"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МӘҢГI ҚАРЫЗДАРМЫН!»

Сенбі, 30 Желтоқсан 2017 20:50
«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МӘҢГI ҚАРЫЗДАРМЫН!»

 

Дамира МОЛДАНАЗАРОВА, «Оңтүстiк Қазақстан».

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында белгiлi қоғам қайраткерi, тiл жанашыры, филолог-ғалым Асылы Османмен кездесу өттi.

 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, ұлттық бiрегейлiктi сақтау, қазақстандықтарды бiрiктiрушi мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру сынды байыпты бастамаларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға этномәдени бiрлестiк төрағалары мен зиялы қауым өкiлдерi, студенттер қатысты.

– Асылы апамызды мемлекеттiк тiлдiң мерейiн асқақтатып жүрген қайраткер ретiнде жақсы танимыз. Ол кiсi «Мемлекеттiк тiл» қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары қызметiн атқара жүрiп талай iс тындырды. Бүгiнгi кеште «Достық», «Парасат» ордендерiнiң иегерi Асылы Әлиқызымен кездесiп, оның өмiрi мен шығармашылығы, қазақ елiне сiңiрген еңбегi жайында кеңiнен әңгiме қозғалды. Қазақ тiлiнiң мәртебесi жайлы өзектi мәселе көтерiп, халықаралық ғылыми-конференцияларға қатысып, орамды ой айтып жүрген тiл жанашырына қандай құрмет көрсетсек те жарасады, – дедi облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлi Қалмұратов.

«Шешемiз ертеректе қайтыс болып кеттi. Мен және бауырларым 9 жастағы әпкем Гүлсара мен көршiмiз Айтбике жеңешенiң арқасында адам қатарына қосылдық. Соншалықты қиын заманда қынадай қырылған адамдардың арасынан аман қалғанымыз үшiн әуелi Аллаға, одан кейiн қазақ халқына мәңгi қарыздармын!» деген Асылы Әлиқызы жастарды бiрлiкке үндей отырып, адал еңбек етуге шақырды.

– Бiз қазiр «қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған» заманда өмiр сүрiп жатырмыз. Болашағымызды баянды ету үшiн Елбасы жүйелi саясат жүргiзiп отыр. Олай болса, бәрiмiз бiрiгiп, бiр мақсаттың төңiрегiне топтаса түсуiмiз керек, – дедi А.Осман. Сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселелерге тоқталып, қазақ тiлiн латын графикасына көшiрудi толық қолдайтынын жеткiздi.

Кездесуде көрермендер көкейдегi сұрақтарын қойып, пiкiрлестi. Мұратәлi Оразалыұлы Асылы Әлиқызына қазақы қамзол кигiзiп, сый-сияпат жасады.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper