"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ОҢТҮСТIК ДЕРБИI «ОРДАБАСЫНЫҢ» МЕРЕЙI ҮСТЕМ БОЛДЫ

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:25
ОҢТҮСТIК ДЕРБИI «ОРДАБАСЫНЫҢ» МЕРЕЙI ҮСТЕМ БОЛДЫ

 

Ғабит САПАРБЕКОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

10 қыркүйекте футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезектi тур ойындары өттi. «Ордабасы» командасы өз алаңында «Таразды» қабылдады. Бiр қуанарлығы, бұл кездесу Шымкенттегi Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өттi.

 

Ойын кешкi 19.00-де басталды. Стадионға жауапты мамандар уәделерiнде тұрыпты. Бюджеттен бөлiнген 204 миллион теңгеге Италиядан арнайы әкелiнген шамдар орнатылып, стадион кешке де жап-жарық болып тұрды. Оған жанкүйерлер қауымы ризашылықтарын бiлдiрдi. Бiрнеше ай бойы қаланың шетiндегi «Намыс» стадионында доп тепкен «Ордабасы» футболшылары да шамы жарқырап тұрған стадионда жанкүйерлерiн қуантуға бар күшiн салды. Бiрден шабуылға шығып, ойын тiзгiнiн қолдарында ұстады. Бiрiншi таймда жартылай қорғаушы Ковальчук он төрт метрдей жерден әдемi гол салып, командасына үш ұпай сыйлады. Тартысты кездесу 1:0 есебiмен аяқталды. Осы жеңiстен кейiн шымкенттiктер 48 ұпаймен турнир кестесiндегi үшiншi орынға нық жайғасты. Себебi, қола жүлдеден үмiттi «Тобыл» «Ордабасыдан» 10 ұпайға қалып келе жатыр.

Бiр әттеген-айы, матч бiткен соң мыңдаған жанкүйер көлiк таппай қиналды. Себебi, сағат 21.00-де қоғамдық көлiктер тоқтап қалған. Ал, таксилер жол ақысына қомақты ақша сұрайды. Сондықтан Шымкент қаласы әкiмдiгi «Ордабасы» өз алаңында ойнайтын күндерi қоғамдық көлiктердi кешке де жүргiзуге ықпал етсе... Жанкүйерлер осылай күбiрлеп бара жатты. Күбiрлемей, шымкентшелегендердiң де қарасы аз емес едi...

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper