар жол, тайғақ кешумен» шықты. Алматылық балуан Қарағандының атақты спортшысы Асыл Бәрменовтi жеңдi. Одан кейiн өзбекстандық Илхом Жураевпен күрестi. Бастапқыда екi рет қателескен ол Илхомға жарты ұпай берiп қойды. Жанкүйер қиқуымен «есiн жиған» Дәурен ақыры жеңiске жеттi. Жартылай финалда Пәйiз Жамәдiлдi жеңгенiмен, финалда Ержанға шамасы келмедi. Қарағандылық балуан бүк ұпайымен жеңiске жеттi. Әдiлдiгiн айтар болсақ, финал жұрт күткендей қызық болмады. Дегенмен, жеңiстiң аты – жеңiс. Осылайша, Қарағандының қабыланы Ержан Шынкеев Қажымұқан турнирiнiң биылғы «түйе балуаны» атанды. Екiншi орынға Дәурен Нұралинов ие болса, қола жүлде оңтүстiкқазақстандық Пәйiз Жамәдiлге бұйырды.

«Түйе балуанға» автокөлiктiң кiлтiн Ордабасы ауданының әкiмi әрi жарыстың демеушiсi Рашид Қайыпжанов тапсырды. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған доданың жүлдегерлерiне медаль, диплом және ақшалай сыйлық тапсырылды.

Суреттi түсiрген О.Салхауұлы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper