"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


БАЙЫПТЫ ТIРЛIКТIҢ КӨШIН БАСТАҒАН БӘЙДIБЕК

Бейсенбі, 16 Қараша 2017 10:29
БАЙЫПТЫ ТIРЛIКТIҢ КӨШIН БАСТАҒАН БӘЙДIБЕК

 

Бәйдiбек ауданына инвесторлардың қызығушылығы артқан. Биылғы тоғыз айда ауданда инвестиция көлемi 23 млрд. теңгенi құраған. Бұл — өндiрiс орны жоқ аймақ үшiн үлкен жетiстiк. Ал, табыстың сыры неде? Осы және өзге де сауалдардың жауабын ауыл-аймақтың тыныс-тiршiлiгiн назардан тыс қалдырмайтын «Оңтүстiк Қазақстан» газетi аудан әкiмi Бахытбек Танагөзовтiң өзiнен сұрап бiлген едi.

-- Бахытбек Төленұлы, Бәйдiбек десе өзге жақтың тұрғынына Арыстанды- Қарабастың желi үнемi соғып тұратын, жұмыс iстеп тұрған зауыт, фабрикасы жоқ, шалғайдағы шағын аудан елестейтiнi рас. Дегенмен, ауыл-аймақты аралап көз жеткiзгенiмiздей,  бүгiнгi Бәйдiбек ауданы үлкен құрылыс алаңына айналғандай. Қай елдi мекенге барсақ та бiрiнде мектеп, ендi бiрiнде клуб, медпункт салынып жатыр.

-- Рас айтасыз, ауданымызда құрылысы жүрiп жатқан нысандар саны артып отыр. Бәрi де әлеуметтiк салаға қатысты нысандар. Ауданда бiрiншi кезекте денсаулық сақтау саласына қатысты 16 нысанды анықтап, тиiстi құжаттарын дайындадық. Кейбiрiнiң құрылысы 2020 жылға дейiн жоспарланған.

Биыл Бестоғай, Түйетас елдi мекендерiндегi медициналық тiректердiң құрылыс жұмыстары жүргiзiлуде. Сәтiн салса, жыл соңына дейiн пайдалануға берiледi. Ал, Жаңаталап, Тасқұдық, Бiрлiк  елдi мекендерiндегi медициналық тiрек құрылысы мемлекеттiк жекешелiк әрiптестiк шеңберiнде салынуда. Жыл соңына дейiн пайдалануға берiледi.

Дәл осы сияқты мәдениет және спорт саласында да көптен берi шешуiн күткен нысандар құрылысы қарқын алған. Аудан бойынша 11 ауылдық округтiң  8-iнде типтiк үлгiдегi мәдениет нысаны бар. Ал, Ағыбет, Алмалы, Борлысай ауылдық округтерiне клуб салу қажеттiлiгi көптен берi туындаған мәселе. Биыл Бәйдiбек ата елдi мекенiнен 150 орынды мәдениет үйiнiң құрылыс жұмыстары басталды. Алдағы кезде өзге ауылдарға да клуб салып беретiн боламыз. Себебi, ауылдағы мәдениеттiң ошағы – клубтың маңызы зор. Мәдени iс-шаралар ұйымдастырудан бөлек, мерзiмдi басылымдарды, әдеби кiтаптарды алып оқу мүмкiндiктерi артады. Жастардың бос уақытын тиiмдi пайлалануда, тәрбиелiк iс-шаралар өткiзуде ауыл клубтарының атқарар рөлi үлкен. 

Шалдар, Боралдай елдi мекендерiнен және Шаян ауылындағы М.Әуезов атындағы мектеп жанынан спорт залын ашсақ, Шақпақтағы ауыл жастарына да арнап спорт зал салып берсек деген жоспар бар.

Ал, аудан орталығынан 1 млрд. теңгеге жабық жүзу кешенiнiң, жабық теннис кортының  және ашық спорт алаңшаларының құрылыстарын инвестор есебiнен жүргiзуге Бiрiккен Араб Әмiрлiгi мемлекетiнiң өкiлдерi келiсiм берiп отыр. Қазiр құрылыс жұмыстары басталып та кеттi.

-- Инвестор дегеннен шығады, ауданға соңғы кезде инвестиция құюға құмбыл кәсiпкерлердiң келiсi жиiлеген сияқты. Индустрияландыру картасына енген жобалар да жүзеге аса бастағандай.

-- Жыл басынан ауданның негiзгi капиталына тартылған инвестиция көлемiнiң жоспары 5 млрд. теңге болса, 9 айдың қорытындысы бойынша бұл жоспар 23 млрд. теңгенi құрады. Өзiңiз айтқандай, Бәйдiбектiң желi мен күнiн пайдаға асыруға құмбыл жандар аз емес. Баламалы энергия көздерiн өндiру бойынша аудан аумағында жел және күн электр стансаларын салуға бiрнеше кәсiпорын қызығушылық танытуда.

«Жүзiмдiк ветро паркi» (отандық), «Оңтүстiк жел Энерго» (Қытай, Гонконг), «Эмпереал Ренюбл Энерджи Казахстан» (Бiрiккен Араб Әмiрлiгi) сынды жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер аудан аумағынан жел және күн арқылы электр қуаттарын өндiру кешенi құрылысын жүргiзу үшiн жер телiмдерiн алып, зерделеу жұмыстарын жүргiзуде. «Жүзiмдiк ветро паркi» ЖШС-i құрылыс жұмыстарын келесi жылы бастайды. Барлық инвесторлармен аудан  әкiмдiгi арасында меморандум түзiлiп, бүгiнгi таңда ауданға салық төлеушi ретiнде тiркелген. 

Сонымен қатар, өздерiңiзге белгiлi, ауданда 895 гектар жер телiмi «Интернешнл  Фонд Хубара Консервейшн-Қазақстан» корпоративтiк қорына дуадақ өсiруге берiлiп, iрi көлемде шетел инвестициясы тартылған. Онда қазiргi таңда ауданның 130 азаматы еңбек етуде. Инвестор алдағы уақытта өз жобасының 3-шi  фазасын iске қосқан жағдайда жаңадан ашылатын 400-ге жуық жұмыс орнының 80 пайызы аудан тұрғындарына тиесiлi болмақ.

Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында  индустрияландыру картасына енгiзiлген жобаларды жүзеге асырушы кәсiпкерлiк құрылымдар мен инвесторлардың қызығушылығын арттыру мақсатында Боралдай ауылдық округi Жыланды елдi мекенiнен бөлiнген 60 га. жер телiмiне индустриалды аймақ салынуда (жалпы құны 326,6 млн. теңге). Бүгiнгi таңда 268,6 млн. теңге игерiлiп, құрылыс жұмыстарын таяу күндерi толық аяқтаймыз деп отырмыз.

Келесi жылы индустриялды аймақта ет, сүт және мал азығын қайта өңдеу агрокешенi мен томат пастасын шығаратын зауыт салу ойда бар. Бұл жобалардың жалпы құны шамамен 2,1 млрд. теңгенi құрап, жаңадан 86 жұмыс орны ашылатын болады.

-- Бахытбек Төленұлы, Бәйдiбек —    о   бастан ауыл шаруашылығына машықтанған аудан. Соның iшiнде мал шаруашылығымен айналысатындардың қатары қалың. Мал басын көбейту, асылдандыру мақсатында қолға алынған мемлекеттiк бағдарламалардың көпшiлiгi облысымызда осы ауданда жүзеге асып отырған болар?

-- Иә, ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша да мал басы артып келедi. Сол сияқты «Құлан» бағдарламасы бойынша жылына 290 жылқы алу көзделсе, 9 айда 360 жылқы алынды. Жыл соңына дейiн бұл көрсеткiш те арта түспек.

Ал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша алынатын тұсақ мал жылына 2500 бас деп жоспарланған. Тоғыз айда малдың бұл түрi де 7400-ге жетiп, аудан шаруаларының мерейiн өсiрiп отыр. Жылына аудан  10,6 мың тонна ет, 30,7 мың литр сүт, 10,8 млн. дана жұмыртқа өндiруi керек. Меже биiгiнен көрiнерiмiз анық.

10-15 басқа арналған шағын мал бордақылау алаңдарын құру қарқын алған. Отбасылық сүт аулаларын құру тапсырмасы да толық орындалып,  осындай 44 аула жұмыс iстеп тұр.

-- Ауылдағы ағайынды iлгерiде ауызсу, газдандыру мәселелерi де алаңдататын...

-- Сұрағыңыздың астарын түсiндiм. Аудандағы 52 елдi мекеннiң 31-iнде орталықтандырылған ауызсу құбыры бар. Яғни 43 533 тұрғын ауызсумен қамтылған. Ауызсу құбыры жоқ 21 елдi мекеннiң 15-iнде,  яғни Жарықбас, Алмалы, Жұлдыз, Алғабас, Жаңаталап, Талап, Ақжар, Теректi, Қаратас, Қошқарата, Ақтас, Кеңсай, Екпiндi, Жиенқұм, Бiрлiк елдi мекендерiне ауызсу құбырын тарту ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес, 2017-2020 жылдар аралығында жүргiзiледi деп күтiлуде. Қалған 4 елдi мекенге (Үсiктас, Байжансай, Шұқыршақ, Қызылжар елдi мекендерi) шалғайда орналасқандықтан ауызсу құбырын тарту тиiмсiз болып есептелдi.                                                    

Биыл 7 елдi мекенге ауызсу құбыры және 2 магистралды суаққы құрылыстары жүргiзiлдi.

6 елдi мекенге су құбырын тарту үшiн жобалық-сметалық құжаттамалары әзiрленiп, мемлекеттiк сараптамадан өтуде. Ал, бюджеттен бөлiнген 42,4 млн. теңгеге 6 елдi мекеннiң ауызсу жүйелерi жөнделдi.

Ендi газдандыру мәселесiне келейiк, 2017-2018 жылдар аралығында 8 елдi мекендi табиғи газбен қамтамасыз етуге 3 млрд. 302 млн. 432 мың теңге қаржы қарастырылуда (2017 жылға      1 млрд.  443 млн. 264 мың теңге бөлiнген). Қазiр Ақбастау, Боралдай, Шалдар — Бекбау, Жамбыл елдi мекендерiнде жүргiзiлiп жатқан құрылыстар 2018 жылға ауыспалы болып саналады. Келесi жыл соңына дейiн 14 елдi мекендi (Ынтымақ, Жыланды, Түйетас, Амансай, Талап, Сарыбұлақ, Жиенқұм, Жүзiмдiк, Мыңбұлақ, Мәдениет, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Бестоғай, Ақбұлақ) табиғи газбен қамтамасыз ету үшiн жобалық-сметалық құжаттамалары әзiрленуде.

-- Мұндай ауқымды жұмыстарды жүргiзу үшiн аудандық бюджеттiң бүйiрi де қомақты болуы керек шығар?..

-- 2017 жылға бекiтiлген аудан бюджетi 13,5 млрд. теңгенi құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 45 пайызға немесе 4,2 млрд. теңгеге артты (2016 жылы аудан бюджетi 9,3 млрд. теңгеге орындалған). Бұл тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта жеткен үлкен жетiстiк болып есептеледi. Аудан бюджетi кiрiс бөлiгiнiң биылғы жылға жоспары 10,2 млрд. теңге болса, нақты орындалғаны  10,3 млрд. теңге болып, жоспардың 101 пайызын құрады немесе жоспарлы түсiмнен 94,2 млн. теңге артық түстi.

Жергiлiктi бюджет түсiмдерiнiң жоспары есептi мерзiмге 462,8 млн. теңге болса, 9 айдың қорытындысы бойынша нақты орындалғаны  539,6 млн. теңге, яғни жоспар 116,6 пайызға немесе  76,8 млн. теңгеге артық орындалды. Жоспар негiзiнен 27,7 млн.  теңге жеке табыс салығынан, 16,4 млн. теңге салықтық емес түсiмдер есебiнен артық орындалды. 

-- Байқаймын, ауданда елдi мекендердi көркейту, көрiктендiру мәселелерiне көп көңiл бөлiнетiн сияқты...                                          

-- Ауылды ажарландыруға азаматтар айрықша көңiл бөле бастағаны рас. «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша Шаян ауылынан «Балалар аллеясына» субұрқақ (25 млн. теңге) орнату, балалар ойнайтын аттракциондар мен абаттандыру жұмыстары жүргiзiлiп, пайдалануға берiлдi.   

Облыс әкiмiнiң берген тапсырмасына сәйкес, Шаян елдi мекенiнiң аумағындағы Шаян өзенi аңғарынан «Шатқал» бағдарламасы бойынша «Шаян –Екпiндi» елдi мекендерi аралығындағы жолдың бойынан бөлiнген 5,6 га. және «Домалақ ана» зиярат ету орнының аумағынан бөлiнген 64,0 га. жердi абаттандыру жұмыстары (жергiлiктi бюджеттен 103,6 млн. теңге) жүргiзiлдi.

«Шаян—Екпiндi» автожолының бойында 28 000 дана тұт, 170 дана қарағай, 170 дана арша ағаштарының, 6 000 дана раушан гүлдерiнiң көшеттерi егiлiп, 2 108 шаршы метр металл шарбақтардан қоршау орнатылды. Аталған 2 нысандағы абаттандыру жұмыстары әлi де жалғасын табуда.

Ақбастау елдi мекенiндегi Оспанов, Бейбiтшiлiк көшелерiн абаттандыру (құны 138 973,0 мың теңге) жұмыстары атқарылуда. Нысан 2018 жылға өтпелi болып саналады.

— Шаянда үй кезегiнде тұрғандар көп пе? Олардың баспанамен қамтылу мәселесi қалай шешiлуде?

— «Қолжетiмдi тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында Шаян ауылында  бiр пәтерлi 20 тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлуде (облыстық бюджеттен 165,9 млн. теңге), 2018 жылы пайдалануға берiледi.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысын жүргiзу үшiн жер телiмдерiмен қамтамасыз ету мақсатында 55 га жерге инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым жүргiзiлуде.

Аудан бойынша барлығы 1228 азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшiн және өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерiн алуға арнайы кезекке тiркелген.

Оның iшiнде Боралдай ауылдық округiне қарасты Боралдай, Жоғарғы Боралдай, Теректi, Жыланды, Амансай, Талап, Түйетас, О.Тайманов елдi мекендерiнен жеке тұрғын үй құрылысы үшiн және өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерiн алуға арнайы кезек тiзiмiнде барлығы 363 азамат бар.

 Аудан орталығы — Шаян ауылында баспана кезегiне 865 азамат тiркелген. 55 гектар жерге инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жүргiзiлiп бiткен соң кезектегi азаматтарға 326 учаске берiледi.

-- Байыпты сұхбатыңыз үшiн рахмет!

Сұхбаттасқан  Жәмила МАМЫРӘЛI, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper