"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

«ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕПIЛI»

Дүйсенбі, 28 Тамыз 2017 21:46
«ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕПIЛI»

ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Асылбек СМАҒҰЛОВ: «ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕПIЛI»

– 30 тамыз – ҚР Конституциясының қабылданған күнi. Адам құқығы мен бостандығына кепiлдiк беретiн Ата Заңымыздың қабылдануы, оған енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде кеңiнен тоқталсаңыз. Конституцияның елiмiздiң өсiп-өркендеуiндегi маңызы қандай?

– Ел егемендiгiн алған тұста қиын да күрделi кезеңдi бастан кештiк. Кеңес билiгiнiң өкiлеттi органы Жоғарғы Кеңеспен бiрге жаңадан қалыптасқан президенттiк институт өз жұмысын жандандырып келе жатты. Ол кездегi саяси ахуал өте күрделi болатын. 1992 жылдың басында жаңа Конституция қабылдау жөнiнде шешiм қабылданып, жұмыс тобы iске кiрiстi. Жоғарғы Кеңес депутаттарынан құралған конституциялық комиссияға Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзi басшылық еттi. Жобаны әзiрлеу барысында қызу пiкiрталас өрбiдi. Жоғарғы Кеңестiң консервативтiк бағыттағы топ мүшелерi ескi жүйенi сақтап қалуға тырысты. Жылға жуық уақыт iшiнде Конституция жобасы толық әзiрленiп, Жоғарғы Кеңес сессиясының қарауына жiберiлдi. Жалпы, Конституция мазмұны «Мемлекеттiк тәуелсiздiк туралы» Заңның ережелерi мен ұстанымдарына сәйкес айқындалды. Осылайша Қазақстанның толыққанды мемлекеттiк тәуелсiздiгiн конституциялық-құқықтық тұрғыдан ресiмдеу 1993 жылы 28 қаңтарда жүзеге асты. Әрине, ел еңсесiн тiктеп, қоғам дами бастағанда Конституциядағы кемшiлiктер байқала бастады. Демократиялық қайта құрулар ендi-ендi ғана жандана бастаған кезеңде Қазақстанды демократиялық мемлекет деп айту қисынға келмейтiн едi. Оның үстiне 1993 жылы қабылданған Конституцияда мемлекеттiң құқықтық және әлеуметтiк бағдары анықталғанымен, басқару түрi нақты көрсетiлмедi. Дегенмен, 1993 жылғы Конституция тәуелсiздiгiмiздi нығайтты. Халықаралық қауымдастықта Қазақстанды тәуелсiз мемлекет ретiнде таныды. Ал, 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық мемлекет құру жолындағы жаңа реформаларға жол ашты. Құқықтық мемлекеттi одан әрi дамытатын Конституциялық заңдар қабылданды. Сонымен қатар, 1998 жылы 7 қазанда Ата Заңымызға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар билiк жүйесiндегi өкiлеттi органның орны мен рөлiн нығайтты.

Айта кетейiк, әрбiр конституциялық жаңа реформа кезең-кезеңiмен, рет-ретiмен iске асты. Демек, азаматтардың ой-пiкiрлерi әрдайым ескерiлдi. Конституцияға енгiзiлетiн өзгерiстер де халықтың көкейiндегiсiн дөп басты.

– Асылбек Айжарықұлы, биыл да Конституцияға елеулi өзгерiстер енгiзiлдi. Өкiлдi органның құзырын кеңейтiп, Үкiметтiң дербестiгi мен жауапкершiлiгiн арттыратын өзгерiстер елдi елең еткiзгенi анық. Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетiнiң мүшесi ретiнде бүгiнгi заңдардағы өзгерiстерге не айтар едiңiз?

– Конституциядағы бұл өзгерiстердi елiмiз тәуелсiздiгiн алған жылдардан бергi саяси реформалардың логикалық жалғасы деп түсiнген жөн. Бiр сөзбен айтқанда, бұл өзгерiстер «қуатты президенттiк билiк, абыройлы парламент және мықты Үкiмет» деген формулаға саяды. Әрине, маңызды құжатты өзгерте салу оңай шаруа емес. Бұл ретте саяси сарапшылар мен заң өкiлдерiнiң пiкiрлерi ескерiлiп, тұрғындардың кең талқылауына ұсынылды. Басты құндылығы адам, оның құқықтары мен бостандықтары болып саналатын Ата Заңымызға өзгерiс енгiзерде Мемлекет басшысы белгiлi бiр мақсатқа жетудi дiттейтiнi анық. Ол мақсат – Елбасының өзi айтқандай, мемлекеттiк басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және ұзақ жылдарға арналған тұрақты саяси резерв жүйесiн құру. Яғни, саяси жүйенi жаңғырта отырып, мемлекеттiк басқарудың ашықтығы мен азаматтық қоғамның рөлiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Айта кетейiк, соңғы жылдары елiмiзде саяси партиялардың рөлi жоғарылап келедi. Ал, партия – демократиялық елдерде Конституцияның бөлiнбейтiн бөлiгi. Мұндай өзгерiстер Германия, Испания, Франция секiлдi елдердiң басқару жүйелерiнде орын алғанын айта кеткенiмiз жөн.

Елбасының конституциялық реформа қабылдаудағы шешiмi елдiң бүгiнi мен келешегiн, Мәңгiлiк Ел болуымызды тереңiнен ойлағандығы деп таныдық. Биыл Ата Заңымызға 26 өзгерiс енгiзiлдi. Сондай-ақ, Президент өзiне тиесiлi 35 түрлi билiгiн Үкiмет пен Парламентке бөлiп бердi. Мұның негiзгi мәнi де осы.

Мiне, Конституцияға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар қай кезеңде де қоғамды демократияландыруға, қоғамдағы өмiрдiң бүгiнгi ағымына сай Қазақстан қоғамын құруға септiгiн тигiзгенi даусыз. Алдағы уақытта да Ата Заңның абыройы асқақтап, ел дамуының негiзгi күшiне айналады деп сенемiн.

– Әңгiмеңiзге рахмет!

Сұхбаттасқан Дамира МОЛДАНАЗАРОВА, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper