"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«ӨМIРДЕ ШЕГIНУГЕ БАРСАҢ ДА, САТҚЫНДЫҚҚА БАРМА! ЕШҚАШАН!»

Дүйсенбі, 07 Тамыз 2017 10:04
«ӨМIРДЕ ШЕГIНУГЕ БАРСАҢ ДА, САТҚЫНДЫҚҚА БАРМА! ЕШҚАШАН!»

Жазушы Төлен ӘБДIКОВ:

«ӨМIРДЕ ШЕГIНУГЕ БАРСАҢ ДА, САТҚЫНДЫҚҚА БАРМА! ЕШҚАШАН!»

 

 

 

Жаман әрекет тек жаман ойдан туады

— Денсаулығыңыз қалай, Төлен аға? «Ер кезегi үшке дейiн» деп, осы жолы сұхбатымыздың сәтi түсейiн дедi-ау, аға?..

— Иә, өзiм ауырдым, бәйбiшем ауырды. Әңгiмеге де көңiл-күй керек. Шүкiр, қазiр жаман емеспiн.

— Бiздiң газет аты облыстық демесеңiз, 40 мыңнан астам тиражы бар, артында 3 миллионға жуық халқы бар үлкен облыстың айнасы ғой. Сондықтан өз өңiрiмiзден де тыс жердегi Сiз секiлдi елге белгiлi, тiптi белгiсiз, бiрақ, елеулi еңбегi бар кiсiлерден  сұхбат берiп тұрамыз. Мысалы, қарағандылық ғалым Сантай Жетесовтiң қару-жарақ, жел, су энергиясы саласында  өте сүбелi жаңалықтары бар екен, соған арнайы келiп кеттiк.

— Иә, қазақта бiз бiлмейтiн талант көп. Былтыр математик Асқар Жұмадiлдаевпен таныстым. Қандай ойы iлгерi адам, азаматтық позициясы қандай жоғары! Тек көрiнбейдi, өзiмен өзi жүр. Бiз болсақ теледидардан кiмдi көп көремiз, алдыңғы қатарлылар солар деп ойлаймыз. Өткенде Ұлттық академия президентi Мұрат Жұрыновпен кездесiп қалдық. Жабайхан Әбдiлдин бар. Мұндай кездесуде ұлт мәселесi қозғалмай қалмайды ғой. Әңгiмеде академия президентi «бiзге бiрiншi кезекте дiн керек» деп қайталаумен болды. Дiннiң керектiгiне еш дауым жоқ, бiрақ, елiмiз дамуы үшiн ең бiрiншi кезекте озық ғылым мен техника керек емес пе?! Оларсыз экономика қалай дамиды?..

— Сұхбатты бұлай бастап отырған себебiм, менiң ойымша,  сiз де еңбегi өте салмақты, бiрақ, көпке тым танымал емес адамның бiрiсiз. Оның бiр себебi, сiздiң жазғаныңызды жұрттың бәрi бiрдей ұғынып, сiздiң айтпақ ойыңызды жұрттың бәрi түсiнедi деп ойламаймын. Әйтпесе, әдебиетсүйер қауымда «Оң қолды» оқымаған жан жоқ шығар. Екiншiден, сiз сол «Оң қолдан» бастап «Парасат майданына» дейiн өте ауыр жолды – адамның психикасын зерттеудi, жүйкесi ауру жандарды сөйлету жолын таңдадыңыз. Осыған сiз қазақ жазушыларының арасында бiрiншi болайын деген оймен бардыңыз ба, жоқ әлде шығармашылығыңыз өз-өзiнен, табиғи түрде солай қарай ойысты ма?

— Кеңес өкiметi тұсында «бүгiнгi өмiрдi жазыңдар» деген секiлдi партия талабынан туған әдеби дәстүрлер болды. Сол себептi менiң «Оң қол», «Ақиқат» секiлдi туындыларым онша дұрыс қабылданбады. Достарым, әрине, жақсы қабылдады. Ал, жалпы әдеби орта «қайдағы-жайдағы Роберт дегеннiң не керегi бар, жазылатын тақырып қалмады ма?..» деген сыңай танытты. Бiрақ, сiз әлем әдебиетiн көбiрек оқысаңыз, сiздiң қиялыңыз өз төңiрегiңiзден әрегiрек барғысы келетiн болады.  Сол кезде әдеби шекаралар жоғалады. Менiң өзiмнiң жеке пiкiрiмше, шын мәнiндегi классикалық әдебиет ұлттық бола алмайды. Өйткенi, әдебиет жалпы адамзатқа ортақ құндылықтарды айтады. Адами құндылық дегенiмiз не? Ол – адалдық, ол – әдiлдiк, ол – махаббат, ол – арамдық сияқты этикалық санаттар. Соларды жазасың, жазу арқылы олардың жан дүниесiн ашасың. Ал, адамның жан дүниесi дегенiңiз сырттағы қоғамның адам iшiне түсуiнiң айнасы. Сiз адамның жан-дүниесiн ашсаңыз, қоғамның бет пердесi де өз-өзiнен ашыла түседi.

Толстойды тек орыстың, Шекспирдi тек ағылшынның жазушысы не ақыны деп айта алмайсың. Достоевскийдi орыстардан да артық жақсы көретiн ұлттар бар. Жазушы белгiлi бiр деңгейге көтерiлсе, адамзатқа ортақ болатынының себебi сол. Махаббат барлық жерде бiр ғана мағына бередi! Мәселе тек көркемдiк деңгейде... Сол себептi мен ол қадамға саналы түрде бардым. «Оң қолды» жазған кезде кездейсоқтықтар да болды. Екiншi, үшiншi курстарда философияны көп оқып жүрген кезiм. Алматыдағы Пушкин атындағы кiтапханада италиялық психиатр Чезаре Ломброзоның «Гениальность и помешательство» деген кiтабының жалғыз данасы бар екен, соны оқыдым. Онда бiр қыз баланың өмiрi, оның сол қолының өзiн өлтiрмекшi болатыны жайлы жазылған. Осы кiтап маған ой салды... Психиатриялық ауруханаларға бардым, әлгi қыздың оқиғасына ұқсас жайттарды iздеп, сұрастырып,  зерттедiм. Сосын өзiмнiң қиял-ойымды iске қосып, үстелге отырдым... Ондағы айтпақ болғаным, адамның сыртқы iс-қимылы мен iшкi ой дүниесiнiң қарым-қатынасы. Жаман әрекет тек жаман ойдан туады. Жақсы ойдан жаман әрекет ешқашан тумайды! Одан бөлек әр адамда гендiк, тектiк кодқа байланысты, сонымен берiлген нәрселер, iске асырсам-ау дейтiн, адамның ойынан шықпай қоятын жабысқақ идеялар болады. Негiзгi идеям – адам өзiнiң iшкi дүниесiн таза ұстауы тиiс, кiр басып бара жатса аракiдiк тазартып тұруы тиiс деген ойды жеткiзу болды. Өйткенi, сенiң жаман ойларың ертең сенiмен бiрге кетпейдi, ол тұқым қуалап ұрпағыңа берiлуi мүмкiн. Баланың әкеге тек сыртқы бет-бейнесi ғана емес, оның iшкi жан дүниесi де ұқсап туады. «Мiнезiне дейiн айнымай қалған» деп жатамыз, ал, мiнез дегенiңiз рухани дүние ғой. Тұқым қуалаушылық деген осы! Яғни, ұрпағыңа жақсы жағың да, жаман жағың да берiледi!

Мен осындайда  көбелектер жайлы мысалды айтып жүремiн. Көбелек құртын жерге салғаннан кейiн екi-үш ай ғана өмiр сүредi екен. Құрт келесi жыл өсiп, көбелек болады ғой.  Сол көбелек ендi алдыңғы ұрпақтың ұшып келген жолын, бiреу картамен көрсетiп қойғандай жаңылыспайтын бағытпен алға қарай жалғастырып ұшады. Олар 35-40 жыл көлемiнде жер шарын өздерiне ғана белгiлi бағытпен айналып шығатын көрiнедi. Айналып шықтық екен деп тоқтап қалмайды, әрмен қарай тағы сол жолмен ұша бередi...

«Генетикалық жад» деген осы. Ондай жад адамның бойында да бар. «Оң қолдың» кейiпкерi Алманың өзiн-өзi өлтiрмек болатын трагедиясы сол жадтың жаңғыруы есебiнен туған әрекет. Анасы жағынан ба, әкесi жағынан ба, ата-бабаларының бiреуiнiң өзiн-өзi өлтiрмек болған әрекетiнiң ұрпағынан ұрпағына берiлiп, Алмаға келгенде оянуы. Менiң шығармам – ескерту! Адамдарға шамамыз келгенше жақсы ой ойлап, жақсы iс iстеудi, басқаша болған жағдайда ұрпағымыздың обалына қалатынымызды ескерту. «Қандай қылмысты, күнәлi болса да өз ойым өзiмнiң iшiмде ғой» деуге болмайды. «Сыртымыз таза болғаны маңызды емес, ертең ол сыртқа шыққанына жол бермес үшiн бүгiн ең алдымен iшiмiздi тазартайық» деген ойды тастадым мен ортаға.

— Бiрақ, сiздiң ол идеяңызды түсiнген адам аз болды-ау деймiн...

— Иә-иә, менiң ол идеям екiншi, үшiншi орынға ысырылып кеттi-дағы, жұрт екi жастың арасындағы махаббатқа, қыздың аянышты тағдырына көңiл бөлумен болды. Бiрақ, жаратылысы оқшау дүние  болғаннан кейiн бе, әйтеуiр, көп оқылды, көп айтылды. Ең бiрiншi мақтаған Сафуан Шаймерденов ағамыз болды. Мен оны әр-әр жерде айтып жүремiн. Екеумiз бiр мәселеде келiспей қалып, ол кiсiнiң де мiнезi онша емес екен, қырын қарасып жүрген кезiмiз болатын. Сөйтсем, ағамыздың әдiлдiк қасиетi бар екен. Бiр жиналыста Сәкең сөз алсын: «Мен бұл баланы онша жаратпай жүр едiм. Өзi адамға жөндеп сәлем берудi де бiлмейдi екен. Мына кiтабын «әуселеңдi көрейiншi!» деген жаман оймен қолыма алып едiм. Ендi бұл баладан кешiрiм сұрайын деп отырмын» десiн... Өзiм ыңғайсызданып қалдым. Жасым кiшi ғой, кешiрiмдi алдымен мен сұрадым. Содан қашан ол кiсi өмiрден өткенше ағалы-iнiлiдей сыйласып тұрдық.

«Ақиқат» та солай болды. Кеңес кезiнде жазылған, наразылық ой бар дүние едi. «Басылса басылар, басылмаса жатар» деген оймен жазған едiм. Шынында да, журналдарда басылған жоқ, кiтап болып бiр-ақ шықты.

Мiне, қырық жыл өтсе де, әсiресе, жастар менен сол «Оң қол» мен «Ақиқатты» қалай жазғанымды сұрайды. Шынымды айтсам, бұл сұрақ менi шаршатты. Менiң бiрде оларға «Оң қолдан» басқа дүние жазған жоқпын ба?  «Қайырсыз жұманы» өзiм одан әлдеқайда жоғары санаймын!» деп ұрысқаным да бар. Екiнiң бiрi «Тозақ оттары жымыңдайдыны» сұрайды. Тiптi, бiреулерi оны үндiстер туралы жазылған ең ұлы шығармалар қатарына қосып қойыпты.

— ...Кешiрiңiз, мен өзiм не жайлы екенiн бiлген соң сұмдық нәрсе айтылатынын атынан-ақ сезiп, неше жыл бойы оқуға қорқып жүрдiм. Кеше келерде амалсыз оқыдым...

— ...Менiң бұдан түсiнгенiм – әдебиетте ешқандай жаттық жоқ. Сен әдiлдiктi, адамдықты жазсаң, шығармаң Африка туралы ма, Америка туралы ма, оқырманға бәрiбiр, сен жақсы жазушылар санатына кiресiң. Өйткенi, әдебиеттiң мiндетi – адамды тәрбиелеу ғой. Адамның жанын тазарту. Осыған қолың жетсе — одан артық бақыт жоқ!

— Мен сiзге келерде жадымдағыларды жаңғыртып, кiтаптарыңыздың бәрiн асықпай қайта оқып шықтым. Соның iшiнде «Қайырсыз жұма»  маған ерекше әсер еттi. Ол жөнiнде сiзбен пiкiрiм бiр жерден шыққанына қуанып отырмын. Сiз сол әңгiмеңiзде министрдiң жұмыстан қуылуы республика басшысының «батасымен» болып отырғанын бiр ғана сөзбен жеткiзесiз. Бұл – шеберлiгiңiз болса, екiншi жағынан — батырлығыңыз, өйткенi, әңгiме Д.Қонаев басқарған жылдарда жазылды ғой. Яғни, сiз сол заманда да, бүгiн де «оппозициялық» ой айтасыз. Ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналған драматургиялық шығармалар байқауында бас жүлденi жеңiп алған «Ардагер» деген пьесаңызда: «Тыныштығың не, шырағым-ау? Егер шын ұлттық мүдденi ойласаңдар күресу керек емес пе? Тыныштық содан кейiн өзi келедi» дейсiз. Ал, сiз өмiр бойы лауазымды қызметте iстеп келе жатқан адамсыз. Осы парадоксты қалай түсiндiрер едiңiз?..

— Дұрыс айтасыз, әлгiндей «оппозициялық» ойларымды бүркемелеп болсын, басқашалап болсын өткiзiп жiберу, шын мәнiнде менiң ең басты мiндетiмнiң бiрi болды. «Ардагерде» профессорға сұрақ қойған журналист «өткен заманды, бiр адамға бәрiңiз табынған заманды неге аңсай бересiз, мақтай бермесеңiзшi» дейдi. Профессор оған: «Шырағым, сендер бүгiн бiзден озып кеткен жоқсыңдар ма?!» дейдi. Мұндай сөздi де айтуымыз керек қой. Пьесаны Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театр қойды, мен барып көрдiм. Бiраз «жұмсартыпты». Е.Обаевқа: «Сен де, мен де 70-ке келiп қалдық, артымызда ел айта жүретiн бiрнәрсе қалсын да. Пьеса – менiкi, спектакль – сенiкi. Халықтың ойында жүрген жайды айтсаң, елдiң есiнде қаласың» дедiм.

 

Өзекең сенбi-жексенбiде iссапарға шығып кететiн

— Осы жазғандарыңыз қызметiңiзге салқынын тигiзген жоқ па?

— Кейде жоғары жақта қызмет iстегенiмнiң қайта пайдасы тидi ме деп ойлаймын... Мен Орталық Комитетке мүлде кездейсоқ жағдайда бардым. «Қазақфильмде» iстеп жүргенмiн. Ол жерде күн көру күн санап қиындай түстi. Тапқан-таянғаным iссапармен кетедi. Қалай басқа жұмысқа ауыссам екен деп жүргенiмде Орталық Комитетке Михаил Есенәлиев шақырады. Жалпы, сол жүйеде сондай адамның жүруi – ғажап нәрсе... Ресейлiк қой, қазақша сәл акцентпен сөйлейдi. «Сенiң жазушы екенiңдi бiлемiз, осында шақырғалы отырмыз, көп ұстамаймыз. Әрi кетсе екi-үш жыл iстерсiң. Сосын басқа, өзiңнiң шығармашылығыңа ыңғайлы қызметке ауыстырамыз» дедi. Қуана-қуана келiстiм. Келсем, ол бөлiмде Әбiш Кекiлбаев отыр, Марал Сқақбаев отыр, Шуховтың баласы Илья отыр. Бiз Әшекең (Сығаев) екеумiз ол бөлiмге қатар бардық. Атымыз мәдениет бөлiмi болғанмен, затымыз оған онша ұқсай қоймады... Бiр-бiрiмiздi бұрыннан бiлемiз, отырған жерiмiз ойын-күлкi, әзiл-қалжың, анекдот, галстугымыз қисайып жүруi мүмкiн. Әшекең болса да қылжақпас. Бiр күнi асханада Казаков деген ғылым секторының меңгерушiсi: «Сендердiң бөлiмдерiңе барып отырсам бола ма?»  дегенi... Қоршаған ортаның аурасы таза болған соң, анау алып комитеттiң қысымын байқамайды да екенсiң. Бастығымыз Мәкеңнiң беделi өзге бөлiм басшыларынан әлдеқайда мықты. Турашыл адам ғой, Қонаевпен арасы онша бола қоймады... Колбин келгеннен кейiн «Қонаев ұнатпаған кадрлармен жұмыс iстегенiм дұрыс шығар» деп ойласа керек, Есенәлиев пен Өзбекәлiнi шақырды. Өзекеңнiң де Қонаевпен арасы онша болмады ғой. Бiрақ, ол екеуiне Колбин айтқанын iстете алмады. Ондай жiгiттер Колбиндi не қылсын?! Есенәлиев тiптi онымен қатты ұрысып та қалды. Сосын Колбин ол екеуiнен құтылуға тырысты. Колбин де Горбачев секiлдi Жоғарғы Кеңестi де, Орталық Комитеттi де ұстап отырғысы келдi, ал, оған Өзекеңдер қарсы шықты. Колбин жынданып жүрдi де, оны 60-қа толған күнi зейнеткерлiкке шығарып жiбердi.

Жалпы, Өзекең деген бұл бiр ғажап адам едi ғой!.. Мемуар жазсам, ол кiсi жайлы айтамын деп жүрген нәрсем көп. Ол кiсiнi түсiнудiң өзi қиын. Фанатик пе, қай жаққа жiберсе, сол жұмысты iстеп жүре  бередi, қалғанымен шаруасы жоқ. Мәдениет министрiнiң орынбасары болып жүргенде сенбi-жексенбi күндерi iссапарға шығып кететiн! Адам дегенiң темiр емес қой... Ал, ендi оның ұлтқа деген жанашырлығы,      табандылығы, тазалығы, бiрбеткейлiгi,     турашылдығы – сирек құбылыс!.. Iшi таза адам болғаннан кейiн бе, әшейiнде сұсты, жанына батып баруың қиын, жұртпен онша жұғыспайтын адам сырласқанда сол iшiн ашып тастайтын. Кездесiп қалған жерлерде әңгiмемiз жарасып қалып жүрдi. Кейiн ол кiсi идеология жөнiнен хатшы болды. Маған бiр күнi «екi-үш күнге көмектесшi» деп өтiнiш жасады. Әбдiлдә Тәжiбаевтың Мәскеуге бүгiн заман өзгергенiн, Алаш  арыстарының жазықсыз құрбан болғанын айтып, ендi араша түспейтiн болсақ, халық бiздi кешiрмейдi, бұл мәселенi мемлекеттiк деңгейде қарап, ақтауымыз керек деген   хаты Мәскеуден Алматыға келiп, Өзекеңнiң қолына түсiптi.  

Өзекең академиктердi жинап алды. Ығай мен сығай түгел. Өзекең хатты оқып келiп: «Ал, айтыңыздаршы, Алаш арыстары халыққа қандай жаманшылық iстедi? Ол жайлы менiң өзiм ешнәрсе бiлмеймiн. Егер олардың тарапынан халыққа ешқандай қиянат   жасалмаған болса, оны солай деп неге айтпаймыз?» дедi. Ал, ол кезде Ахмет Байтұрсыновтың атын атауға болмайды, оның фамилиясы басылып кеткенi үшiн ғана бiр баспа директоры жұмыстан шығарылғанын бiлемiн. Әне, сондай заманда Орталық Комитет хатшысының жаңағыдай сөз айтуы... Залда құлаққа ұрған танадай тыныштық. Алдыңғы қатардағы ығай мен сығайдың бәрi басын көтере алмай, төмен қарап отырғандары күнi бүгiнге дейiн көз алдымда! Қалталарынан дәрiсiн алып, аузына салып жатқандары қанша! Олардың «мына сөз арандату емес пе екен?» деп ойлап отырулары да мүмкiн...

Сонымен, комиссия құрылатын болды. Өзекең кабинетiне барып кiрдi. Артынан мен кiрдiм. «Өзеке, өте үлкен тәуекелшiлдiкке бардыңыз! Бiрақ, менiң жүрегiм соншалықты қуанышқа толып отыр. Осы сөздi бiр адам айтуы керек едi. Сiз айттыңыз, мен соған риза болып отырмын» дедiм. Өзекең «Мен де амалым жоқтықтан айтып отырмын ғой. Жаңағы мүйiзi қарағайдай академиктердiң ең болмаса бiреуi қолдаса қайтер едi!» дедi... Осылай сырын айтып сөйлеушi едi...

— Сiздiң қызметiңiзге қайтып оралайық...

— Иә...Мәкеңнiң шақыруымен барған мен ол кiсi басқа жұмысқа ауысып кеткен соң сол жерде отырып қалдым... Әрине, жаман болды деп айта алмаймын, бiрақ, отырып қалдым...

Менiң санамда шенеунiк атаулыға құрметтiк сезiм ешқашан болған емес. Мен өзiм Ахаң мен Жақаңның елiненмiн. Олар жайлы бала күннен естiп өстiк. Бiздiң өкiметке деген iшкi оппозициямыз күштi. Жерiңдi жыртып, қазақ мектептерiн жауып, тiлiңдi  құртып жатса, 1959 жылғы санақта қазақтың үлесi өз елiнде ресми түрде 28,9 пайызға дейiн төмендесе, ондай өкiметке қалай iшiң жылиды? Сол кезде орыстар арасында «мына республиканың атын өзгерту керек» деген әңгiме қозғала бастады. Оның бәрiн iстеп отырған Мәскеу екенiн жүрегiмiз сезедi. Сондықтан менде оған деген ешқашан жылы сезiм болған емес. Ендеше, менiң шығармаларымда белгiлi бiр дәрежеде кiшкене оппозициялық ойдың болуы, менiң оны ретiн тауып тығып жiберiп отырғаным заңдылық шығар. Ондай ойлар менде ғана емес, өзге жазушыларда да болған шығар.

— Бiз сiздiң «таяқ жемей» жүргенiңiздi  тiлге тиек етiп отырмыз ғой...

— Мен бiр жағдайды айтайын. Жазушылар Одағында КГБ-дан үнемi куратор болатын. Сәкен деген кiсi кетiп, орнына басқа кiсi келдi. Атын ұмыттым, Әбдiрахметов едi тегi. Менiң анамның iнiлерi болып келедi екен. Оралханға, маған КГБ «iс» ашып қойыпты. Ашу оңай болғанмен, жабу қиын екен. Менiң «iсiмдi» жаңағы Әбдiрахметов жауыпты. Жапқанда ол Әнуар Әлiмжановтың Орталық Комитеттегi үлкен жиында менi, Дулатты, Оралханды ерекше атап, мақтағанына сүйенiптi. Жазушылар Одағы бiрiншi хатшысының ондай мақтау сөзi iстi жабуға негiз бола алады екен... Дегенмен, бiр зат жайлы айту үшiн ол жөнiнде аздаған бiлiмiң болуы тиiс.

— Мiндеттi түрде!

— Сенiң сөзiңе қарсы уәж айтылса, сен сол уәждi жеңетiндей дәйектi сөз айта аласың ба? Мен айта алатыныма сенiмiм болғаннан кейiн шығар, жаңағыдай жәйттерге барып жүргенiм.

 

Тәуелсiздiк келген соң рулық сана қайта қозды

— Ендi шығармашылыңызға қайта оралайық.

— Иә, ескi дүниенi еске алып кеттi деп айыпқа бұйырма, естелiктер бүгiнгi әңгiмемiздiң тұздығы болсын.

— Және тұздық болғанда қандай! Мен, керiсiнше, екi дара тұлға жайлы естелiк айтқаныңыз өте орынды болды деп отырмын. Қайта ондай кiсiлер жайлы барынша көбiрек, жиiрек айтуымыз қажет.

Шығармашылығыңызға келсек, менiң ойымша, сiз шағын дүние жазуды әдейi қалап алған секiлдiсiз. Әйтпесе, кең тынысты шығарма жазу қолыңыздан келедi. Оларды жаздыңыз да. Әйтсе де, «бар сөлiңiздi сорып алған» «Парасат майданы» жазылғаннан берi де 15 жыл өтiп кеттi. Одан кейiн Сiз «Ардагер» және «Тұғыр мен ғұмырды» ғана жаздыңыз. Екеуi де, әсiресе,  «Тұғыр мен ғұмыр», кесек дүние. Дегенмен, тәуелсiздiктiң ширек ғасырын қорытатын бiр эпикалық дүние керек сықылды және соған сiз дайын секiлдi шығармашылық бабыңызға келгендей көрiнесiз маған... Жоқ әлде оны келесi дәуiрдiң адамы жазу керек пе?

— Менiң пiкiрiм былай. Дәуiрдi қорыту үшiн алдымен ол дәуiр аяқталуы керек. Аяқталмаса, жазушы оның тұжырымдамасын жасай алмайды. Дәуiр аяқталған соң оған баға беруге болады, Ал, қысқа дүниеге келер болсақ, Бейiмбет Майлин күнделiктi көргенiн күнде жазып тастап отырған ғой. Алдында очерк сияқты көрiнгенiмен, оқып отырып керемет дүние екенiн мойындайсыз. Бейiмбеттiң өзiнiң елiнен жас күнiнде ашумен әйелiн өлтiрiп алып, Сырдың бойында жасырынып өмiрi өткен бiр сал-серi, палуан жерлесiмен қартайғанында кездесетiнi жайлы керемет әңгiмесi бар. Киноға түсiруге дайын тұрған дүние. Әдебиетте «одиссея» деген термин бар. Адам баласы туғаннан бастап адасады ғой. Адасып барып, ақиқат жолды иә табады, иә таппайды. Бiздiң жазатынымыз да адамның сол тапқан иә таппағаны жайлы ғой...

Жалпы, әдебиетте белгiлi бiр рецепт жоқ. Бүгiнгi өмiрдi де суреттеп жатқандар баршылық, өйткенi, олар суреткерлер.

Повесть жанрын таңдадым мен. Саналы түрде. «Өлiара» романым да ешкiмнен кем емес дүние. Бiрақ, өзiм үш кiтап болып шығады деп жоспарлаған романымның идеясы толық ашылған жоқ әлi. Қазақ жерiндегi болып өткен көптеген көтерiлiс, аштық, қуғын-сүргiн. Роман осыны түгел қамтуы тиiс. «Өлiара» соның бастапқы бөлiгi. «Жақсылыққа жақсылық жасай алмайтын, зұлымдық салтанат құрған, iшiмiздегiнi сыртқа шығара алмайтын заманда өмiр сүрдiк» дейдi кейiпкерiм. Тiптi, «белсендiлердiң» өзi сол заманның құрбаны. Мен оларды тiптi аяймын.

— Демек, бүгiнгi өмiр жайлы болмаса да ауқымы үлкен дүние жазып жатыр екенсiз ғой?

— Иә, мен оны бiтiрмей тастап кете алмаймын ғой. Тек повесть  деген нәрсе жинақы дүние. Әйтпесе, «Тұғыр мен ғұмыр» да бiр адамның тұтас өмiрi. Дулат бiр күнi таңертең телефон соғады: «Тұғырыңды...» түнiмен отырып оқып шықтым, керемет дүние жазып шығыпсың! Дайын фильм мынау, бiздiң режиссерлер осындай дүниелердi көрмей ай қарап жүре ме, бiлмеймiн...» дейдi.

— Бiздiң режиссерлер да түсiредi ғой, бiрақ, түсiрген киносын қарасаң, оған негiз болған шығармадан ешнәрсе таппай қалатының жаман. Орыстарда ондай жоқ...

— «Тұғыр мен ғұмыр» шыққан соң Мұхтар Құл-Мұхаммед телефон соғып, шақырды. Ол кезде мемлекеттiк хатшы. Өзi жарты сағат талдап, маған сөз берген жоқ. «Ағылшын тiлiне өзiм аудартамын, тұсаукесерiн Лондонда жасаймыз» дедi. Кейiн ол қызметтен кетiп қалды, бiрақ, уәдесi тұр ғой... Орысшаға менiң стилiмдi жақсы бiлетiн Анатолий Ким аударатын болған, тек жолма-жол аудармасы дайын болмай жатыр...   Шығарма жазарда кейде әр жерден алған эпизодтарды бiр дүниенiң бойына жинайсың. «Тұғырдың...» бас жағындағы бақытты отбасының күнде жиын, күнде той өмiрi бiр күнде тас-талқан болатыны бар емес пе, осыны мен Бейiмбеттiң өмiрiнен алдым. Ол ұсталған кезде 12 жаста болған Рәзия атты қызы ертеректе маған келiп, өз үйiнiң тарихы жайлы айтқан едi... Бейiмбеттей адамды құрбан еткен соң, не айтуға болады? Ол өзi қақ-соқпен жұмысы жоқ, тек өндiртiп жазумен айналысқан адам ғой. Еңбекқорлығы деген сұмдық болған.

— Сiздiң адам психологиясын жазған шығармаларыңызда алдыңғы жақтың керемет уәжiн, ендi бұған қарсы не айтуға болады деп отырса, қарсы жақ дәйегi одан да күштi жауап тапқанын көресiз. Сiз сондай уәждердi ойға келген бойда қағазға түсiрiп қойып жүресiз бе, жоқ әлде отырып, бастан-аяқ бiр-ақ жазып шыққанда ойыңызға оралып отыра ма?

— Мен оның екеуiн де қолданамын. Жақсылық пен жамандық деп екiге бөлiп қараймыз. Бiрақ,  сол жамандық, зұлымдық деп қарастырып отырғанымыз соншама жаман, зұлым болса бүгiнгi күнге дейiн жетпес едi ғой, демек, оның да өзiнiң аргументтерi бар деген сөз ғой? Сол себептi оларды тереңiрек зерттеп көрсең, шын мәнiнде де олардiкi дұрыс секiлдi болып көрiнедi.

— Мен сiздiң сол шығармаларыңызды оқып отырғанда «Мың бiр түндегi» арық қыз бен семiз қыздың, әппақ қыз бен қап-қара қыздың айтысы, олардың ұзақ уақыт бойы бiрiн-бiрi ала алмайтыны есiме түседi...

— Мен екi жақты айтыстыру, оларды тең дәрежеде ұстауды алғаш рет «Бiз үшеу едiк» деген пьесамда қолдандым. Өмiрбектiң уәждерi өмiрге тiптi жақындау болып көрiнедi.

— Өмiрде Мұраттардың бар екенi де рас. Жұрт оған қызығып та, қызғанып та қарайды, өйткенi, өздерi Мұраттай таза, пәк бола алмайды ғой. Мұраттар өмiрде өте сирек. Сiз сондай шығарма жазғанда қандай күй кешесiз, Мұрат секiлдi кейiпкерiңiздi аяп отырасыз ба, қызығып отырасыз ба? Өйткенi, сiз де өмiрде Мұрат бола алмайсыз ғой...

— Мұраттың кейбiр қасиеттерi менiң өз бойымнан да табылуы мүмкiн... Қалай болғанда да адам бiр нәрсеге сенуi керек. Сол сенiм адамды құтқарады. Жақсылыққа, әдiлдiкке сену нақты жағдайға қатысты деп ойлайды көп адам. Тап-таза, түп-түзу жүрiп өтем десең, өмiрде көп нәрсеге  қолың жетпеуi мүмкiн. «Золотая середина» деген сөз бар ғой орыста, мiне, дұрыс өмiр осы болса керек. Бiрақ, өмiрде ең бастысы – шегiнуге барсаң да, сатқындыққа барма. Ешқашан! «Шекарадан» өтсең – бiттiң!.. Арсений Тарковскийдiң бiр досы: «Мен шаршадым, солардың айтқанын бiраз iстеп, жағдайымды жасап алып, сосын барып шынайы кино түсiруге көшпесем» дептi. Сонда Тарковский ойланып отырып: «Ол жаққа барар iз бар, қайтар iз жоқ қой» деген екен... Адам арын сақтау керек. Бiреулер саған сол үшiн күлуi де мүмкiн. Бiрақ, күндердiң күнiнде сенiң де жұлдызды шағың туады... Бiрбеткейлiктен менiң де ұтылған кездерiм болды. Бiрақ, далада қалған жоқпыз ғой...

— Кейбiр шешiлмей жатқан мәселелерде бәрiн өкiмет iстесiн деп күтiп отыра бермей, қоғам өзi де iске кiрiсуi керек деген ұстаным бар. Ал, қоғам да кiрiсу үшiн оны бастайтын серкелер керек. Олар – жоқ... Сiздiң пiкiрiңiз қалай?

— Серкелер бар шығар-ау, бiрақ оларды қостайтын көпшiлiк жоқ болуы мүмкiн. Орыстарда қолдау бар.

— Оның бұлай болуының себебi неде?

— Бiздiң зиялы қауымның әлсiздiгiнде. Рулық сананың, советтiк сананың әлi жойылмауында. Бiз әлi ұлт болып қалыптаспаппыз деген қорытындыға келдiм. Осылай дейтiндерге қарсы едiм бұрын... Бұл екi сана да ұлтқа қарсы. Жас кезiмде күреспен айналыстым. Әбiлсейiт Айхановпен бiрге жүрдiк. Тәуелсiздiк келген соң рулық сана қайта қозды. «Әбiлсейiт Айханов найман руының ханы боп сайланыпты» деп естiдiм. Бiр күнi көшеде жолығып қалдым. «Әй, Әбеке мұның қалай? Сен күллi қазақ жастарының кумирi болған адамсың, ендi сол биiктен  рулық деңгейге түспекшiсiң бе?». «Ендi, мен, тамырымның қайда екенiн тануым, ұмытпауым керек қой...». Түсiндiре алмадым... Осы ауру бар жердi жайлады. Ал, Грекияда полиция 15 жасар баланы атып өлтiрiп едi, бүкiл халық көтерiлдi! Францияда нан 1 евроға қымбаттаса, бүкiл халық көшеге шығады!

— Қазақты ұлтқа тезiрек бiрiктiрудiң жолы қайсы?

— Ол үшiн iрi өнеркәсiптi барынша тездетiп дамытуымыз қажет. Қазақтың 80 пайызы қалаға бармай, iрi өнеркәсiпке кiрмей, тұтас ұлт бола алмаймыз. Кәсiп бар жерге баруымыз қажет. Ауыл – бiздiң жүрегiмiз, оны ұмытамыз десек те ұмыта алмаймыз. Ауылды дамытуды қатар алып жүруге тиiспiз. Бiзде ауылды да, қаланы да дамытпай отырған – коррупция. Сыбайлас жемқорлық. Оны жоймай дами алмаймыз...

— Рахмет, аға! Ойға алғаныңызды орындауыңызға тiлектеспiз!

Сұхбаттасқан Өмiрзақ АҚЖIГIТ, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар


Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594
JoomShaper