"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

«ҚОЙ ДА БАҚТЫМ, ТРАКТОР ДА АЙДАДЫМ...»

Дүйсенбі, 24 Шілде 2017 10:19
«ҚОЙ ДА БАҚТЫМ, ТРАКТОР ДА АЙДАДЫМ...»

Асылжан ОМАРОВ:

«ҚОЙ ДА БАҚТЫМ, ТРАКТОР ДА АЙДАДЫМ...»

«Ел iшi – өнер кенiшi» деп халық бекер айтпаған. Осы көктемде «Шаншар» әзiл-сықақ театрымен бiрге елiмiздiң түкпiр-түкпiрiн аралап, өнер көрсеткен гитарашы жiгiт Асылжан Омаровты өнерсүйер қауым жақсы қабылдады. Соған қарағанда фонограммасыз шырқайтын әншiлердi халық әбден сағынып қалса керек. Бүгiнде әлеуметтiк желiнiң жұлдызына айналған Асылжанды «Оңтүстiк Қазақстанның» оқырмандарына жақын таныстыруды өзiмiзге парыз санадық.

— Асылжан, гитараны бiр кiсiдей меңгерiпсiз, әп-әдемi  даусыңыз бар. Сөйте тұра, өнер жолын таңдамай,  несiбеңiздi мүлде басқа саладан iздеуiңiзге не себеп болды?

– Өзiм Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгiскен ауылынанмын. Отбасындағы төрт ұл, төрт қыз — бәрiмiз де музыкалық аспаптарды нотасыз-ақ меңгердiк. Бұл өнер бiзге әкемiзден дарыған.  Ол кiсi оңашада домбырамен ән айтқанымен, перзенттерiнiң өнер жолына түскенiн қаламады. «Асық ойнаған – азар, доп ойнаған – тозар, бәрiнен де қой жайып, құйрық жеген озар» деп, мал баққанымызды дұрыс көрдi. «Ән айту бiзге қол емес, одан да қойдың құйрығын жеп жүрсеңдершi» дейтiн. Ес бiлгелi гитарамен ән айтқан соң жанашыр жандардың жол көрсетуiмен республикалық «Әншi балапан» фестивалiне, аудандық өнер байқауларына қатысып, жүлделi орындарға ие болдым.  Өзiмнен басқа жетi бауырым түрлi сала мамандары. Музыканы қабылдау қабiлетiм жоғары-ау деймiн, кез келген саз аспабын оңай меңгеремiн. Әйтпесе, кiм бiздi қолымыздан жетектеп арнайы үйiрмеге апарды дейсiз. Музыкалық аспаптың сан түрiнде ойнайтын болған соң  жерлестерiм үйiне қонақ келсе әуелi менi шақырады. Түгiскен ауылының той-жиынын атқарып, азын-аулақ нәпақа тауып жүрдiм.

— Дәурен Әбиевтiң айтуына қарағанда, өнерге келу жолыңыз ұзақ әрi ауыр болған сияқты-ау?..

– О баста қанға сiңген тәрбиеден бе, әкемiз бен үлкендердiң бiр ауыз сөзiне қарсы келмей өстiк. Өнер жолын таңдауыма әкем қарсы болған соң екi бiлектi сыбанып қой бақтым, түрлi салада еңбек еттiм. 2005 жылы Алматыға ағаммен бiрге барып, құрылыста жұмыс iстедiм. Бiр жолы жалақы алған соң кафеге барғанда табиғи музыка ойналып жатқанын көрiп, делебем қозды. Музыкантқа өтiнiш айтып едiм, «500 теңгеңдi төлеп, әнiңдi сала бер» дедi. Содан ақшасын төлеп, вальске лайықталған ән шырқап едiм, көпшiлiк бiртiндеп биге шықты. Екiншi әндi айтып жатқанымда музыкант аппаратураны өшiрiп тастады. «Неге аппаратураны өшiресiң, ақшасын төледiм ғой» деп едiм, сөзге келместен 500 теңгемдi қайтарып бердi. Сол арада кафе иесi: «күн сайын 3000 теңге төлеймiн, тапсырыстар өзiңде қалады»  деп жұмысқа шақырды. Ал, әлгi музыкант жiгiт «ағасы, нәпақама араласпаңызшы, сiздiң жұмысыңыз бар ғой, мен де күнiмдi көрейiн» деп өтiндi, оның үстiне ағам рұқсат бермеген соң құрылысқа қайта бардым... 

Сол жолы Бақытжан деген ағамыз Бауыржан Ибрагимовпен таныстырды. Бауыржан ағаның қасында жүрiп бiраз нәрсе үйрендiм. Сол кiсiнiң арқасында  Республика сарайында өткен «Наурыз-думан» концертiнде ән айттым. Әйтсе де, бұл тұста «Бауыржан-шоу» театры тарап кеткендiктен, Алматыда қала алмадым. Ауылға қайта оралып, трактор айдауға тура келдi...

— «Шаншарға» келуiңiзге не себеп болды? Әйгiлi театрдың басшылары сiздi қалай тапты?

– Уәлибек ағаға жолыққанға дейiн  әлеуметтiк желi арқылы таныла бастаған едiм.  Ауылдастарымның бiрiнiң отбасылық қуанышына қатысқан  танымал айтыскер ақын Мейiрбек Сұлтанхан гитарамен ән айтқанымды ұялы телефонына түсiрiп отырыпты. «Мынадай дауыспен ауылда неғып жүрсiз?» деп таң қалып, қайда жұмыс iстейтiнiмдi сұрап, әңгiмеге тартты. Нағыз таланттардың ауылда жүргенiн айтып, бейнежазбаны әлеуметтiк желiге салуға рұқсатымды алған. Ертесiне қоңырау шалып, бейнежазбаны бiр күнде 12 мың адамның тамашалағанын қуана хабарлады.  

Көп ұзамай «Қазақстан» ұлттық арнасы «Әйел бақыты» бағдарламасына қонақ болуға шақырды.  Менiмен әзiлдесiп тұр екен деп ойлап «Әйел бақытында» не шаруам бар, бармаймын» деп тұтқаны қойдым. Журналист қарындасым қайта хабарласып, мән-жайды дұрыстап түсiндiрген соң Астанаға баруға келiстiм. Телекөрсетiлiмде Сәкен Майғазиевтiң репертуарындағы әндi айтқан едiм. Сол мезетте-ақ Сәкеннiң өзi хабарласып, құттықтады. Репертуарындағы әндi рұқсатсыз айтқаным үшiн ренжитiн шығар деп ойлап едiм, азаматтық танытқанына риза болдым.  Одан кейiн Астанада ұйымдастырылған қала күнi мерекесiнде Ресей әншiлерiмен және Маржан Арапбаевамен бiрге сахнада екi ән айттым.

Астаналық Сардар деген жiгiт Уәлибек Әбдiрайымов ағамен таныстырғанда салған жерден «реңiң онша емес екен, даусыңды көрейiк» дедi. Екi-үш әнiмдi тыңдаған соң алдағы концертке дайындала беруiмдi тапсырды. Содан қаңтар айынан бастап  «Шаншар» театрының құрамында елiмiздi аралап, өнер көрсеттiк. Әр халықтың тiлiнде ән шырқағанымды көпшiлiк жылы қабылдады. Өнерге келу жолым жеңiл болмады. Қаншама талпынсам да сәтi түспей, Уәкеңнiң өзi шығаратын мезеттi күтiп жүрген екенмiн ғой...

— Трактор айдап жүрiп сахнаға шығудың өзi – ерлiк. Бес жыл бойы консерваторияны оқып бiтiрiп, сахнаға шыға алмай жүргендер қаншама?!

– Үлкендердiң айтуымен туған жерiмде қалып түрлi салада еңбек еткенiммен, айналып келгенде өнер ауылынан табыламын. Жан дүниемдi ән әлемi жаулап алған. Бұл маған Алланың берген бағы деп бiлемiн. Үйдегiлер өнерсiз өмiр сүре алмайтынымды түсiндi. Әкем өмiрден өткен, ал, анам «бала-шағаң, отбасың бар, Алла өзiңе сана берсiн, оларды қалай асырайтының өзiңе байланысты» деп рұқсатын бердi. Бауырларым да қарсы болмады. Өмiрдiң ащы-тұщысын көрдiк, жақсы мен жаманды ажырататын, жақсының қадiрiн түсiнетiн жастамын. Құдай бетiн аулақ етсiн, отбасынан ажырау деген бiздiң әулет үшiн жат нәрсе. Екi ұл, бiр қызымның шаттыққа толы  күлкiсiн бүкiл әлемнiң  байлығына айырбастамаймын. 

— Елiмiзде жақсы гитарашылар аз емес. Ұлықпан Жолдасов, Ержан Белғозиев, Гауһар Әлiмбекова, Сейiл Аяғанов, Гүлмира Ақүрпекова секiлдi өнерпаздарымыз көрермендерiн қуантып жүр. Солардың арасынан жарып шығып, өнер әлемiнен өз орныңды табу да оңай болмайтын шығар...

– Гитараны қолыма қашан ұстағаным есiмде жоқ, саған қарағанда бесiктен белiм шыға салысымен үйренген сияқтымын-ау, шамасы. Гитара есiмдi бiлгелi жан серiгiме айналды. Әрине, бұл аспапты кәсiби деңгейде емес, өз бетiмше тартып келемiн. Жұртшылықты гитара тартумен таң қалдыра алмайтынымды да бiлемiн, ән айту жағынан болмаса. Алдағы кезде бұл аспапты кәсiби тұрғыда меңгерудi қолға аламын.

– Алдағы жоспарларыңызбен бөлiссеңiз.

– Жасыратыны жоқ, «кәсiби бiлiмi жоқ осындайлардан құтылмадық» деп сахнаға шығуыма қарсы болғандар да табылды. Уәкең екi ойлы болып жүргенде  Дәурен  Әбиев рухтандырып отырды. Уәлибек аға өнердi шынайы бағалайтын жан емес пе, әр бағдарламаға жақсы ән да-йындай алсақ концерт сайын сахнаға шығаруға уәде еттi. «Егер әндерiңдi көрермендер қабылдамаса, өздерiңе өкпелеңдер» дедi. Кәсiби бiлiмiм болмағандықтан, вокал бойынша бiлiм алу мәселем қаралды. Театрдағылар «егер вокалда оқыса, өзiнiң жолын таппай қалуы мүмкiн. Одан да табиғи даусымен айтсын» дегенге тоқталды. Қазiр менiң  даусыма, табиғатыма сай келетiн ән жазуға тапсырыс берiп, репертуар толықтыруға кiрiстiк.

Сахнаға шығуыма атсалысып, қамқорлық танытқаны үшiн «Шаншар» театры ұжымына, Уәлибек, Жүсiп ағаларыма рахмет айтамын. Музыкамен сүйемелдеген Нұржан Құлшынбаев пен Нұрлан Әбдiжәлил, Дулат Әлiпов, Ғалымжан Ақылбек бауырларыма да ризамын. «Көңiл сыйса, бәрi де сияды» деп бiр бөлмелi пәтерiнiң төрiнен орын ұсынған көңiлi кең жайлау Дәурен iнiм мен Райхан келiнiме де Алла разы болсын!

– Сұхбат бергенiңiз үшiн рахмет! Өзiңiздi үнемi сахнадан көрейiк!

Сұхбаттасқан Үмiтхан АЛТАЕВА, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper