"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 330.29 -0.71   EUR: 387.27 -3.05   RUB: 5.56 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

ОТАНДЫ СҮЮ ТУҒАН ЖЕРIҢДI СҮЮДЕН БАСТАЛАДЫ

Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 11:06
ОТАНДЫ СҮЮ ТУҒАН ЖЕРIҢДI СҮЮДЕН БАСТАЛАДЫ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы ұлттық сананы жаңартып, рухани жаңғырудың қыр-сырын толық ашып көрсетедi. «Бiз қайта түлеудiң айрықша маңызды екi процесi – саяси реформа мен экономикалық жаңғыртуды қолға алдық. Бiздiң мақсатымыз айқын, бағытымыз белгiлi, ол – әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына қосылу… Мақсатқа жету үшiн бiздiң санамыз iсiмiзден озып жүруi, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиiс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегiне айналады» дейдi Елбасы. Ұлтты ұйыстыратын, нағыз патриоттық тәрбиенiң рухы сезiлетiн «Туған жер» бағдарламасы жөнiнде: «Адам баласы – шексiз зерденiң ғана емес, ғажайып сезiмнiң иесi. Туған жер – әркiмнiң шыр етiп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиеттi мекенi, талай жанның өмiр-бақи тұратын өлкесi. Оны қайда жүрсе де жүрегiнiң түбiнде әлдилеп өтпейтiн жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениетi мен салт-дәстүрлерiне айрықша iңкәрлiкпен атсалысу – шынайы патриотизмнiң маңызды көрiнiстерiнiң бiрi» делiнген мақалада.

Латын әлiпбиiне көшу – Мәңгiлiк Елдiң рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы отаншылдық тәрбиенiң, ұлтжандылықтың кепiлi болмақ.

Қазақта елдiң иесiз, жердiң киесiз болмайтындығы туралы ұғым-түсiнiк бағзыдан бар. Бiздiң бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгiрген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, яғни, бiздi қорғады.

«Туған жер» бағдарламасы ауыл-аймақтың ажарын ашатын, жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие сiңiретiн игi бастама. «Туған жерге туыңды тiк!» деген дана халқымыз. Бұл – әрбiр адамның кiндiк қаны тамған жерiне деген сүйiспеншiлiктi бiлдiредi. Яғни, әрбiр азамат өзiнiң тарихына, мәдениетiне, салт-дәстүрiне терең бойлай бiлуi керек. Туған жерге сүйiспеншiлiк туған тарихыңды тереңнен бiлуден басталады. Елiмiздiң әрбiр тауы мен өзенi, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола бiлген, ел есiнде қалған бiртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың бiлгенi абзал. Сондықтан, бiлiм беру саласында өлкетану жұмыстарын жүргiзiп, тарихи-мәдени ескерткiштердi қалпына келтiру қажет. Ел Президентi ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мәнi – осында.

Негiзiнде «Туған жер» бағдарламасы жинақылықпен және жүйелiлiкпен қолға алынуы тиiс. Бұл жұмысты өз бетiмен жiберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсiндiру қажет. Сонда ғана бағдарлама жалпыұлттық патриотизмнiң нағыз өзегiне айналады. Мақалада айтылған идеялар жүйеленiп, қаржымен бекiтiлiп, әр азаматтың жүрегiнен орын табатын болса, онда ол мәңгiлiк елдiң мәңгiлiк бағдарламасына айналатыны анық.

Санаға өзгерiс енгiзетiн бағдарлама аясында рухани дүниелердiң барлығын қайта қарап, оны жаңғырту бағытында жобалар, бағдарламалар жасалса құба-құп. Әрине, мұның бәрi бiр күнде атқарыла салатын шаруалар емес. Оның үстiне нәтижесiн де көзбен көру мүмкiн емес. Оны мемлекетiмiздiң дамуы мен өсуi, әлемде мойындалуы арқылы бағалай аламыз. Бұл үшiн елiмiздiң құндылықтарын әлемге айқын жеткiзуiмiз керек.

Жүрегi елiм деп соққан әр азамат «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосуы тиiс. Отаншылдық рух туған жерге, туған елге деген махаббаттан басталады. Әр азамат ауылын сүюi, көмек көрсетуi, мақтануы, тарихын бiлуi шарт. Елiмiзде туған жерге деген ерекше құрметтерiн адам жанына жылулық сыйлайтын қайырымдылық шаралар жасау арқылы бiлдiрiп жатқандар бар. Тiптi, басқа аймақтарға көшiп кетсе де туған жерлерiн ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсiпкерлер, шенеунiктер, зиялы қауым өкiлдерi мен жастар жетерлiк. Себебi, туған жерге деген ерекше құрмет – оның көсегесiн көгертуге атсалысу. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезiм, ол әркiмде болуы мүмкiн. Оған тыйым салмай, керiсiнше, ынталандыру керек.

Отанды сүю алдымен туған жерге деген құрмет пен сүйiспеншiлiктен басталады. «Туған жер» жобасының жүзеге асуы Қазақстанның әрбiр азаматының жеке жауапкершiлiгiне де қатысты. Әрбiрiмiзге «Мен елiме не беремiн?!» деп еңбек ететiн, алға ұмтылатын сана қажет. Еңсесiн ендi тiктеген тәуелсiз елiмiз сонда талай рухани биiктерден көрiнерi сөзсiз!

Тыныскүл СИЯЕВА, №49 жалпы орта мектептiң мұғалiмi. Шымкент қаласы.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper