"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Серiк ТӨРЕБЕКОВ, Мақтаарал аудандық бiлiм бөлiмiнiң басшысы: «БЕЛСЕНДI, БIЛIМДI ЖАСТАР – БОЛАШАҒЫМЫЗ»

Сенбі, 09 Желтоқсан 2017 10:30
Серiк ТӨРЕБЕКОВ, Мақтаарал аудандық бiлiм бөлiмiнiң басшысы: «БЕЛСЕНДI, БIЛIМДI ЖАСТАР – БОЛАШАҒЫМЫЗ»

 

– Серiк Әлмешұлы, сiз басқарып отырған сала өте күрделi сала, оның үстiне аудан аумағы өте үлкен, халқы тығыз орналасқан. Бұрын бұл салада мол тәжiрибеңiз болғанмен, басшылыққа жаңа келiп жатырсыз. Жұмысты неден бастадыңыз?

– Рахмет! Өздерiңiз айтқандай, ауданымыз өте үлкен. Дәл қазiргi таңда мұнда 125 мектеп бар. Оның 122-сi жалпы орта, үшеуi орта мектеп. Бiлiм ошақтарында 75 мыңнан астам оқушы тәрбиеленiп жатыр. Саз мектептерi, мектепаралық оқу-өндiрiстiк комбинаты, балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылық орталығында 2146 оқушы қосымша бiлiм алады.

Ауданда 9387 педагог оқу-тәрбие жұмыстарымен айналысады. Мыңға жуық педагогпен жұмыс iстеудiң ауыр екенiн сезiп отырған шығарсыз. «Жұмысты неден бастадыңыз?» деген сауалыңызға жауап бере кетейiн. Тап бүгiнгi мiндет – барлық мұғалiмнiң бiлiктiлiгiн арттыру, олардың жеке iзденiстерi мен шығармашылықпен жұмыс iстеулерiне мүмкiндiктер жасау. Бiлiм беру бағдарламасының талаптарына сай 10-11-сыныптарда биология, химия, физика және информатика пәндерiн ағылшын тiлiнде оқыту жоспарланып отыр. Осыған орай 40 мұғалiм Астана қаласында ағылшын тiлiнде оқытатын 9 айлық курста оқып келдi. Тағы 8 мұғалiм Н.Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң базасында курстан өттi. Сонымен қатар ағылшын тiлiнен сабақ беретiн мұғалiмдердi әдiстемелiк құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшiн 10 айлық курсқа кезең-кезеңiмен жiберудемiз.

2017–2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған бiлiм мазмұнына көштi. Бұл сыныптарда сенбi күндерi вариативтiк компоненттегi сабақтар өткiзiледi. Бiлiм беру мазмұнын жаңарту аясында өлшемдi бағалау жүйесiне көшу қарастырылған. Қазiр жаңа бағалау жүйесiне 1, 5, 7-сыныптар көштi. «Туған жер» бағдарламасын оқушыларға жан-жақты түсiндiру мақсатында «Қазақстан тарихы», «География», «Қазақ әдебиетi» пәндерiнiң сабақтары мұражайларда, мәдениет мекемелерiнде өткiзiледi. Бұл үшiн мұғалiмдер күшiмен арнайы бейнематериалдар әзiрлендi. Жаңа бағдарламаға байланысты 1389 мұғалiм арнайы тәлiмдеуден өттi. Бұдан тыс жаңартылған бiлiм беру мазмұнын ендiрумен ұштастырып серiктес мектептермен республикалық семинар ұйымдастырылды. Осындай семинарлар аудандық, облыстық деңгейде жалғасын тапты. М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебiнде «Орта бiлiм беру мазмұнын жаңарту: оқытудағы педагогикалық тәсiлдер мен бағалау» тақырыбында өткен облыстық семинардың ұстаздарға берерi көп болды.

– Әдетте бiлiм саласының деңгейiн ҰБТ қорытындысымен таразылап жатамыз. Бұл тұрғыда қандай жетiстiктер бар?

– 2017 жылы 11-сыныпты бiтiрген 2646 түлек ҰБТ тапсырды. Олардың жинаған орташа көрсеткiшi 70,5 балл болды. Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының түлегi Абдуғани Жақсыбай 136 балл жинап, мерейiмiздi үстем еттi. 2016–2017 оқу жылында 189 түлек «Алтын белгi», 141 оқушы үздiк аттестатқа ие болды. Негiзгi орта мектептi бiтiрген 381 оқушы үздiк аттестат алды.

– Бiрқатар аудандарда мұғалiмдердiң орташа апталық жүктемесi аз екенi айтылып та, жазылып та жүр. Осы мәселе сiздерде қалай?

– «Бiздiң таңдау – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында арнайы форум өткiздiк. Мектеп – имандылық ұясы. Жемқорлық жайлаған жер көктеп, көгермейдi. Сондықтан бiз бұған жол бермеймiз. Бүгiнде аудандағы барлық мұғалiмдердiң орташа апталық жүктемесi 18,4 сағат болды. Бұл – нормаға сай. Ауданда жүктемесi жөнiнде шағымданып жүрген мұғалiм таппайсыз.

– Жақсы екен. Ендi халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегi фестиваль, байқаулардан алған жүлделi орындарға жеке тоқталсаңыз.

– Иә, байқау баланың жолын ашады, талабын ұштайды. Бiзде де талантымен, бiлiмiмен талайды тамсандырып жүрген оқушыларымыз аз емес. Айталық, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әлихан Қауынбай республикалық Х Президенттiк олимпиадада үшiншi, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Сұлтан Қуат үшiншi орын иегерi атанды. «Қазақстан – республикам менiң» атты патриоттық әндер байқауында Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебiнiң оқушысы Айдана Жолшыбек бас жүлденi жеңiп алды. Осы мектептiң 2-сынып оқушысы Жансель Орынбасар республикалық «Алматы – жүрегiмде» ән-би, өнер байқауында бiрiншi орынды, балалар шығармашылығының халықаралық фестивалiнде Гагарин атындағы жалпы орта мектебiнiң оқушылары Ернар Асенов пен Диас Асенов екiншi орынды, республикалық «Ғұмырдария» өнер байқауында С.Асанов атындағы жалпы орта мектебiнiң 6-сынып оқушысы Мейiржан Рақымжан екiншi орынды жеңiп алды. Айта берсек, зерек те алғыр оқушыларымыз жеткiлiктi. Сонымен қатар облыстық «Өнерлi ұстаз» байқауының бас жүлде иегерi Дана Қоңырованы, «Жаңашыл мұғалiм» байқауының бiрiншi орын иегерi Сапаркүл Қаратаеваны, екiншi орын иегерi Жұпарбек Тыңғозиевтi мақтан тұтамыз.

– Аудандағы тұрғындар саны жыл сайын артып келедi. Жаңадан салынып жатқан бiлiм ошақтары көп шығар?

– Әрине. Былтырдың өзiнде үш мектеп пайдалануға берiлдi. Дәл қазiр 7 бiлiм мекемесi ғимаратының құрылысы жүргiзiлiп жатыр. Тағы бiр айта кетерлiк мәселе, бiлiм бөлiмiне қарасты мектептердегi жылыту қазандықтарын көмiрден газға ауыстыруға, тозығы жеткен қазандықтарды ауыстыруға аудандық бюджеттен 186 миллион 662 мың теңге бөлiндi.

Қорытындылай келе айтарым, инновациялық технологияларды кеңiнен ендiру арқылы жастардың ой-өрiсiн кеңейтiп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсендiлiгiн арттыруға күш сала беремiз. Өйткенi, бұл – бүгiнгi күннiң басты талабы.

– Әңгiмеңiзге рахмет!

Сұхбаттасқандар Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Сәбит ҚАЛДЫБАЙ. «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper