"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

«ЕНДIГI МIНДЕТ – МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРУ»

Жұма, 01 Қыркүйек 2017 15:29
«ЕНДIГI МIНДЕТ – МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРУ»

Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының бесiншi құрылтайында Елбасы шетелдегi және елге көшiп келген қандастарымызға қолдау көрсету мақсатында «Отандастар» қорын құруды тапсырған болатын. Бiз осы бастама жөнiнде қауымдастықтың Оңтүстiк Қазақстан аймақтық филиалы жетекшiсi Жарқынбек ТӨЛТЕБАЙДЫ әңгiмеге тартқан едiк.

– Жарқынбек Қастайұлы, Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының 5-шi құрылтайына барып қайттыңыз. Онда сырттағы ағайынды елге әкелудiң алдағы бағыт-бағдары айқындалды. Жалпы, құрылтай жайынан әңгiме айта отырсаңыз...

– Бұған дейiнгi құрылтайларға 30-дан аса алыс және жақын шетелдерден 400-700-ге жуық өкiл қатысатын. Биылғы басқосуға әлемнiң 39 елiнен 350 адам жиналды. Делегаттардың басым бөлiгiн зиялы қауым өкiлдерi құрады. Сондай-ақ, бұл жолы жастардың көп жиналғанын аңғардық. Құрылтай аясында «Жастар рухани жаңғыруды қолдайды» атты дүниежүзi қазақ жастары көшбасшыларының форумы өттi. Сонау 1992 жылдан бастау алған құрылтай бүгiнде әлемнiң түкпiр-түкпiрiнде тарыдай шашылған қазақтардың басын қосатын, өзара пiкiр алмасатын, сұхбаттасатын, сырттағы қандастардың тыныс-тiршiлiгiне үңiлетiн келелi басқосуға айналды. Бұл жолы делегаттар шеттегi ағайынның елiмiзде бiлiм алуы, бизнестiк серiктестiк туралы келелi әңгiмелер қозғады. Сонымен қоса, атажұртына қоныс аударған қандастарға медициналық көмек, кәсiпкерлiкке жол көрсету сынды мәселелер де биiк мiнбеден айтылды.

Бүгiнде әлемнiң 48 елiнде Қазақ ұлттық мәдени орталықтары бар. Қауымдастық олармен қарым-қатынасты тереңдете түсудi ойластырып жатыр.

– Осы жиында Елбасы шеттегi және Қазақстанға көшiп келген қандастарға көмек қолын созу үшiн «Отандастар» қорын құруды қолға алу керектiгiн айтқан болатын. Бүгiнде осы бағытта қандай тiрлiктер атқарылып жатыр?

– Иә, әлемдегi қандастарымыз бас қосқан осынау жиында «Шеттегi және елге көшiп келетiн ағайынды қолдау үшiн «Отандастар» қорын құрамыз. Қазақ бизнесмендерiн осы қорға өз үлестерiн қосуға шақырамын. Мұны ұйымдастыруды Құрылтай басшылығына, Президент Әкiмшiлiгiне және Үкiметке тапсырамын. Құрылған Қор Дүниежүзi қазақтары қауымдастығымен бiрлесiп, отандастарға жан-жақты қолдау мен көмек берудiң iс-шараларын анықтап, соған сәйкес кешендi бағдарлама әзiрлесiн. Ол бағдарламада қазақтың көшi мен алыстағы ағайынмен байланыстың барлық мәселелерi қамтылуы керек. Бағдарламаның басымдықтары мен мiндеттерi қор арқылы iске асырылатын болады» дедi Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгiнде қауымдастық төрағасының жаңа бiрiншi орынбасары Зауытбек Тұрысбеков осы қорды құрудың қамымен жүр. Әзiрге барлық iс-құжаттары дайын. Сонымен бiрге Елбасы осы жиында шетте жүрген жастардың қазақ тiлiн ұмытып бара жатқанын айтып, оларды әдебиеттермен қамтуды тапсырған болатын. Осы жерде айта кетейiн, жалпы, бүгiнде бiз көршi Өзбекстан Республикасындағы қазақ диаспорасымен тығыз байланыстамыз. Мәселен, Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығына өзiмiздiң отандық баспалар үйiнен әдеби, тарихи-танымдық, тағы басқа бағыттарда жарық көрген 1500 кiтапты тапсырдық. Сонымен бiрге, биыл Өзбекстандағы аталған орталықтың құрылғанына 25 жыл толуына орай облыс әкiмi Жансейiт Түймебаевтың қолдауымен арнайы делегация құрамында Ташкент қаласына барып қайттық. Мерекелiк iс-шарада Қазығұрт ауданы бүкiл жабдығымен киiз үй сыйлады. Сондай-ақ, шекаралас жатқан Сарыағаш, Мақтаарал ауданының өнерпаздары да әннен шашу шашып, өнер көрсетiп қайтты.

Жуырда елiмiздегi 51 жоғары оқу орнының өкiлдерi Ташкентте арнайы жәрмеңке ұйымдастырды. Мақсат – қазақ жастарын оқуға тартып, бiлiм беру.

– Жалпы, бүгiнде шетелдегi қазақтардың және осында көшiп келген оралмандардың тыныс-тiршiлiгi қалай?

– Шүкiр, қазiр ата жұртына қоныс аударған қандастардың жағдайы едәуiр жақсарды деуге болады. Ауған жерiндегi қазақтар Қазақстанға қарай көш басталғанда жалғыз-жарым түйiншегiмен келген екен. Қазiр олардың әрқайсысы тағы 1-2 отбасыны көшiрiп әкеле алатындай жағдайға жеттi.

Шетелдегi қандастарымыздың да жағдайы жаман емес. Жеке кәсiбi барларының кейбiрiнiң ол жақта да, Қазақстанда да үйi бар. Мәселен, өзiмiз көрiп жүрген Өзбекстандағы қазақтардың да тұрмысы ешкiмнен кем емес. Былтыр Ташкентте ақындар айтысын өткiздiк. Сол кезде залда 4500-ге тарта көрермен отырды. Түкпiрдегi алыс ауылдардан келгендер де бар. Демек, бұл халықтың әлеуметтiк жағдайы жақсы деген сөз.

Кезiнде облыста көшi-қон департаментi жұмыс iстедi. Ол жылдары департаменттiң де, одан қалса қауымдастықтың да жұмысы қызып тұрды. Себебi, ол уақыттары жаппай елге көшiп келу, оларды орналастыру, құжат, баспана, жұмыс мәселелерiн шешу қайнап жататын. Қазiр саябырсыды. Бiрдi-екiлi болмаса, бұрынғыдай жаппай көшiп келушiлер жоқ. Оның үстiне қоныс аударушылардың осы жақта жұмыс барысын, үй мәселесiн, құжатын реттеуге көмектесетiн немесе кеңес беретiн ағайындары бар. Ендiгi мәселе, мәдени-рухани байланысты күшейту болып тұр. Сондай-ақ, бүгiнде шеттегi кәсiпкер бауырларымызбен бизнестiк тұрғыда қарым-қатынасты жандандыруға күш салып жатырмыз. Өздерiңiз бiлесiздер, сырттан көшiп келген, әсiресе, Өзбекстаннан қоныс аударған қазақтардың 90 пайызға жуығы бiздiң облыста тұрақтап қалады. Соңғы уақыттарда халық көп шоғырланған өңiрлерден тұрғындарды еңбек ресурсы тапшы аймақтарға қоныстандыру мәселесi қолға алынған. Осыған байланысты өңiрiмiзден Шығыс Қазақстан облысына 52 оралман отбасы көшiп барды. Олар Тарбағатай ауданында «Мырзашөл» атты шаруа қожалығын құрып, 3 мың гектар жерге тамшылатып суару әдiсiмен егiн егiп, диқаншылықпен айналысуда.

Жуырда Павлодар қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетiлген тапсырмаларға орай «Ұлы Дала елi» атты этнофестиваль өттi. Оған Ресей, Монғолия, Қырғызстан және Өзбекстан елдерiнен арнайы делегаттар келдi. Кереку өңiрiнде екi күнге созылған осынау дүбiрлi тойдан зор әсер алып, шат-шадымен көңiл-күйде қайттық. Аталған фестивалдiң аясында ата жұртқа қандас бауырларымыздың оралғанына 25 жыл толуына орай түрлi iс-шаралар да ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы өзiнiң бағдарламалық мақаласында айтқандай, Ертiс-Баян елiнде өткен фестивалден қанымызда бар осы iзгi қасиеттердiң қайта түлегенiне куә болдық. Рухани азық алып қайттық.

– Әңгiмеңiзге рахмет!

Сұхбаттасқан Назгүл НАЗАРБЕКОВА, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper