"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 330.29 -0.71   EUR: 387.27 -3.05   RUB: 5.56 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

ЖАНДАРБЕКТІҢ ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІ

Жұма, 02 Маусым 2017 20:34
ЖАНДАРБЕКТІҢ ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІ

немесе туған елге Елтаңбамен оралу

Бiрнеше күнге созылған iзденiс пен толқыныс-тебiренiстен соң қалай қолына қалам алып, ақ қағазға алғашқы сызба-бейнелердi түсiре бастағанын өзi де байқамай қалды. Қазақтың болмысы, табиғаты, кешегiсi көз алдынан тiзбектелiп өтiп жатты. Ой-қиялмен ұлан-байтақ қазақ даласын олай да, былай да шарлады: балбал тастар, тастағы таңбалар, көне ескерткiштер, ауыз әдебиетiндегi өлең-жырлар, аңыз әңгiмелер жадында жаңғырды. Қарап отырса, қазақ қашаннан жылқы малын қадiр тұтады екен. «Қарным тойды» деп бүгiнмен шектелмейдi. Болмысында даласындай кеңдiк, аспанындай биiктiк, бұлағындай мөлдiрлiк бар. Қазақтың бояулар туралы танымы мен талғамы да басқаша. Әр бояуға мән бередi. Қарапайым киiздегi, аналарымыздың қолынан шыққан ою-өрнектердегi үйлесiм қандай! Философиясы ше... Әсiресе, қара шаңырақта қандай салмақты пәлсапа жатыр десеңiзшi?! Шаңырақ, жылқы, қанатты пырақ, мүйiз, қошқар мүйiз, мүйiздi пырақ... Жо-жоқ, бұл тым алыста қалған, уақыт шаңы көмiп тастаған символ-нышан ғой. Бүгiнгiлер оны түсiне ме?

Ол қаршадайынан сурет салуға құмар болды. Балдырған шағы сұрапыл соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген ол балалық сезiмдерiн, ой-арманын суретпен жеткiзгендi жаны сүйетiн. Ауылының жанынан ертелi-кеш өтiп жататын пойыздарға қарап отырып, қиялымен тү-у қиянды шарлаушы едi. Сондағы арманы – сәулет өнерiнiң қыр-сырын меңгерiп, қиялдағыдай әсем де зәулiм ғимараттар салу...

Уақыт өте келе Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Елтаңбасының авторы атанған сәулетшi Жандарбек Мәлiбеков осылайша балалық арманының жетегiмен Ташкент қаласына жол тартты.

Сондағы политехникалық институттың сәулет өнерi факультетiне қиындықсыз түсiп, жақсы бiтiрдi. Сәулетшiге сусап отырған Ташкент қаласының басшылығы талантты жас маманды сыртқа жiбермедi. Жалпы, құрылыс, сәулет, әсiресе көне ескерткiштер жөнiнен даңқы шыққан республикада қазақ ұланы тез көзге түсiп, қызмет сатысымен жедел өстi. «Шын мықтыға тұсау жоқ» дейдi емес пе? Бiлiмi мен табиғи талантының арқасында басқа түгiлi Ташкенттiң өзiнде туып-өскендерге армандай болған қызмет те, мемлекеттiк маңызды жобалар да Жандарбектi өзi iздеп тауып жатты. Ол аз жылда Өзбекстан Сәулетшiлер одағының мүшесi, Өзбекстанның еңбек сiңiрген сәулетшiсi атанды. 1982 жылы Қарақалпақстанның астанасы Нөкiс қаласының орталығын абаттандыруға байланысты Кеңес Одағы бойынша өткiзiлген байқауда бiрiншi орын алды. 1985-1990 жылдары Кеңес Одағы бойынша өткiзiлген бiрнеше архитектуралық байқаулардың жеңiмпазы болды. Наманган, Самарқан, Әндiжан, Ферғана, Ташкент қалаларының орталықтарын безендiру мақсатында өткiзiлген бәйгелерде жеке авторлық еңбегi үшiн I және II дәрежелi сыйлыққа ие болды. Ташкенттегi метроны салуға қатысып, II дәрежелi сыйлықтың иегерi атанды. Бәрi де бар, бәрi де жеткiлiктi сияқты. Тек...

 Туған елдi көп ойлайтын. Елден алыстау жүрсе де құлағы түрiк. Қазақстанның жаңалықтарын қалт жiбермейдi. Газет-журналдарын үзбей оқиды. Әсiресе, Одаққа қараған ұлттық республикалар егемендiк алған тұста сәулетшiнiң есiл-дертi ел болды. Бiрде газеттен Қазақстан ұлттық рәмiздерiнiң жобасына конкурс жарияланғанын оқып, қатты толқыды. Сол түнi дөңбекшiп ұйықтай да алмады. Алғашқыда бiр түрлi қызық көрiнiп, Ресейден бастап, басқа да республикалардың тулары мен гербтерiн салыстыра қайта қарап шықты. Бәрi бiр-бiрiне ұқсайды. Көшiрме екендерi көрiнiп тұр. Бұрын назар аудармаған екен. Қызығушылықпен шетелдердiң рәмiздерiн қарай бастады. Әдебиеттердi ақтарды. Қазақ тарихын парақтады. Бiр қызыққа тап келдi. Байқап қараса, ту да, герб те қазақ даласы үшiн тосын жаңалық емес екен. Әр тайпа, әр рудың белгiлi тұлғалардың таңбалары болыпты. Тудың да түр-түрi кездеседi: жалауша, жалау, ту, байрақ... Сайрап, үзiлмей жатқан сабақтастық сонау Алтын адамға дейiн апарды.

Түсiнген адамға мемлекеттiк рәмiздердiң мәнi тереңде. Басқа жұрт рәмiздерiмiзге қарап бiздiң елдiң, халықтың ерекшелiгiн тануы тиiс, бүгiнiн бiлiп, болашағын көз алдына келтiре алуы керек. Ахмет Байтұрсынов Алаш мемлекетiнiң рәмiздерiн жасау кезiнде «Таңбасына қарай елiн тануға болады» дептi. Өте дұрыс тұжырым ғой...

Бiрнеше күнге созылған iзденiс пен толқыныс-тебiренiстен соң қалай қолына қалам алып, ақ қағазға алғашқы сызба-бейнелердi түсiре бастағанын өзi де байқамай қалды. Қазақтың болмысы, табиғаты, кешегiсi көз алдынан тiзбектелiп өтiп жатты. Ой-қиялмен ұлан-байтақ қазақ даласын олай да, былай да шарлады: балбал тастар, тастағы таңбалар, көне ескерткiштер, ауыз әдебиетiндегi өлең-жырлар, аңыз әңгiмелер жадында жаңғырды. Қарап отырса, қазақ қашаннан жылқы малын қадiр тұтады екен. «Қарным тойды» деп бүгiнмен шектелмейдi. Болмысында даласындай кеңдiк, аспанындай биiктiк, бұлағындай мөлдiрлiк бар. Қазақтың бояулар туралы танымы мен талғамы да басқаша. Әр бояуға мән бередi. Қарапайым киiздегi, аналарымыздың қолынан шыққан ою-өрнектердегi үйлесiм қандай! Философиясы ше... Әсiресе, қара шаңырақта қандай салмақты пәлсапа жатыр десеңiзшi?! Шаңырақ, жылқы, қанатты пырақ, мүйiз, қошқар мүйiз, мүйiздi пырақ... Жо-жоқ, бұл тым алыста қалған, уақыт шаңы көмiп тастаған символ-нышан ғой. Бүгiнгiлер оны түсiне ме?

Есiл-дертi елтаңбаның жобасын жасауға ауған сәулетшi уақыттың қалай өтiп жатқанын байқамады. Күндердiң күнiнде сызба-бейнедегi түрлi символ-нышандардың алғашқыдай жан-жаққа тартпай, бiрiн-бiрi толықтырып, тұтасуға беттегенiн байқап, алғаш рет көңiлде үмiт оты тұтанды. Ендi форма мәселесiн шешiп алу керек. Иесiнiң ойын айтқызбай жеткiзуге үйренген қалам бар нышанды үйiрiп, бiр дөңгелекке сыйғызып барады. Түс те маңызды рөл атқарады. Әлем-жәлем етуге болмас. Бiрер бояумен шектелген жөн шығар. Алтынсары, аспанкөк, қоңыр...

Қағаздағы сызба бiр жобаға келген соң оны конкурс шартына орай тиiстi көлем формада жасап шығу керек болды. Бұл аса қиындық туғыза қойған жоқ. Шеберхананың қыр-сырын әбден меңгердi емес пе? Бәлкiм, осындай маңызды iске Мәлiбековтi Алла тағала өзi дайындаған шығар?! Осынау тарихи iспен айналысып жүргенде Төле би бабасы жиi еске түсетiн. Содан бейiтiнiң басына жиi баратын. Кезiнде сондағы кесене-мешiттiң жобасын жасаған болатын. Содан ба, Қарлығаш әулиенiң әруағы қолдайтындай...

Конкурсқа түскен жобалар қаралатын күн де келiп жеттi. 245 жоба түсiптi! Көп-ақ. Алайда, Мәлiбековтiң көңiлiнде нық сенiм бар. Жүрегi алдамапты. Үздiк шыққан бұның жобасы Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен Жоғарғы Кеңес депутаттарының талқылауына түстi. Автордың о бастағы бiр күдiгi расқа айналды. Елге белгiлi бiр депутат ә дегеннен Елтаңбаның екi қанатын ұстап тұрған қос пыраққа тиiстi. «О заман да бұ заман, осындай көкке шаншылған бунақты мүйiзi бар жылқы бола ма?» деп сұрақты қабырғасынан қойды. Жақсы әсерде отырған бiраз халық қалаулылары ойланып қалғандай. Әлгi пiкiрдi қолдаушылар да жоқ емес сияқты. Осылай таразы басы теңселiп тұрған тұста ортаға суырылып депутат, қаламгер Әбiш Кекiлбай шықты. Қазақ, жалпы әлем тарихының бiлгiрi емес пе?! Айтып-айтып келiп, әңгiме жылқы фермасының жануары туралы өрбiп отырмағанына назар аударды. Таразы басы жобаға қарай қайта ауды.

Тағы бiреулер «бес жұлдыз келмеске кеткен Кеңестер Одағының символ-нышаны» деген әңгiме қозғады. Оларды Нұрсұлтан Әбiшұлы тоқтатты. Елбасы жұлдыз нышанның Кеңестер Одағынан көп бұрын пайда болғанын, қазақ халқында әркiмнiң өз жұлдызы бар деген сенiмнiң ықылым замандардан берi келе жатқанын тiлге тиек еттi...

Жоба бiр-екi түзетумен ғана қабылданды! Бұл Жандарбектiң жұлдызды сәтi болатын. Авторға Елтаңбаның 2,20х2,20 метр көлемiндегi түпнұсқасын жасау тапсырылды. Бұған қоса Қазақстан Президентiнiң мөртаңбасын да жасауы керек. Ташкентке құстай ұшып жеткен Мәлiбеков таңды таңға ұрып жұмысқа кiрiстi. Түпнұсқаның аты түпнұсқа ғой. Жобаға жан бiтiп, жанданып, жарқырап шыға келедi. Бұл ендi пенопластан жасалған 50х50 сантиметр көлемдегi жоба емес. Алматыға жеткiзу үшiн арнайы көлiк керек. Көршiлес Оңтүстiк Қазақстан облысы басшысының бiрiншi орынбасары Сансызбай Бекбосынов көмек қолын созды. Жүйткiп тұрған жүк машинасын жiбердi.

Тәуелсiз Қазақстанның тұңғыш мемлекеттiк Елтаңбасын машинаға артып, Алматыға қарай жол тартқандағы автордың қуанышын қазiр сөзбен айтып жеткiзу мүмкiн емес. Жүргiзушi де бiр мың болғыр азамат екен, оның да жүзi алабұртып келедi. Өзiнiң ел тарихындағы ең бiр маңызды оқиғаға қатысы барын сезбедi деймiсiз?!

Арада бiр күн өткенде Жоғарғы Кеңес ғимаратының маңдайшасындағы көшiрме Елтаңба алынып, орнына жаңа елдiң жаңа Елтаңбасы орнатылды. Елтаңба авторы да туған елiне бiржола оралды.

Р.S. Бүгiнде Қазақстанның мақтанышына айналған Елтаңба осылай жасалған-ды. Биыл мiне, 25 жыл толып отыр. Иә, Жандарбек Мәлiбеков туралы он-сан мақала жарияланды.

Арнайы кiтап та жазылды. Бiрақ Елтаңбаны жүк көлiгiмен Ташкенттен Алматыға жеткiзген азаматтың аты-жөнi ескерiлмептi. Автор осыған өкiнедi екен. Бiз осы мақаланы оқыған соң сол азаматтың өзi немесе оның таныстары редакцияға бiр хабар айтар деп үмiттенемiз.

Жарқынбек ТӨЛТЕБАЙ, Дүниежүзi қазақтар қауымдастығы оңтүстiк аймақтық филиалының жетекшiсi.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper