"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 330.29 -0.71   EUR: 387.27 -3.05   RUB: 5.56 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

ЕКI ЕЛ ДОСТЫҒЫНЫҢ ДӘНЕКЕРI

Сейсенбі, 23 Мамыр 2017 11:04
ЕКI ЕЛ ДОСТЫҒЫНЫҢ ДӘНЕКЕРI

Қазақ пен өзбек арасындағы мызғымас достықтың дәлелiндей болған, екi ел арасындағы дәнекер ұйым – Өзбекстан Республикасындағы қазақ ұлттық мәдени орталығының құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Сонымен бiрге Өзбекстан ұлттық телеарнасындағы қазақ тiлiнде жүретiн «Дидар-Замандас» бағдарламасы 50 жылдан берi эфирге шығып келедi.

Осынау мерейлi қос мерекеге орай кешегi сенбiде Ташкент төрiнде дүбiрлi той өттi. Оған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлi Қалмұратов бастаған ОҚО делегациясы арнайы барып, көршi елдегi қазақ ағайындарды төл мерекелерiмен құттықтады.

– Өзбекстанда қазiргi таңда қазақша оқытатын 396 мектеп бар. Қазақ мектептерiн бiтiргендер үшiн 4 арнаулы оқу орнында бiлiмiн жалғастыруға мүмкiндiк жасалған. Мәдени орталықтың жанынан құрылған әдебиет клубы өзбекстандық қазақ тiлдi ақын-жазушылардың кiтабын шығаруға мұрындық болуда. Олардың шығармалары бiртiндеп өзбек тiлiне де аударылып басылуда, – дейдi Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серiкбай Үсенов.

Айтулы тойға Өзбекстанның барлық облысынан делегаттар жиналыпты. Әсiресе, ел аумағындағы облыстық, аудандық қазақ мәдени орталықтары тайлы-тұяғымен жеткен. Қазақстандық делегация алдымен Төле би және Шымыр аталардың кесенелерiне зиярат еттi. Жиналған жұрт мұнан соң Тәуелсiздiк саябағындағы «Тәуелсiздiк және iзгiлiк» ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды. Қонақтарды Қазақстанның Өзбекстандағы елшiсi Ерiк Өтембаев арнайы қабылдап, жиылған жұрт елшiлiк алдындағы Абай ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды.

– Қазақ-өзбек достығын мәңгiлiк ету жолында елшiлiк тарапынан көптеген жұмыстар жүргiзiлуде. Төле би, Әйтеке би бабаларымыздың кесенелерi ретке келтiрiлiп, айналасы абаттандырылды. Абай ескерткiшi орнатылып, Абай даңғылы ашылды. Тараз мемлекеттiк университетi мен Жызақ педагогикалық институты арасында меморандумға қол қойылды. Бұл өзбекстандық қазақ студенттерiнiң Қазақстанда бiлiмiн жалғастыруына, қазақстандық жастардың өзбек елiнде бiлiм алуына мүмкiндiк туғызбақ. Әрi екi ел оқу орындарының дипломдары бiр-бiрiне жарай беретiндiгiне негiз қаланады. Бұл – үлкен жетiстiк. Ал, мұндай игi iстi жүзеге асырып отырған Қазақстан елшiлiгiне елдiң айтар алғысы шексiз, – дейдi өзбекстандық ғалым-академик Бәкiр Серiкбаев.

 Мерекелiк iс-шара барысында екi ел арасын жақындатып, әдебиет, өнер салаларында достықты ту еткен азаматтарға мерейтойлық медальдар табыс етiлiп, өзбекстандық 6 қазақ ақын-жазушының кiтаптарының тұсауы кесiлдi. Өзбекстандағы ұлттық мәдени орталықтар орналасқан зәулiм ғимарат алдына қазақтың киiз үйлерi тiгiлiп, ұлттық өнер бұйымдарының көрмесi ұйымдастырылды. Ал, қазақ елiнен арнайы (Сарыағаш, Қазығұрт, Мақтаарал аудандарынан) әкелiнген үш киiз үйде дастарқан жайылып, қазақтың дархан пейiлi паш етiлдi.

Ташкенттегi «Түркiстан» салтанат сарайында өткен ресми iс-шарада Оңтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлi Қалмұратов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбайдың және облыс әкiмi Жансейiт Түймебаевтың мерейтойға арнаған құттықтау хаттарын оқып бердi. Қазақстаннан әкелiнген 750 дана кiтап Өзбекстанда тұратын ағайындарға тарту етiлдi.

– Ташкенттiң төрiнде қазақ әндерi шырқалып, қазақ үнi өшпесiн деген ниетпен сiздерге Қазақстаннан домбыра мен қобыз алып келiп отырмыз. Бұдан бөлек, Оңтүстiк жұртшылығы атынан қазақ мәдени орталығына барлық жасау-жабдығы бар ақшаңқан киiз үй тарту етемiз, – дедi М.Қалмұратов.

Салтанат сарайына жиналған жұртшылықтың назарына Қазақстан және Өзбекстан өнер жұлдыздарының концерттiк бағдарламасы ұсынылды. Өзбекстандық ағайындар әсiресе айтыс, терме, халық әндерiне сусап-ақ қалған екен. Сахнадан қазақстандық өнерпаздар ән салғанда ырғақты әуенге мың бұрала би билеп, қызу қол шапалақтап жатты.

– Екi ел арасындағы әдеби, мәдени байланысты әрi қарай да дамыта түсiп, ұрпақтан-ұрпаққа осы достықты мұра етiп қалдырсақ, одан өткен үлкен арман болмас едi, – дейдi республикалық «Достық» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов.

Ылайым, солай болғай!

Жәмила ЖАЙЛАУБЕК.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper