"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҰЛАҒАТТЫ АНА – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

Сейсенбі, 23 Мамыр 2017 11:06
ҰЛАҒАТТЫ АНА – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

 

Үмiтхан АЛТАЕВА, «Оңтүстiк Қазақстан».

Оңтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесiнiң түпкi мақсаты – отбасы институтын нығайту арқылы ел бiрлiгiн қамтамасыз ету. Бүгiнгi таңда өңiрде құрамында 1130 мүшесi бар 202 аналар кеңесi жұмыс iстейдi. Осы 1130 ананың 430-дан астамы педагог, 80-нен астамы дәрiгер, 275-i зейнеткер, 90-ға жуығы мәдениет қызметкерi,100 шақтысы жеке кәсiпкер, 70-i мемлекеттiк қызметшi, 20-дан астамы әлеуметтiк қызметкер, 50-ден астамы көп балалы ана.

 

Аналар кеңесi ажырасудың алдын алып, отбасы ынтымағын нығайту, жас ұрпақ тәрбиесi, жасөспiрiмдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық секiлдi өзектi мәселелердi күн тәртiбiнен түсiрген емес. Осыған орай 400-ден астам iс-шара ұйымдастырылып, ауқымды бастамалар қолға алынған.

– Әйел бақыты – қоғам бақыты, әйелге жағдай жасай алмаған қоғамның келешегi күңгiрт, өйткенi әйел жоқ жерде тәрбие ақсайды. Тәрбие ақсаса, ұрпақ дұрыс қалыптаспайды. Келешегiн ойлаған ел, ең алдымен әйел-ананың әлеуметтiк жағдайына көңiл бөледi. Өкiнiшке қарай, бүгiнде адамдардың ата-ана, перзент, отбасы алдындағы парыз, борыш, мiндет секiлдi қастерлi ұғымдарға немқұрайды қарауынан қоғамда түрлi қылмыстар мен қатыгездiктер орын алып, дәстүрлi отбасылық құндылықтарға қауiп төнiп отыр. Бүгiнгi қоғамда немересiн бауырына басып, мейiрiмiн төгiп тәрбиелейтiн ата-әжелер жоқ дей алмаймыз. Дегенмен де «қартайғанымда сендердiң балаларыңды бағатын жайым жоқ» деп үйлене салысымен жастарды бөлек шығарып жiберудi көздейтiн ата-аналар да табылады. Бұл жәйт ұлттық дәстүрден алшақтап кеткенiмiздi көрсетедi. «Ана тәрбиесi – ұрпаққа аманат», «Үлкен ел – үлкен отбасы» секiлдi форум, акция, iс-шараларымыздың көздеген мақсаты да осы, отбасы ынтымағын нығайтуға атсалысу, – дейдi облыстық аналар кеңесiнiң төрайымы Балхия Көмекбаева.

Соңғы кезде мектеп жасындағы қыздардың түсiк жасату оқиғалары қоғамды толғандырған өткiр мәселеге айналды. Ұлт трагедиясына айналып бара жатқан осынау келеңсiз құбылыстан қайтсек арыламыз? Мiне, аналар кеңесi осындай келеңсiздiктердiң алдын алу мақсатымен қала, аудан, ауылдық округтерде мектеп оқушылары мен студенттер арасында тұрақты тәрбиелiк кездесулер өткiзудi үрдiске айналдырды.        

Облыстық аналар кеңесiнiң құқық қорғау органдары қызметкерлерi және жоғары, орта арнаулы оқу орындары студенттерiмен бiрге тұрақты өткiзiп тұратын семинар-тренингтерi ана мен баланың құқығын қорғауды, сондай-ақ түрлi зорлық-зомбылықтарға жол бермей, оның алдын алуды мақсат тұтқан. Осы орайда Шымкент қаласындағы №№8, 35, 37 мектептердiң оқушылары, М.Әуезов атындағы ОҚМУ және «Авиценна» медицина колледжi студенттерiмен өткен семинар-тренингтер жастарды өз мүдделерi мен құқықтарын қорғай бiлуге баулып, азамат болып қалыптасуына оң ықпалын тигiздi десек, асыра айтқанымыз емес. Жергiлiктi жерлердегi аналар кеңестерiнiң мүшелерi iшкi iстер органдары және бiлiм бөлiмi қызметкерлерiмен бiрге жастар мен жасөспiрiмдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған рейдтiк шаралар ұйымдастырады. Аналар кеңесi өткiзген «Ақ орамал» акциясы ел азаматтарын ұлтына, тiлiне, әлеуметтiк, дiни және басқа да ерекшелiктерiне қарамастан бейбiтшiлiк пен ынтымақты арттыруға үндейдi, халқымыздың ежелгi дәстүрi татуластыру салтын жаңғыртуды көздейдi.

Жұрт болып жиылып, көп болып кеңесiп, жаңа толқын – жас ұрпақтың терiс қадамын түзеп, бағыт-бағдарын айқындап отыру – ардақты аналарға артылған аса жауапты мiндет. Сондықтан да сындарлы iстен ешкiм сырт қалмауға тырысады.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper