"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

«УӘКЕҢ ТҰРҒАНДА ТАҚЫРЫП ТАПШЫЛЫҒЫН СЕЗIНБЕЙМIЗ»

Сейсенбі, 22 Тамыз 2017 10:08
«УӘКЕҢ ТҰРҒАНДА ТАҚЫРЫП ТАПШЫЛЫҒЫН СЕЗIНБЕЙМIЗ»

Марат ОРАЗМЕТОВ, облыстық әзiл-сықақ және сатира театры директорының орынбасары: «УӘКЕҢ ТҰРҒАНДА ТАҚЫРЫП ТАПШЫЛЫҒЫН СЕЗIНБЕЙМIЗ»

– Марат Өмiрханұлы, таяуда он жылдығын тойлағалы отырған ұжымыңыз бүгiн Х театр маусымын ашпақшы. Он жыл онша көп уақыт болмағанымен, осы уақыт iшiнде жас театрдың аға буын театрлармен деңгейлес алдыңғы лекте келе жатқаны қуантады. Ендеше, өнер ұжымының өткенi мен бүгiнiнен сыр шертсеңiз.

– Көрермендерiнiң сүйiспеншiлiгiне бөленiп үлгерген сатира театрының iргетасын қалап, қосын тiккендер бар қазаққа әйгiлi «Шаншар» әзiл-оспақ театрының өнерпаздары екенi көпшiлiкке аян. Өнер ұжымы «Шаншардың» негiзiнде құрылғанымен, талантты жастарымыз өнердегi өз өрiстерiн тауып, сатира театрының өзiндiк қолтаңбасын қалыптастыра алды. Елiмiздегi сазды-думанды қойылымдарды ұсынатын мемлекеттiк жалғыз театр болғандықтан, сахнаға көрермен көңiлiн көтеретiн әзiл-сықақты ғана алып шықпай, бiрнеше рет классикалық дүниелердi де сахналадық. Бұл жәйт актерлердiң шеберлiгiн арттырып, үйреншiктi қалыптан шығуға көмектестi. Мәселен, бiз сахналаған Р.Кунидiң «Он үшiншi номер» комедиясы мен А.Вампиловтың «Метранпаж деген не?» трагикомедиясы театртанушылар тарапынан жоғары бағаланды. Қойылымдарымыз жеңiл әзiл-күлкiге емес, философиялық мағынасы терең ойға құрылады. Биыл Жұмат Шаниннiң 125 жылдығына арналған театр фестивалiнде К.Гольдонидiң «Екi мырзаға – бiр қызметшi» комедиясы Өзбекстанның еңбек сiңiрген әртiсi Алимжон Салимовтың режиссерлiгiмен сахналанды. Сахнаның тарлығына қарамастан декорацияны ұтымды пайдаланып, көрермен көңiлiнен шыққан ғажап дүние жасадық десем, артық айтқандық емес. Қазылар алқасы қойылымға әдiл бағасын берiп, 3-орынды иелендiк. Әрине, актерлерiмiз комедияға ойнауға бейiм болғанымен, ара-тұра драмаға да қол созып қоямыз. С.Тұрсынбекұлы мен О.Қожамбердиевтiң «Барон» психологиялық драмасы сәттi қойылса, Р.Отарбаевтың «Қараша қаздар қайтқанда» тарихи драмасы облыстық театр фестивалiнде «Көрермен көзайымы» номинациясын еншiледi.

Соңғы кезде театр мамандары қойылымдарымыздағы режиссерлiк шешiмнiң тосындығын, жаңашылдығымызды жоғары бағалауда. Мысалы, Уәлибек Әбдiрайымовтың «Базарыңның барында...», «Ұстазым менiң», «Аралас-құралас», Д.Исабековтiң «Бонапарттың үйленуi», Ғ.Қаппаровтың «Өгiзбайдың отбасы» сазды-думанды қойылымдары режиссуралық шешiмдерiнiң сонылығымен айшықталған туындылар.

– Кейбiр әрiптестерiңiз «театрға көрермен келмейдi» деп өкпе айтады, Сiздерде бұл мәселе қалай шешiмiн тапқан?

– Уәкең бастаған өнерпаздарымыз сазды-думанды қойылымдарды терең дамытып, театрдың ақылы қызметiне мол үлес қосып жүр. Соның нәтижесiнде алты айлық жоспарды асыра орындадық. Әртiстерiмiз елiмiзде ғана емес, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерiне гастрольдiк сапармен барып, өнер көрсетуде. Халықтың көкейiнен шығатын өзектi мәселелердi сатириктер жазып бередi деп күтiп отырмай, Уәкең қашаннан берi сол тақырыптарды өзi қаузап келедi. Өйткенi, мұндай актуальдi тақырыптарға өзге театрлар да сусап отыр. Мәселен, бiз жыл сайын Бiлiм күнi қарсаңында дәстүрлi «Ұстазым менiң» қойылымын түрлендiрiп ұсынамыз. Биыл да осы дәстүр жалғасын тауып, бағдарламаны жаңаша нұсқада жасадық. Өйткенi мектепте бала оқыту, ҰБТ төңiрегiндегi келеңсiздiктер жыл өткен сайын асқына түспесе, кемитiн түрi байқалмайды. Көптiң көкейiндегi осындай келеңсiз жағдайларды әзiлмен тұздықтап беруде Уәкеңнiң шеберлiгiне сенемiз. Уәкең тұрғанда тақырып тапшылығын сезiнбеймiз.

Мақтанды демеңiз, театрға көрерменнiң келуi бiз үшiн проблема емес. Бiр-бiрiнен есiтiп келетiндерi бар, кассадан арнайы билет сатып алатындары бар, әйтеуiр көрерменсiз болмаймыз. Бұрын әр мекемеге барып жалынатын едiк, бүгiнде өзiмiздiң тұрақты көрермендерiмiздi таптық. Ақылы қызметтен жоспарды асыра орындағанның арқасында ғимаратымызға қосымша құрылыс жүргiзiп, қажеттi бөлмелердi салып алдық. Облыс әкiмiнiң қолдауымен театрымызға автобус берiлдi. Айта берсек, жақсы жаңалықтарымыз аз емес.

Ұжымымыз облыс көлемiнде қайырымдылық концерттердi көптеп ұйымдастырады. Жыл басында Мақтаарал ауданы мен Түркiстан қаласына гастрольдiк iссапармен барғанда әлеуметтiк көмекке мұқтаж жандарға арнап Уәкеңнiң «Базарыңның барында» сазды-думанды қойылымын қойдық. Көктемде Шардара қаласындағы аудандық мүгедектер үйiнде, Арыс қаласындағы «Т.Тәжiбаев атындағы отбасы үлгiсiндегi балалар ауылында» қайырымдылық iс-шаралар өткiзiп, концерт бердiк. Осындай iс-шараларда мүмкiндiгi шектеулi жандарды көп қамтуға тырысамыз. Алдағы уақытта да қойылым сайын әлгiндей мекемелердiң әрқайсысынан 20-30 баланы қамтимыз деп отырмыз.

– Алдағы жоспарларыңызбен бөлiссеңiз...

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында таяуда Өзбекстан мемлекетiне ауқымды концерттiк бағдарламамен гастрольге барамыз. Сондай-ақ, режиссер Алимжон Салимовтың мерейтойына К.Гольдонидiң «Екi мырзаға – бiр қызметшi» комедиясымен қатысып, көршi елдегi қандастарымызға концерттiк бағдарлама ұсынамыз. Елбасының мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында әртiстерiмiз туған жерiне барып, жерлестерiне концерт қоюда. Жүсiп Ақшора отырарлықтарға концерт қойып келсе, Мақсат Айтжанов жақын арала Арыс қаласына аттанады.

Тамыз айының соңында ЭКСПО көрмесi аясында облыстың Астанадағы мәдени күндерi өтедi. Осыған орай Оңтүстiктен шыққан сатира театрлары мен өнерпаздардың басын қосып «Оңтүстiктiң әзiлдерi» бағдарламасын жасадық. Соңғы кездерi әлемдiк театр өнерiне көптеген жаңалықтар, өзгерiстер, жаңа технологиялар енуде. Декорацияны графикамен, жарықтың көмегiмен жасау деген сияқты. Шаниндiк өнерпаздар ЭКСПО-ға осындай жаңалықпен барады. Егер қойылымда гала-грамманы пайдалану оң нәтиже берсе, алдағы уақытта барлық театрға осындай технологияны ендiрмекшi.

– Айтпақшы, Мақсат Айтжанов екеуiңiз ЭКСПО-ға ән арнаған едiңiздер?

– Иә, Мақсатпен бiрiгiп жазған «ЭКСПО–2017 Жаһанның жаңалығы» атты әнiмiз алғаш рет Шымкентте тойланған мәдениет қызметкерлерi күнi мерекесiнде орындалған. Мәдениет саласының басшылары осы әндi облыстың Астанадағы мәдени күндерiне тосынсый ретiнде апарғалы отыр. Бұл әндi орындауға хор ұжымы қатысады. Ал, 8-12 қыркүйек аралығында Астана қаласында Мәдениет министрлiгiнiң қолдауымен әйгiлi театртанушы, марқұм Әшiрбек Сығай атындағы республикалық театр фестивалi өтедi. Осы сайысқа И.Содиковтың «Әпендiнiң бес қатыны» қойылымын апармақпыз.

– Әрдайым шығармашылықтың шыңынан көрiне берiңiздер. Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Үмiтхан АЛТАЕВА, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper