"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«ӨЗГЕРIСТЕР ӘДIЛ СОТ ТӨРЕЛIГIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДI»

Сенбі, 23 Желтоқсан 2017 13:46
«ӨЗГЕРIСТЕР ӘДIЛ СОТ ТӨРЕЛIГIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДI»

 

Адам баласы жаратылғалы берi қылмыс әлемi онымен қатар жасасып келедi. Қылмысты түбегейлi жеңген ел жоқ, алайда, оны едәуiр азайтқан елдер баршылық. Елiмiз сондай мемлекеттердiң қатарынан көрiну үшiн құқықтық заңнамаларға, әсiресе, қылмыстық үдерiстердi жетiлдiруге үнемi басымдық берiп келедi. Елбасының бастамасымен дайындалған құқық қорғау қызметiнiң процестiк негiздерiн жаңғырту мәселелерiне арналған заң жобасы осындай мақсаттан туындап отыр. Себебi, қылмыстық процесте адам құқығының сақталуы қазiргi таңда күн тәртiбiндегi ең маңызды мәселелердiң бiрi. Осындағы көрсеткiштердiң негiзiнде мемлекеттiң даму индексi де анықталады. Қоғамның қызу талқысына түскен аталмыш заң жобасы жөнiнде облыстық соттың қылмыстық iстер жөнiндегi алқа төрағасы Зиядинхан ПiрниЯзды әңгiмеге шақырып, жаңа құжаттың жағымды жаңалықтары туралы ой бөлiсуiн сұраған едiк.

 

– Зиядинхан Әбдiбайұлы, ел iшiнде жиi болатындықтан қылмысқа тартылған азаматтардың құқықтарының жиi бұзылуы, тiптi, заңсыз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылып, «тапсырыспен» сотталды деген әңгiмелердi жиi естiп жатамыз. Тiптi, әдiлдiк таппай, өз-өздерiне қол жұмсап жататындары да бар. Бұл жағдайлар адам құқығының бұзылмауына кепiл болатын заң тетiктерiнiң дұрыс жұмыс iстемей жатқанын аңғартпай ма? Бас прокуратура тарапынан әзiрленген құқықтық құжат осы олқылықтардың орнын толтыруда нендей тетiктердi қарастырып отыр?

– Елбасы ұсынған Ұлт Жоспарында азаматтардың конституциялық құқын шектейтiн барлық тергеу қызметiнiң өкiлеттiгiн тергеу судьясына бiртiндеп беру арқылы сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерiмдi қамтамасыз ету көрсетiлген. Жаңа құжаттың басты концепциясы сол, қылмыстық процеске қарапайым халықтың көзiмен қарап, бұл үрдiстi барынша жетiлдiру. Заң жобасында осыған орай 5 маңызды бағыт қамтылған. Атап айтсақ, қылмыстық процесте адамды қорғау деңгейiн көтеру, қылмыстық процесте жарыспалылықты күшейту, сотқа дейiнгi сатыда сот бақылауын күшейту, тергеу жүргiзу тәртiбiн оңтайландыру және соңғысы тергеу, прокуратура мен сот өкiлеттiктерiнiң қайталануын болдырмай, оларды нақты бөлуге басымдық берiлген. Қылмыстық процестi жаңғыртып, жетiлдiруге бағытталған бұл шаралар бүгiнде әлемнiң дамыған елдерiнде кеңiнен қолданылады.

Ұсынылып отырған заң жобасы көпшiлiктiң көкейiнде жүрген мәселелердi шешудi көздейдi. Соның бiрi – Ата Заңда жоғары шегi 72 сағат көлемiнде айқындалған ересектердi санкциясыз ұстау мерзiмiн 48 сағатқа, кәмелетке толмағандарды ұстау мерзiмiн 24 сағатқа азайту мәселесi. Өйткенi, барлық дамыған елдерде талап осындай. Талдау көрсеткендей, адам құқын қорғауға кедергi жасалатын әрекеттер осы кезеңде жиi орын алады екен. Қинап жауап алу, мойындату шаралары да дәл осы кезеңде туындайды. Сондықтан заң жобасы шеңберiнде ұстау мерзiмiн қысқартып, есесiне прокуратураның қадағалауын күшейтiп отыр. Осы ретте айта кеткен жөн, 72 сағат ұстау мерзiмi аса ауыр қылмыстар, лаңкестiк және экстремизм, жаппай тәртiпсiздiк, заңсыз есiрткi айналымы, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қатынастар, адам өлiмiне әкелген қасақана жасалған қылмыс және жер шалғай немесе төтенше жағдайларда адамды сотқа жеткiзу қиын болған жағдайда қолданылады.

– Естуiмiзше, прокуратура құзыретiндегi санкциялар түгелдей сотқа берiлмек екен...

– Жаңа заң жобасындағы екiншi бағыт – қылмыстық процесте барлық санкцияны сотқа беру «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған мiндет. Ендi қадағалау органына тиесiлi төрт санкция сотқа өтiп отыр. Яғни, кепiлдi куәландыру, үлгiлердi алу және жасырын тергеу амалдары ендi сотта жүзеге асырылады. Осыған орай санкция беру тәртiбi де жеңiлдетiлдi. Ендi тергеушi санкция сұрап бiрден сотқа барады. Прокуратура бұл туралы тек хабар бередi. Егер прокурор келiспесе, онда оның сотқа өз ұстанымы жайлы хат жолдау мүмкiндiгi бар. Прокурор арқылы сотқа күзетпен ұстау, үй қамаққа алу және экстрадациялық тұтқындау санкциялары берiледi.

Тағы бiр жаңалық жасырын тергеу амалдарына қатысты қабылданып отыр. Заң бойынша ол туралы қылмыстық процеске тартылған адамға хабарланып, тергеушi жасырын тергеу амалдарын тағайындайды. Бұл ретте тергеу судьясына да жауапкершiлiк жүктеледi. Сонымен қатар, тергеушi меншiк иесiнiң пайдалану құқығын тек он күнге шектей алады. Бұл туралы тергеушi меншiк иесiне 24 сағаттың iшiнде хабарлауға мiндеттi. Ал, он күннен кейiн ол шектеудi алуға немесе мүлiктi тұтқындауды сұрап сотқа баруы тиiс.

– Жаңа заң жобасында көзделген адвокаттардың рөлi қандай?

– Заңнамадағы тағы бiр шешiм жарыспалылықты күшейтуге қатысты қабылданбақ. Бұл үшiн қорғаушылардың өкiлеттiлiгi кеңейтiлiп отыр. Сонымен қатар, бұйрық өндiрiсi деп аталатын жаңа институт енгiзiлмек. Қылмыстық терiс қылық және онша ауыр емес қылмыстардың қарау мерзiмiн азайтатын бұл шара адам кiнәсiн мойындап, дәлелдер жеткiлiктi болып, айыппұлға келiсiп, ешкiм дау көтермеген жағдайда жүзеге асады.

Заң жобасы бойынша шешiмiн тауып отырған тағы бiр мәселе – сот iсiн цифрландыру. Бұл ең алдымен адамның құқын қорғау iсiн нығайтып, сот пен прокурордың бақылауын арттырады. Ендi жасыру, жалған құжат жасаудың жолы кесiледi. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабын терiс пайдалану фактiлерi де азаяды және қағазбастылық жойылады. Тергеушiнiң уақытын үнемдеп, аса ауыр қылмыстарға көбiрек көңiл бөлiнетiн болады. Сайып келгенде, заң жобасында қарастырылған өзгерiстер әдiл сот төрелiгiн жедел әрi сапалы жүзеге асыруға барынша тиiмдi ықпал етпек.

– Әңгiмеңiзге рахмет!

Әңгiмелескен Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper