"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ӘЛIМТАУДАҒЫ ЕКI ӘУЛИЕ ҰМЫТ ҚАЛМАСЫН

Бейсенбі, 19 Қазан 2017 11:00
ӘЛIМТАУДАҒЫ ЕКI ӘУЛИЕ ҰМЫТ ҚАЛМАСЫН

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында цифрлық технологиялар дамыған дәуiрде Қазақстан өзiнiң ұлттық құндылықтарын, мәдениетi мен салт-дәстүрiн сақтауы керек екенiн айтқан болатын. Бұл қазақ халқының келешегiне жасалынған үлкен қамқорлық. Тарихымыз бен рухани байлығымызды сақтап әрi ұрпаққа аманаттау, жастарды ұлттық салт-дәстүр бойынша тәрбиелеу – үлкендердiң мiндетi.

 

Сарыағаш ауданы Әлiмтау ауылында жарты ғасырдай тұрдым. Бүгiн сол аумақтағы есепке алынбаған қасиеттi екi әулие туралы айтқым келедi.

Шығыстан батысқа қарай ұзындығы 12-13, енi бiр шақырымнан астам, созыла орналасқан қырат Әлiмтау аталады. 1975 жылы жаңа ашылған совхоз осы қыраттың атымен аталған болатын. 92 мың гектар жерi бар ауыл солтүстiгiнде Қожатоғай елдi мекенiмен шектеседi.

Қалмақ шапқыншылығы кезiнде кiшi жүздiң әлiм руы жайлағанына орай қыраттың атауы Әлiмтау аталыпты. Осы қыраттың шығысындағы 6-7 шақырымдай бөлiгi басталар тұсында үлкен ойпаң шұңқыр кездеседi. Шұңқырдың қырат басталар жерiндегi беткейiнде Пәрпi ата деген әулие бар. Аумағы екi бөлмелi үйдей, төменгi жағында еңкейiп өтуге болатын тесiгi бар, жоғарғы жағы шығыңқы, ернеуi үгiлмелi ақ шағыл тас. Еспе құмның ортасында жалғыз өзi орналасқан. Төменiректегi ескi зираттағы қабiрлердiң үйiндi топырағы тегiстелiп кеткен. Бастарына белгi қойылмаған. Бұл әулие Арыстанбаб, Ойсылқара (осы жерден бес-алты шақырым жерде), Түлкiшi ата, Зеңгi ата атты әулиелердiң тұсында өмiр сүрген дейдi (шамамен VII-VIII ғасырларда). Қай жылдары, қанша жыл жасағаны туралы нақты дерек жоқ. Оралбек Арынов қарияның айтуынша, Пәрпi ата 40 жасында дүниеден өтiптi. Көне аңызда ислам дiнiн насихаттау мақсатында араб елдерiнен келген делiнедi.

Пәрпi ата – жас балалар әулиесi.

«Мен сырт жерде қалдым ғой» деп Алла-тағалаға мiнәжат еткенде «Сен балиғат жасына жетпеген жас балалар әулиесi боласың. Кез келген сырқатына көмегiң тиедi» деген екен Жаратқан. Шынында да кеселiне дауа табылмаған жас балалардың осы жерден шипа тауып сауығып кеткендерiн естiгенбiз. Көпшiлiк бiле бермейтiн, шеткерi орналасып, ескерусiз қалған әулие. Басында баспана, су көзi, шырақшысы жоқ (кейiнгi кездерi бiреулер шырақшылық етiп жүр деп естiдiм) киелi орын Әлiмтау елдi мекенiнiң орталығы Малайқұдықтан 20 шақырым жерде. Пәрпi әулиеге ниет еткен кiсi жетi шелпегiн пiсiрiп, үш рет барып, зиярат етiп, Құран бағыштайды.

Әлiмтау қыратынан солтүстiкке қарай 7-8 шақырым жерде Қожатоғай мен Әлiмтау елдi мекендерiнiң түйiскен тұсында дөңгелек қазаншұқыр, айнала жиегi тiк 2-3 метр биiк керiш тасты, табиғи қоршаулы жер кездеседi. Сол тас кемердiң күнбатыс жағалауының төменгi жағында кермек сулы құдықтар бар. Бiр ғажабы, құдық суы ернеуiне дейiн толып тұрады. Кей-кездерi тасып ағып жатады. Тас кемердiң осы бетiнiң орта тұсындағы үңгiрдiң бiраз қабаты құлап, кiреберiсiн басып қалған. Үңгiрдiң қаншалықты терең екенi белгiсiз. Оралбек қарияның айтуынша, кей кездерi кешкiлiк үңгiрден екi серке шығып, тастан-тасқа секiрiп ойнайды екен. Сондықтан бұл әулиенi жұрт Серкелi әулие деп атайды. Iндетке ұшыраған малды осы жерге түнетедi. Сондай-ақ, ауру-сырқау кiсiлер осында Алладан медет тiлеп келедi.

Малайқұдықтан батысқа қарай 8 шақырым жердегi қасиеттi Жабай ата әулиенi көпшiлiк жақсы бiледi. Үлкен кесене салынып, тiркеуден өтiп, ресiмделген. Электр жарығы барған. Шағыл жол төселген. Артезиан құдығы қазылып, су шығарылған, тал-терек отырғызылған. Зиярат етушiлерге жағдай жасалған. Жоғарыда айтылған орындарды да тiркеуге алып, жол, су, баспана жағдайын ретке келтiрсе, киелi жерлерiмiздiң қатары көбейiп, тарихта қалары анық.

Осындай асыл мұраларымызды жастарымыз танып-бiлiп жүрсе, көңiлдерiнде туған жерге деген сүйiспеншiлiк сезiмi оянып, тәрбиелiк тағлымы еселене түсер едi.

Жаңабай ТӨЛЕУIШ, зейнеткер. Шымкент қаласы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper