"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЖАҢА ЖЫЛДА – ЖАҢА ТӨЛЕМДЕР

Бейсенбі, 28 Желтоқсан 2017 10:43
ЖАҢА ЖЫЛДА – ЖАҢА ТӨЛЕМДЕР

 

Үкімет «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын мақұлдап, оны бекітті. Соған сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қандай болады? Осы өзгерістер жайында газет тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры Бақыт Басымбекпен сұхбаттасқан еді.

 

– Зейнетақының аз және көп болуы базалық зейнетақының, ал, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты ғой. Әңгімені содан бастасақ...

– Дұрыс айтасыз. Еліміздің алдағы мерзімге әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде қалыптастырылған «2018–2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына сәйкес келесі æûëäûº 1 қаңтарынан зейнетақы және әлеуметтік салаларда біршама заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындалған зейнетақы төлемдерін, соның ішінде әскери қызметте болған қызметкерлердің зейнетақы төлемдерін 8 пайыз көлемінде арттыру жоспарлануда. Соған сәйкес айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 405 теңгеге тең болады. Ал, ең төменгі зейнетақы мөлшері 33 745 теңгеге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 15 274 теңгеге дейін жоғарылайды. Жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерлерін қайта есептеу үшін есепке алынатын ең жоғары табыс 110 630 теңгені (46 айлық есептік көрсеткіш х 2 405 теңге) құраса, ең жоғары зейнетақы мөлшері 82 973 теңге
(46 АЕК – 75%) болады.

Мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, сонымен қатар, әлеуметтік-медициналық және түзету мекемелерінде тұратын азаматтар үшін берілетін төлемдердің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты өсіріледі. Яғни, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 28 284 теңге.

– Еліміздегі әрбір бесінші сәби Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келетінін ескерсек, балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек туралы оқырмандардан сұрақтар көп түседі.

– Ойыңызды түсіндім. Алдымен еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдар үшін берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақының, бала туғанда берілетін біржолғы және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлерін, арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау мен көбейту 2018 жылдың 1 қаңтарынан айлық есептік көрсеткіш деңгейіне, яғни 2 405 теңгеге сүйене отырып жүзеге асырылады. Мәселен, №1 тізім бойынша арнайы жәрдемақы мөлшері 22 655 теңгені, ал, №2 тізім бойынша 20 154 теңгені құрайды.

Ата-аналарға, қорғаншылар немесе қамқоршыларға берілетін немесе мүгедек баланы тәрбиелеушілерге берілетін жәрдемақылардың тағайындалуы мен көбейтілуі 1,05 ең төменгі жалақы мөлшеріне (ең төменгі жалақы мөлшері 28 284 теңге) сүйеніп, барлығы 29 698 теңгені құрайды.

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мен бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері келер жылдың 1 қаңтарынан айлық есептік көрсеткіштің артуына байланысты болады. Демек, бірінші, екінші, үшінші балаға – 91 390 теңге (38 айлық есептік көрсеткіш); төртінші және одан кейінгі балаларға – 151 515 теңге (63 айлық есептік көрсеткіш) төленеді.

Сондай-ақ, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы төленетін жәрдемақы мөлшерлері мынадай болады:

Бірінші балаға – 13 853 теңге;

Екінші балаға – 16 379 теңге;

Үшінші балаға – 18 880 теңге;

Төртінші және одан кейінгі балаларға 21 405 теңге төленеді.

– Мүгедектер, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты және көпбалалы аналарға төленетін әлеуметтік төлемдерде өзгерістер бар ма?

– Әрине, бар. Мәселен, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алушы болып табылатын тұлғаларға еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін Жаңа жылдан 16 пайызға көбейту көзделген.

Банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ақшалай төлемдері 6 пайызға арттырылады.

«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР 1999 жылғы 5 сәуірдегі №365-I Заңына сәйкес «Алтын алқамен», «Күміс алқамен», «Батыр ана» ретінде және I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау тәртібі ҚР «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына ауыстырылады. Сонымен қоса, бір төлемнен басқа төлемге ауыстыру үшін қайта ресімделуі автоматты түрде алушылардан жаңа өтініш алынбай жүзеге асырылады. Аталған төлемдер мөлшері – 15 392 теңге.

Ал, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндіз оқитын балалары бар көпбалалы отбасылар үшін тағайындалатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін ғана беріледі. Яғни, Жаңа жылдан кейін бұл жәрдемақыны мемлекеттік корпорация бөлімшелері арқылы тағайындау енді күшін жояды. Есесіне, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арнап жергілікті бюджет қаражаты есебінен «әлеуметтік атаулы көмек», «мемлекеттік балалар жәрдемақысы» және «көпбалалы отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы» сияқты жаңа форматтағы әлеуметтік көмек қарастырылуда.

Келер жылы мүгедектігіне байланысты тағайындалатын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы біріктіріліп төленеді. Сөйтіп, жалпы төленетін қаражат мөлшерлерінің төмендеуіне жол берілмейді, керісінше әкімшілік тәртібі қысқартылады.

– Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасына әр жыл сайын 6 ай қосыла ма?

– Әлбетте. Жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, яғни 10 жыл аралығында жыл сайын 6 ай мерзімнен қосылып тұрàäы. Сәйкесінше 2018 жылы әйелдер 58 жас 6 ай толғанда ғана құжаттарын зейнеткерлікке дайындайды. Сонымен, келер жылдың қаңтарында барлық зейнетақы мен жәрдемақы алушылар тиесілі төлемдерін жаңадан көбейтілген мөлшерде алады.

Егер зейнетақы және жәрдемақы жөнінде басқа да сұрақтар туындап жатса, жергілікті «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бөлімшелеріне жүгініп, мамандардан кеңес алуға болады.

Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, барша жерлестерімізді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper