"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


«МАҚСАТЫМЫЗ – ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ»

Жұма, 01 Қыркүйек 2017 15:26
«МАҚСАТЫМЫЗ – ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ»

 

Оңтүстiк Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органдарының Әдеп жөнiндегi уәкiлi Әмiрдин ӘЛIШЕВ: «МАҚСАТЫМЫЗ – ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ»

 

– Әмiрдин Мұхиденұлы, мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделiн енгiзу шеңберiнде елiмiзде мемлекеттiк органдарда Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес жаңа институт – әдеп жөнiндегi уәкiлдер институты енгiзiлдi, олардың арнайы Ережесi бекiтiлдi. Ендi мемлекеттiк қызметтi кәсiбилендiруде Әдеп жөнiндегi уәкiлдердiң рөлi қандай?

– Әдеп жөнiндегi уәкiлдер институтын нығайту халықтың мемлекеттiк органдарға деген сенiмiнiң артуына, мемлекеттiк қызметте өзара қатынастар мәдениетiнiң қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтiк әдеп нормаларын бұзуының алдын алуға мүмкiндiк бередi.

Қазiргi кезде 3 миллионға жуық тұрғыны бар Оңтүстiк Қазақстан облысында 8 мыңнан астам мемлекеттiк қызметшi, соның iшiнде жергiлiктi атқарушы органдарда 4,5 мыңдай мемлекеттiк қызметшi жұмыс iстейдi. Олардың мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама және қызметтiк әдеп нормалары талаптарын сақтауына ықпал ету жұмыстары әдеп жөнiндегi уәкiлдiң құзыретiне кiредi.

Әдеп жөнiндегi уәкiл – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi талаптары бұзылуының алдын алуды назарда ұстайтын, сондай-ақ өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретiн мемлекеттiк қызметшi. Бұған дейiн мен бұл мiндеттi облыс әкiмiнiң кеңесшiсi қызметiмен қатар атқарып келген болатынмын. Биылғы жаңалығымыз сол, Оңтүстiк Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органдарының Әдеп жөнiндегi уәкiлi өз алдына дербес лауазымды қызмет ретiнде бекiтiлiп отыр.

– Жоғарыда айтқан мақсат-мiндеттердi орындау жолында атқарған нақты жұмыстарыңызға тоқталып өтсеңiз...

– Әдеп жөнiндегi уәкiл қызметiне тағайындалғалы берi жылдық жұмыс жоспарын әзiрлеп, соны толықтай жүзеге асыруды дәстүрге айналдырдық. Атап айтқанда, жыл бойына барлық аудан, қалалардың әкiмдiктерi мен облыстық салалық басқармаларда мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында семинарлар өткiздiк. Жалпы, 2017 жылдың басынан 20 шiлдеге дейiн 56 iс-шара ұйымдастырдық. Оның 22-сi облыстың аудан, қалаларында өттi. Сондай-ақ, аймақтарда 12-20 шiлде аралығында 15 жиналыс өткiздiк. Ал, облыстық басқармаларда жалпы саны 16 семинар-кеңес ұйымдастырылды. Мұнан бөлек облыс әкiмдiгi мен облыстық мәслихаттың аппаратында және Түлкiбас ауданы, Балықты ауыл округiнде Әдеп кодексiнiң талаптарын түсiндiру жөнiнде семинарлар өткiздiк.

Осы iспеттi басқосу облыс әкiмiнiң аппаратында да өткен болатын. Айта кетейiк, 2017 жылдың басынан берi Әдеп кодексiнiң талаптарын түсiндiру мақсатында БАҚ-та 74 бейнесюжет, радиохабарлар мен мақалалар жарияланды.

– Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң тағы бiр мiндетi мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға өз өкiлеттiлiгi шеңберiнде кеңес беру, қажет болған жағдайда мемлекеттiк қызметшiлердiң де құқықтарын қорғау екенi белгiлi. Биыл Сiзге арыз-шағым немесе өтiнiш айтып келгендер көп болды ма?

– 2017 жылдың басынан берi мемлекеттiк қызметшiлер мен тұрғындар тарапынан 38 өтiнiш пен арыз-шағым келiп түстi. Оның 9-ы аудан, қалаларда өткен семинар кезiнде түссе, 6-ауы телефон, тағы 10-ы хат арқылы келген. Бұған қоса, өздерiнiң өтiнiшi бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi және басқа да азаматтарды облыс әкiмi аппараты ғимаратында айына кемiнде екi рет қабылдау ұйымдастырып келемiз. Осындай қабылдаулар кезiнде 13 азаматтың арыз-шағымдарын тыңдадық.

Арыз-шағымдар мен өтiнiштердiң мазмұны әртүрлi болып келедi. Мәселен, арызданушылардың бiрi Төлеби ауданындағы, ендi бiрi Кентау қаласындағы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi қызметкерлерiнiң дөрекi мiнезiн айтып шағымданды. Сондай-ақ, бiзге мемлекеттiк қызметшiлерге еңбекақы төлеудiң тәртiбi, аттестаттаудың қорытындыларына сәйкес қызметiн жоғарылату мәселелерi жөнiнде сауал қойғандар да болды. Әрине, қажет болған жағдайда құқықбұзушылыққа жол берген қызметкерлерге шара көру жөнiндегi ұсыныспен олардың басшылығына шығамыз. Бiрақ, Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң мiндетi бiреудi жазалау емес, заң талаптарын түсiндiру, сол арқылы заңбұзушылықтар мен түрлi келiспеушiлiктердiң алдын алу. Сол себептi шағымданған, сауал қойған азаматтарға өз құзыретiмiз шеңберiнде кеңес беремiз, мемлекеттiк қызметшiлерге Әдеп кодексiнiң талаптарын түсiндiремiз.

– Әңгiмеңiзге рахмет!

Сұхбаттасқан Айдар ҚҰЛЖАНОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper