"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСIН ЕНГIЗУДЕГI ӨЗГЕРIСТЕР

Сейсенбі, 12 Желтоқсан 2017 10:23
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСIН ЕНГIЗУДЕГI ӨЗГЕРIСТЕР

 

Елiмiзде медициналық сақтандыру жүйесiн енгiзу реформасы жүрiп жатқаны белгiлi. Осы реформаның жүзеге асырылуы және халыққа көрсетiлетiн медициналық көмектiң басқа да қыр-сыры жайында кеңiнен айтып беру үшiн медицина ғалымдарының кандидаты, доцент мiндет атқарушы, ОҚМФА-ның «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының доцентi Парида Төребайқызы Досқараеваны сөзге тартқан едiк.

 

– Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесiн енгiзу реформасының жүзеге асырылу мерзiмiне түзету енгiзiлдi. Осы түзетудiң енгiзiлуi неге байланысты болды?

– Медициналық әлеуметтiк мiндеттi сақтандыруға халықтың барлық санаты, айталық бизнес өкiлдерi, жекелеген азаматтар өзiнiң сақтандыру жарналары мен аударымдарын мiндеттi төлеу арқылы ынтымақты түрде қатысады. Сондықтын да барлық сақтандырылған тұлғалардың медициналық қызметтер көрсету пакетiне тең дәрежеде қолжетiмдiлiгi «әркiмнен мүмкiндiгiне қарай» және «әркiмге қажетiне қарай» қағидаты бойынша жұмыс iстейдi. Бұл – қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстандағы бюджеттiк-сақтандыру үлгiсi. Бұл жүйеде мемлекет басым рөл атқарады. Дегенмен, әлеуметтiк сауалнамалар құрылымында жүргiзiлген сараптама нәтижелерi көрсеткенiндей, аталған реформаны жүзеге асыруда елеулi қауiптер де баршылық. Өйткенi, «өзiн-өзi жұмыспен қамтушылардың» сақтандыру жүйесiнен тыс қалу қаупi жоғары. Ал, формальдi экономикадан тыс қалған, белгiлi бiр ресми табыстары жоқ, салық пен әлеуметтiк жарна төлемейтiн адамдардың саны тұрғындардың бiршама бөлiгiн құрайды, яғни 2,7 – 3 миллионға тең. Мемлекет басшысының елiмiздегi денсаулық сақтау саласының дамуына алаңдаушылық таныта отырып, медициналық сақтандыру жүйесi прогрессивтi болғанымен ҚР Үкiметiне денсаулық сақтау саласын реформалау қадамдарын қайта қарауды тапсырды. Яғни, сақтандыру медицинасына азаматтардың барлық санаттарының тең дәрежеде (әдiлеттi) қатысуын қамтамасыз ету қажет. Сонымен бiрге, Үкiметтiң алдына халықтың өзiн-өзi өнiмсiз қамтамасыз ететiн тобын ел экономикасына тарту, бизнестiң және мемлекеттiң жүктемелерiн азайту, қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi резервтердi қалыптастыру бойынша мейлiнше тиiмдi шараларды зерделеп, жасау мiндетi қойылды.

– МӘМС жүйесiн одан әрi жүзеге асыруда қандай заңнамалық өзгерiстер қарастырылуда?

– Қазiргi таңда ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде заңнамаға МӘМС аясында халыққа медициналық көмек көрсету мерзiмiн кейiнге шегерудi, АҚС шарт бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар үшiн жарна мөлшерiн өзгертудi, жұмыс берушiлерден басқа барлық санаттағылардың жарна төлеу уақытын кейiнге шегерудi қарастыратын бiрқатар түзетулер енгiзу мәселелерi талқылануда. Аталған түзетулерде мынадай жағдайлар қарастырылуда:

1) МӘМС жүйесiнде медициналық көмек көрсету мерзiмi 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылады;

2) сақтандырылмаған тұрғындар үшiн мемлекет есебiнен қажеттi медициналық көмек көрсету көлемi (КТМКК) 2022 жылғы 1 қаңтарға дейiн сақталады;

3) МӘМС жүйесiне мемлекеттiң жеңiлдiк санатындағы тұрғындар үшiн төлейтiн жарна төлемдерiнiң және жеке тұлғалардың (жалдамалы жұмыскерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар, оның iшiнде ЖК, АҚС) жарна төлеу мерзiмi 2020 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылады;

4) Жұмыс берушiлер ӘМСҚ-на 1-1,5% мөлшерiнде жарна аударуды 2020 жылға дейiн жалғастыра бередi;

5) АҚС шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарна мөлшерi (жарна есептеу объектiсiнен) 5%-дан 1%-ға дейiн азайтылады.

6) Аударымдар мен жарналарды есептеу үшiн ең төменгi шек (1 ЕТЖ) алынып тасталады.

7) МӘМС жүйесiндегi «Үкiмет – азаматтар үшiн» МК қызметi мемлекеттiк монополияға жатқызылады.

– Халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз ететiн санатын ел экономикасына, сәйкесiнше МӘМС жүйесiне тарту мәселесi қалай шешiлмек?

– Осы өтпелi кезеңде Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстар мен Алматы, Астана қалаларының әкiмдiктерi, басқа да мүдделi мемлекеттiк органдар халықтың өзiн-өзi өнiмсiз қамтамасыз ететiн санатын ресiмдеу және оларды ел экономикасына, сәйкесiнше МӘМС жүйесiне тарту шараларымен айналысады. МӘМС жүйесiне мемлекеттiң жеңiлдiк санатындағы тұрғындар үшiн төлейтiн жарна төлемдерiнiң және жеке тұлғалардың (жалдамалы жұмыскерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар) жарна төлеу мерзiмiнiң 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылуы, бiрiншi кезекте, осы жағдайға негiзделген. Сәйкесiнше, 2020 жылғы 1 қаңтардан МӘМС бойынша медициналық көмек көрсетiле бастайды. Осы аралықта Денсаулық сақтау министрлiгi жауапты органдармен бiрлесiп, азаматтардың барлық санаттарын анықтап, оларды ортақ деректер қорына енгiзу, яғни бiрыңғай деректер қорында «цифрлау» жұмыстарын жүргiзедi.

– МӘМС жүйесi толық енгiзiлгенге дейiнгi өтпелi кезеңде медициналық көмек қалай көрсетiледi?

– 2018–2019 жылдар аралығында барлық санаттағы азаматтарға бұрынғыдай, КТМКК пакетi аясында медициналық көмек көрсетiледi.

КТМКК пакетiнде мынадай тегiн медициналық қызмет түрлерi сақталады: жедел жәрдем мен санитарлық авиация, екпе егу, әлеуметтiк маңызы бар және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн сырқаттарға медициналық көмек көрсету, амбулаторлық-емханалық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық қызметтер, амбулаторлық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету, шұғыл және жоспарлы стационарлық медициналық көмек, стационарды алмастырушы көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер.

– Маңызды әңгiмеңiзге рахмет!

Райхан ШӘЙМЕРДЕНОВА.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper