"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

БУЫН АУРУЛАРЫНАН ҚҰТЫЛМАСАҚ ТА, ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ

Сенбі, 26 Тамыз 2017 15:49
БУЫН АУРУЛАРЫНАН ҚҰТЫЛМАСАҚ ТА, ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ

Аурудың жақсысы жоқ. Әсiресе, емi табылмай, қиналған шақта бiлiктi дәрiгердi iздейтiнiмiз ақиқат. Ақ халатты абзал жандардың iшiнде бойына шипагерлiк қасиет қонған небiр алтын қолды дәрiгерлер болады. Бiз сондай жанның бiрi, «Қазақ ревматология алқасы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы, Шымкент қаласындағы буын аурулары медициналық орталығының бас дәрiгерi Шоқан БаймҰхамедовПЕН осы саланың бүгiнгi жай-күйi төңiрегiнде әңгiмелестiк.

– Бүгiнгi таңда буын аурулары денсаулықты сақтау мәселесiнде қаншалықты маңызға ие?

– Ревматологиялық кеселдер адамды мүгедектiкке шалдықтыру салдары тұрғысынан әлемде бiрiншi орын алады. Егер жүрек-қан тамырлары ауруларынан науқас көп жағдайда өлiмге душар болса, ревмотологиялық аурулардың соңы мүгедектiкке алып келедi. Ревматоидты артрит, остеоартроз, подагра, қызыл жегi сияқты кеселдердi дер кезiнде емдемесе, түбiнде науқас еңбекке жарамсыз болып қалады. Мемлекет те экономикалық жағынан едәуiр шығынға батады. Бұл аурулар қоғамда кең тараған. Өйткенi, баршамыз жасымыз келгенде буындардың сырқырауынан қашып құтыла алмаймыз. Ревматологиялық аурулар екi топқа бөлiнедi. Бiрiншiсi, суық тиюден туындайды. Оған ревматоидты артрит пен құяңды жатқызуға болады. Мұндай кеселдерге көбiнесе жастар мен ересектер шалдығады. Екiншi топқа остеопароз бен остеоартроз кiредi. Онымен негiзiнен егде жастағылар ауырады. Статистика бойынша жалпы тұрғындардың 15-20 пайызы ревматологиялық ауруларға шалдыққан.

– Бұл кеселдердi емдеуде отандық медицинаның мүмкiндiктерi қандай?

– Бүгiнгi медицина буын ауруларын емдеп, жазуда үлкен жетiстiктерге жеттi. Өткен ғасырда ревматологтар науқастарды кеселiнен айықтыруда әлсiз едi. Мәселен, құяңмен ауырғандардың тең жартысын 10 жылдан соң айықпас дерт ажал құштыратын. Қалған жартысы өмiр бақи мүгедек боп қалатын. Қазiр ревматологиялық ауруларды емдеудiң жаңаша тәсiлдерi дүниеге келдi. Гендi-инженерлi-биологиялық терапияның арқасында ревматоидтi артриттi жазуға мүмкiндiк туды. Мұнда ең бастысы диагнозды дұрыс қоя бiлу керек. Егер алғашқы алты айда немесе бiр жылда науқастың ревматоидты аурумен ауыратындығы анықталса, оны емдеу де, ушықтырмай бiрқалыпта ұстап тұру да оңай. Өкiнiштiсi, мұндай дерттен толықтай құтылу мүмкiн емес. Тек ұзақ мерзiмдi терапияны қабылдаудың арқасында ғана ауруды асқынудан сақтаймыз.

– Ендеше, сiздердiң медициналық орталықтарыңыздың емдеу мәселесiнде ұсынар қандай тиiмдi тәсiлдерi бар?

– Бiздiң клиниканың ашылғанына 5 жылдан асты. Бүгiнде осы медициналық орталықтан ем iздеп келiп жатқан науқастар саны күннен-күнге артуда. Қазiргi таңда күндiзгi стационарда 50 науқас ем қабылдап жатыр. Бiр айда орта есеппен 130-дай адам емделедi. 200 науқасқа консультациялық кеңестер берiледi. Халықтың бұл медициналық орталыққа көбiрек жүгiнуi мұнда диагноздар дәл қойылатындығына байланысты дер едiм. Кез келген ревматологиялық ауруларды тиiмдi емдеудiң алғышарты – ол дұрыс қойыла бiлген диагноз. Бұл тұрғыдан бiздiң клиника Қазақстан бойынша ревматология саласындағы ең озық емдеу мекемесiнiң бiрiне кiредi. Мәселен, кейбiр диагностика түрлерi тек бiзде ғана бар. Соның бiрi – капилляроскопия. Ол өте күрделi ауруларды анықтауға көмектеседi. Осы емдеу мекемесiнде жұмыс iстейтiн дәрiгер Шосаид Махмудов ағылшын тiлiн оқып үйренiп, Италиядағы әйгiлi капилляроскопия жөнiндегi халықаралық орталықта бiлiмiн жетiлдiрiп қайтты. Бiз сондай-ақ поризациялық микроскопия тәсiлiн енгiздiк. Бұл әдiс Қазақстанның ешбiр клиникасында әлi қолға алынбаған. Осы диагностиканың көмегiмен подагра жылдам анықталады. Әлемде поризациялық микроскопия подаграға байланысты диагноз қоюдың ең тиiмдi тәсiлi болып саналады. Бiз, сонымен бiрге, отандық және шетелдiк ревматологтармен әрдайым бас қосып, саладағы түйткiлдi мәселелердi бiрге шешуге тырысамыз. Шетелдiк мамандар медициналық орталығымызға келiп, науқастарға консультация берсе, бiз де өз тарапымыздан емдеу әдiстерi бойынша кеңесiп, тәжiрибе бөлiсiп тұрамыз. «Қазақ ревматология алқасының» құрамында бүгiнгi таңда 100 ревматолог бар. Сонымен қатар, Еуразиялық ревматологтар қауымдастығына да мүшемiз.

– Жалпы, бұл кеселге шалдықпау үшiн не iстеу керек?

– Қартайған шақта пайда болатын аурулар – ұзақ жасағандықтың өтеуi. Егер сiз жүзге дейiн өмiр сүрер болсаңыз, буын ауруларынан бәрiбiр айналып өте алмайсыз. Алайда, дерттiң адамды қаншалықты меңдейтiндiгi өзiнiң жас кезiндегi денсаулығын күтуiне байланысты. Егер адамда артық салмақ болмаса, салауатты өмiр салтын ұстанса, үнемi қозғалыс үстiнде жүрсе, ондай жағдайда әлбетте ауруға ерте шалдығу қаупi азаяды және ауырған күнде де оны бақылауда ұстап тұру оңай болады. Кальций микроэлементi адам ағзасына 15-20 жасқа дейiн жинақталады. Кейiнгi ғұмырда сол қордаланған кальцийдi жұмсаймыз. Өйткенi, ағзамыз 20 жастан соң бойына кальций жинамайды. Сол себептi, сүйегiмiздiң берiктiгi жастық шақта жиған кальцийдiң мөлшерiне байланысты болып келедi. Бүгiнгi таңда, өкiнiшке қарай, жастарымыз ағарғанның орнына газды сусындарды көбiрек iшедi. Ол ағзадағы кальцийдi шайып жiбередi. Сондықтан ата-аналар осыған мән берсе дейсiң. Бұрын остеопарозбен, яғни сүйектiң морт сынғыштығымен әйелдер – 40, еркектер 60 жастан кейiн ауыратын. Қазiр бұл ауру жасарып барады. Жасы қырыққа ендi толған ерлер мен әйелдердiң арасынан остеопарозға шалдыққандарды жиi кездестiруге болады. Сүйектiң жұмсақтығы омыртқааралық жарықтың пайда болуына да тiкелей әсерiн тигiзедi. Бұл кеселмен де бүгiнгi таңда адамдардың көпшiлiгiнiң ауырып, қиналып жүрген жайы бар. Сондықтан спорттық жеңiл жаттығулар жасап жүрудi дағдыға айналдырып, жеп отырған тамағымызға көңiл бөлiп, денсаулыққа зиянды нәрселерден аулақ болғанымыз жөн.

– Ой бөлiсiп, әңгiмелескенiңiзге рахмет!

Сұхбаттасқан Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper