"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 340.11 0.00   EUR: 407.93 0.00   RUB: 5.91 0.00   


«ЖАСЫЛ ЕЛ» 1275 ЖАСТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИДЫ

Сейсенбі, 04 Шілде 2017 17:21
«ЖАСЫЛ ЕЛ» 1275 ЖАСТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИДЫ

«Жасыл ел» еңбек лагерлеріне тартылатын жастардың басым бөлігі М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының және Шымкент аграрлық колледжі студенттері. Аудан, қалаларда көбінесе жұмыссыз жас азаматтар тартылуда. Олардың орташа еңбек жалақысы 60-65 мың теңге көлемінде. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова хабарлады.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдайлар жасау жайын баяндаған басқарма басшысы 2017 жылға республикалық бюджеттен 63,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 1275 жас сарбаз кезең кезеңімен көгалдандыру жұмыстарына тартылғанын айтса, маусым айында 205 жас жұмыспен қамтылғанын жеткізді. Жазғы студенттік құрылыс отрядтары бойынша аудан, қалаларда салынып жатқан құрылыс нысандарында 424 жас еңбек етіп жатыр. «М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрылыс мамандығы бойынша білім алып жатқан 200-ге жуық студент Қазығұрт ауданы мен Түлкібас ауданындағы арнайы индустриялдық аймақта өндірістік практикадан өтуде. Жалпы облыстағы 12 жоғары оқу орындарының алтауында кәсіптік және өндірістік білім беру мамандықтарында оқитын1106 студент облыстағы 64 кәсіпорындар мен зауыт-фабрикаларда өндірістік практикадан өтуде», - деді Б.Нарбекова. Жалпы жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыруда басқарма тарапынан көптеген жұмыстар ұйымдастырылуда.Солардың бірі барлық аудан, қалалардағы орталықтар жанынан құрылған "Еріктілер мектебі».Бұгінгі таңда облыс бойынша 4 мыңнан астам ерікті жастар бар.Олардың тікелей қатысуымен жыл басынан бері 300-ден астам қайырымдылық іс-шаралар, ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper