"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ЧЕМПИОНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:12
ЧЕМПИОНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

 

Ерболат АЙНАБЕКОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев Гамбургте аяқталған бокстан әлем чемпионатының жеңiмпазы мен жүлдегерiн, олардың бапкерлерiн марапаттады. Марапаттау рәсiмi облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған «Денсаулық» фестивалi аясында өттi.

 

Өңiр басшысының арнайы сыйлығына әлем чемпионы Қайрат Ералиев, қола жүлдегер Жомарт Ержан және олардың бапкерлерi Мырзағали Айтжанов пен Нұркен Андасов ие болды. Гамбургте қазақтың көк туын желбiретiп, ел абыройын асқақтатқан Қайрат Ералиев пен ұлттық құраманың бапкерi Мырзағали Айтжановқа 4 миллион теңге сыйақы табысталды. Ал, әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған Жомарт Ержан мен ҚР еңбек сiңiрген жаттықтырушысы Нұркен Андасов 1 миллион теңгенiң сертификатын алды.

– Сiздер әлемдiк додада ел намысын қолдан бермей, биiк тұғырдан көрiндiңiздер. Алдағы уақытта да осы бағыттан таймай, биiк белестердi бағындырыңыздар, – деп атап өттi облыс әкiмi.

Фестиваль аясында жаяу жүру марафоны, флешмоб пен түрлi спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Денсаулық қалашығында» қала тұрғындары мен қонақтары дәрiгерлiк тексерiстен тегiн өтiп, кеңестер алды.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper