"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

«МАҚТАШЫЛАР БIЗГЕ АРҚА СҮЙЕЙДI»

Бейсенбі, 17 Тамыз 2017 10:12
«МАҚТАШЫЛАР БIЗГЕ АРҚА СҮЙЕЙДI»

«Корпорация Ақ алтын» ЖШС президентi Айдархан ӨТЕНҰЛЫ:

«МАҚТАШЫЛАР БIЗГЕ АРҚА СҮЙЕЙДI»

Биыл Мырзашөл өңiрiндегi байырғы кәсiпорындардың бiрi – «Корпорация Ақ алтын» ЖШС-нiң құрылғанына жарты ғасыр толып отыр. Мақтаарал ауданының әлеуметтiк-экономикалық дамуына елеулi үлес қосып, жергiлiктi тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған серiктестiктiң тарихы тереңде жатыр. Осынау iргелi кәсiпорында 47 жылдан берi үздiксiз жұмыс iстеп, ұжымды 33 жылдан берi басқарып келе жатқан, үш мәрте Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатына депутат болған, облыстың және Мақтаарал ауданының құрметтi азаматы, «Құрмет» орденiнiң иегерi, «Қазақстанның еңбек сiңiрген қызметкерi» Айдархан ӨТЕНҰЛЫ ағамыздың сiңiрген еңбегi зор.

– Айдархан Өтенұлы, елiмiз тәуелсiздiк алған кезеңде зауыт «Ақ алтын» акционерлiк қоғамы, кейiн жекешелендiрiлген акционерлiк қоғам болып құрылды. Бұдан соң өндiрiс орнының жұмыс ырғағы өзгердi ме? Нарық талабына сәйкес қандай жаңа жұмыстар қолға алынды?

– Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары өзге республикалармен экономикалық байланыстар үзiлiп, ақша құнсызданып кеттi. Сонда шырылдаған шаруалардың арқа сүйерi бiз сияқты дайындау мекемелерi болғанын бiлесiздер. «Жар басындағы жантақты жанынан безген нар жейдi» деген рас екен. Мақта еккен диқандарға тәуекелге барып, банктерден несие алып бердiк. Олар жерiн жыртып, мақтасын өсiрген соң өнiмдерiн осы зауытқа өткiзедi. Мақтаны тазалап талшық етiп беремiз. Сату жағы шаруаның мойнында. Бiз тек қызмет көрсетемiз. Сол үшiн ақы аламыз. Осылайша шаруа да, бiз де пайдаға кенелiп отырмыз. Бiр-бiрiмiздi өстiп демемесек болмайды. Өйткенi, нарық заманының талабы сондай.

Киров мақта тазалау зауыты 1993 жылы ашық акционерлiк қоғам болып қайта құрылса, 1996 жылы акционерлiк қоғам болып өзгертiлдi.

Шаруаларды бәсекелес ортада өнiм өндiруге үйреттiк. Акцияның 30 пайызы зауыттыкi, 70 пайызын шаруаларға бөлiп бердiк. Диқандарға мақта талшығын сатып беруге жәрдемдестiк. Әлi де осы бағытта жұмыс iстеп келемiз. Бар-жоғы 5–10 гектар жерге ие ұсақ шаруа қожалықтары iрiленiп, 100-200 гектар егiстiгiмен бiздiң зауытқа акционер болуға ұмтылса, iсiмiз бұдан да iлгерiлейдi деп ойлаймын.

– Ауданда ондаған мақта тазарту зауыты бар. Бiрақ, солардың iшiнде мақташылардың «Корпорация Ақ алтын» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне, оның басшысы Сiзге деген ықылас-пейiлi, құрметi ерекше. Жыл сайын күзде «Ақ керуен» мерекелiк шарасы осында өтедi. Мақта бағасы да ең бiрiншi осы арада жарияланады. Бiр сөзбен айтқанда, мақташы қауым Сiзге көбiрек арқа сүйейдi, жанашыр, қамқоршы деп бiледi. Мұның сыры неде?

 – Бiрiншiден, өзiңiз айтқандай, мақташылардың бiзге деген ықылас-пейiлi, құрметi ерекше болғанына ризамыз. Ол тек менiң ғана емес, тұтас ұжымның адал еңбегiнiң нәтижесi деп бiлемiн. Алдағы кезде де шаруалар үшiн қызметiмiздi аямаймыз. Оларға ең алдымен мақта шитiн сапалы дайындап беремiз. Екiншiден, қаржы жағынан көмек көрсетемiз. Осыдан үш жыл бұрын бiзбен бiрлесiп жұмыс iстеп жатқан халықаралық фирманың күшiмен төрт жүйектi 40 американдық «Джон-Дир» комбайнын сатып әкелдiк. Содан берi шаруалардың мақтасын комбайнмен терiп беремiз. Қызмет ақысы онша қымбат емес. Ең бастысы, шаруалардың жұмысы жеңiлдеп қалды. Сондай-ақ, мақтаны еш кедергiсiз қабылдап, сортын сараптаймыз. Қажет болса, өнiмдi сақтап та беремiз. Мақта талшық күйiнде сатылса, бағасы қымбат болады, осыны диқан қауымына үнемi ескертiп отырамыз.

Иә, жылда күзде «Ақ керуен» iс-шарасы бiзде ұйымдастырылады. Оны күлiп-ойнап, жарқын көңiлмен өткiзуге тырысамыз. Менiң зауытпен байланысты болған 47 жылғы ғұмырымның барлығында да мақташылар тойы елеусiз қалған емес. Бұл бiз үшiн бiр дәстүр. Жарты ғасырға жуық жалғасып келе жатқан сол дәстүрдi бұзғымыз келмейдi. Зауыттың қалыптасуына аға буын өкiлдерi көп тер төктi. Бүгiнде олардың көпшiлiгi арамызда жоқ. Сол кiсiлердiң әруақтарына арнап Құран бағыштаймыз. Мақташылардың көңiлiн күптi ететiнi мақта бағасы екенi белгiлi. Сондықтан бағаның шаруаларға тиiмдi болатын жағын қарастырамыз.

Шараны басқалар өткiзуге құлық танытып жатса, мархабат. «Киiмнiң жаңасы, достың ескiсi жақсы» демей ме?! Бiз мақташылармен бұрыннан келе жатқан сыралғы достармыз. Және әрқашан достыққа адал, берiк болып қала беремiз. Мақташылар тойы осының бiр дәлелi iспеттi. Мұндағы бар құпия сол ғана. Әйтеуiр, бiзге диқанның көңiл-күйi түспесе, жұмысын iстеп, елге пайдасын тигiзсе болғаны.

– Биыл зауыттың құрылғанына елу жыл толуына орай тарихтан сыр шертетiн музей ашпақшы екенсiздер...

– Ойлап отырсам, биыл осы зауытта алғашқы еңбек жолымды бастағаныма 47 жыл болыпты. Оның 14 жылында бас инженер, қалған уақыттың барлығында да басшы болып қызмет атқардым. Бұл жер маған тек құт-береке әкелдi. Осында еңбек етiп жүрiп балалы-шағалы болдым. Құдайдың берген 5 ұл-қызын тәрбиелеп өсiрiп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырдық. Өзiм Елбасының Жарлығымен елiмiздiң ең жоғары наградаларының бiрi –«Құрмет» орденiмен, бiрнеше медальдармен марапатталдым. «Қазақстанның еңбек сiңiрген қызметкерi» деген атақ алдым. Сондай-ақ, үш рет облыстық мәслихатқа депутат болып сайландым. Оңтүстiк Қазақстан облысының және Мақтаарал ауданының құрметтi азаматымын. Осының бәрi де еткен еңбегiме қарай берiлген баға деп бiлемiн. Сол үшiн де ел-жұртыма ризамын.

Рас, бұл жетiстiктерге мен жалғыз өзiм жеткен жоқпын. Биiк мәртебелерге ие болуым тек ұжымның арқасы. Солардың iскерлiгi, өз мiндеттерiне деген адалдығы менi бүгiнгi дәрежеге жеткiзген. Мәселен, күнi кеше ғана арамызда жүрген Социалистiк Еңбек Ерi, әйгiлi мақташы Дiнәсiлбек Бөрiбеков ағамыз «Қызылқұм» мақта қабылдау бекетiнiң меңгерушiсi болып iстедi. Қан майданнан от кешiп оралған кешегi ағаларымыз Жұрынтай Кешубаев, Андрей Леонтьевич Гайдуков, Мәлiк Бижiгiтов, Болат Колчанов, Манап Сұлтанмұратов, Ұлықбек Мырзабеков, Елеусiз Сабыровтың жарқын бейнесi, еңбек даласында жасаған ерлiктерi әлi күнге шейiн көз алдымызда.

 – Сөзiңiздiң соңында ынтымағы ырысқа, бiрлiгi берекеге ұласқан корпорация ұжымының бүгiнгi тыныс-тiршiлiгi туралы әңгiме өрбiтсеңiз.

 – Бүгiнгi нарық заманында өндiрiстi дамыту арқылы ғана экономикамызды iлгерiлетiп, халықтың әл-ауқатын жақсарта аламыз. Қазiр жыл сайын 25 мың тонна мақта қабылдап, өңдеп жатырмыз. Ауданда тұқымдық шиттiң 70-80 пайызын бiздiң кәсiпорын дайындайды. Корпорация иелiгiндегi 400 гектар жерге мақта, жүгерi, жоңышқа, тағы да басқа дақылдар егiп, тәп-тәуiр өнiм алып жүрмiз. Сондай-ақ, тауарлы-сүт фермасында 200 асыл тұқымды iрi-қара мал өсiремiз. Сүттi сиырларды бөлек бағамыз. Бiрнеше жылдан берi сүт өңдеу цехын iске қостық. Өндiрген өнiмдердi дүкен-базарларға, балабақша, ауруханаларға өткiземiз. 1,5 гектар жылыжайда қызанақ, қияр өсiрiп жатырмыз. Елдi мекендерде шаруалардың өнiмiн қабылдайтын 19 мақта қабылдау бекетi бар. Оларға жыл сайын 10-15 мың тонна мақта өткiзiледi. Бекеттер техникалық жабдықтармен толық қамтылған. Корпорацияда бүгiнде мыңға тарта азамат жұмыс iстейдi. Бiздiң басты мiндетiмiз – олардың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын жақсарту, өмiр сүрулерiне барынша қолайлы жағдай жасау. Осы мақсатқа орай зауыт құрылған шақтан берi 100-ге тарта тұрғын үй, бiрнеше екi қабатты коттедждер салынды. Сонымен бiрге, 140 орынды балабақша бой көтердi. Қазiргi кезде «Зауыт» мөлтекауданында 220-дан астам отбасы тұрады. Шағынауданның газ, ауызсу, жол мәселесi толық шешiлген.

– Әңгiмеңiзге рахмет!

Сұхбаттасқан Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ, «Оңтүстiк Қазақстан». Мақтаарал ауданы.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper