"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

«БIЗДIҢ ЗАМАНДАСТАР ҰЯҢДАУ...»

Жұма, 11 Тамыз 2017 20:14
«БIЗДIҢ ЗАМАНДАСТАР ҰЯҢДАУ...»

Бүгiн – халықаралық жастар күнi. Осы айтулы датаға орай, өңiрiмiзде жастар саясатын жүзеге асыруға арналған шаралардың барысымен танысу мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi басқарманың басшысы Балмаржан НАРБЕКОВАНЫ әңгiмеге тартқан болатынбыз.

 --- Бүгiнде облыс тұрғындарының 762 мың 124-i жастар, яғни 14 пен 29 жас аралығындағылар. Олардың 333 212-i қалада, 428 912-i ауылда тұрады. Сондықтан ауыл-аймақтарға жиi баруға тырысамыз. «Ауыл балалары  жастар орталықтарына бара ма? Елiмiзде жастарға қолдау көрсету мақсатында iске асырылып жатқан бағдарламаларды бiле ме?» деген сұрақтарға жауап iздеймiз. Бiр байқағаным, бiздiң жастар ұяңдау, тiптi жасқаншақтау. Өз ойларын әлi де ашық айта бермейдi. Көбiсi осындай кездесулерден кейiн әлеуметтiк желiлер арқылы хабарласып, идеяларымен бөлiсiп жатады.

Басқармада қолға алынған жобалардың басым бөлiгi жастардың өзiнен шықты. Мәселен, «Алтын дауыс» жобасы өнерлi балалардың  басын қосып, олардың шабыттарын оятуға ықпал еттi. Халықаралық жастар күнiне орай Жастар ресурстық орталығында жобаның қорытынды концертiн берудi жоспарлап отырмыз. 

--- Жасыратыны жоқ, ауыл жастарында диплом бар, бiрақ, жұмыс жоқ. Сiздi бұл мәселе толғандыра ма?

--- Өткен жылдың бiрiншi тоқсанында жұмыссыздық деңгейi 4,4 пайыз болатын. Биыл бұл көрсеткiш 3 пайызды құрап отыр. Яғни аз да болса төмендегенiн көруге болады. Шынын айтайын, жекеменшiк кәсiпорындардан бiлiмдi әрi белсендi жастарға сұраныс көп келедi. Олардың талабы да, жалақысы да жоғары. Өз басым 12 жастың осындай жақсы жұмысқа орналасуына жәрдемдестiм.

Қазiргi таңда басқарма тарапынан өңiрiмiзде салынып жатқан әлеуметтiк нысандарға жұмыссыз жастарды тарту жөнiнде ұсыныс бiлдiрудемiз. Айта кетейiк, облыста 116 200 студент бар. Биыл «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 63,1 млн. теңге бөлiнiп, 1275 жас көгалдандыру шараларына атсалысты. «Құрылыс жасақтарында» құрылыс мамандығында бiлiм алатын 600 студент еңбек еттi.   

Ауыл жастары арасында оқудан шығып қалғандар да аз кездеспейдi. Бiз мұндай азаматтарға да көмектесудемiз.

2017 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 966 адамға 153 840 мың теңге көлемiнде бiржолғы көтерме жәрдемақы қарастырылған.  Осы бағдарламамен 673 жас маман жұмысқа орналасты. Оның 540-ы бiлiм беру, 104-i денсаулық сақтау, 5-еуi спорт, 7-еуi мәдениет, 1-еуi әлеуметтiк қамсыздандыру саласында еңбек етуде. Ал, қалғандары агроөнеркәсiптiк кешенде жұмыс iстейдi.

Мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн 720 861 мың теңге бөлiнiп, соның нәтижесiнде 214 жас баспаналы болды.       

—  Шымкенттегi Жастар ресурстық орталығы түнгi 10-ға дейiн жұмыс iстейдi екен...

— Қалталы азаматтар жұмыстан кейiн киноға барып, кештерiн көңiлдi өткiзiп жатады. Ал, қарапайым адамдар қайда барады? Әсiресе, жастар жұмыстан, сабақтан соң уақыттарын қалай өткiзедi? Немен шұғылданады? Осы  сұрақтарды күн тәртiбiне қою арқылы облыс әкiмi мәселенi шешудi тапсырды. Осыған орай, Шымкенттегi Жастар ресурстық орталығы алдына теннис ойнайтын үстелдер орнаттық. Онда кез келген жас кешқұрым барып, спортпен шұғылдануына болады. Сонымен қатар, орталықта робототехника кабинеттерi ашылды. Домбыра, би үйiрмелерi де бар.

Облыс әкiмiнiң бастамасымен қолға алынған «Туған жер» бағдарламасы бойынша 14 тамыз күнi 50 жас Астана қаласына саяхат жасауға жолға шығады. Осы бағдарлама бойынша өңiрiмiзде «Өлкетану» жобасы жүзеге асырылуда. Соның аясында 10 мыңнан астам мектеп оқушысы өңiрiмiздегi киелi орындарды өз көздерiмен көрiп қайтты. Бұл жұмыстар қыркүйек айында тағы да жалғасады.

-- Әңгiмеңiзге рахмет!

Сұхбаттасқан Дилара БИМЕНОВА, «Оңтүстiк Қазақстан». 

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper