"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 340.11 0.00   EUR: 407.93 0.00   RUB: 5.91 0.00   


18 МИЛЛИОНЫНШЫ ҚАЗАҚ КІМ?

Сәрсенбі, 05 Шілде 2017 09:58
18 МИЛЛИОНЫНШЫ ҚАЗАҚ КІМ?

Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны болып дүниеге келген сәбидің анасының ҚазАқпарат тілшісіне берген эксклюзивті сұхбаты www.inform.kz сайтында жарияланды. Талдықорған қаласының тұрғыны Диана Омарxанова бұл жаңалық отбасы үшін тосынсый болғанын жеткізді. «Өңім емес, тура түсім сияқты. - Сүйінші хабарды жолдасымнан бұрын, енем естіді. Енеммен қуанышты хабарды бірінші болып бөлістім. Әулетіміздің бақыты еселеніп жатқанына мыңда бір шүкір деп, ата-аналарымыз да қуанып жатыр»-дейді жас ана. 18 миллионыншы тұрғынның есімі ерекше екен. Диана сұхбатында : «Жолдасым Самат екеуіміз ақылдасып Муслима деп атадық. Бұл есім «Аллаға бой ұсынушы», «Алланың сүйген құлы» деген мағына береді. Муслиманы 11 мамыр күні кешкі сағат 20:15 босандым. Талдықорған қалалық перинаталдық орталығында сәбиім 3 келі 300 грамм, бойы 51 см болып дүниеге келді» дейді. Отбасы жайлы жаңалықтармен бөліскен ол «Мен өзім Алакөл ауданындағы Үшарал қаласының тумасымын. Жолдасым Ақсу ауданы Суықсай ауылында дүниеге келген. Екеуіміз де жетісулықпыз. Мен 1991 жылы, ал жолдасым 1982 жылы туған. Қуанышты хабарды ата-енемнің үйінде естідік. Өзім де, жолдасым да отбасында төрт ағайындымыз. Мен үйдің тұңғышымын. Жолдасым Бестібаев Самат Еркінбекұлы қаладағы Ломоносов атындағы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Мен №16 орта мектеп гимназиясында дефектолог болып жұмыс істеймін» деген ҚазАқпарат тілшісіне. Бұған дейін 2,5 жасар Сұлтан есімді ұлдары бар екен.

 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper