"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҚАЗАҚТАРҒА ДӘН РИЗА

Сейсенбі, 17 Қазан 2017 10:09
ҚАЗАҚТАРҒА ДӘН РИЗА

 

Сенбiде Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының мәжiлiс залында корей этносының тiлi, мәдениетi және салт-дәстүрi күнi өттi.

 

Мерекелiк шарада облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Сәдiбеков құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкiмi Ж.Түймебаевтың құттықтауын жеткiздi. Сондай-ақ, елдiң бiрлiгi мен қоғамдық келiсiмдi сақтауға сүбелi үлес қосып жүрген бiрқатар азаматтарды марапаттады.

– Қазақстандағы ұлтаралық қатынастың дамуына корей халқы өкiлдерiнiң қосқан үлесi зор. Қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктi сақтау жолындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруда табысты еңбек етiп келе жатқан корей этномәдени орталығы 1989 жылы құрылған. 1997 жылдан бастап «Қазақстан корейлерi қауымдастығы» республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң филиалы ретiнде жұмыс iстеуде. Этномәдени бiрлестiк жанынан ардагерлер алқасы мен жастар қанаты, жексенбiлiк мектеп, «Маранбон» фольклорлық ансамблi және Кентау қаласында, Сарыағаш, Мақтаарал, Сайрам, Төлеби аудандарында филиалдары жұмыс iстейдi. Корей халқы еңбекқор келедi. Сөздiк қорымызға «жер аударылғандарына» емес, «бiрге тұрып жатқанымызға» 80 жыл деп түзету енгiзу қажет, – дедi облыс әкiмiнiң орынбасары Ұласбек Сәдiбекұлы.

Бұдан кейiн сөз алған корей этномәдени бiрлестiгiнiң төрағасы Роза Пак қазақ халқына деген шексiз ризашылықтарын бiлдiрдi. Айта кетейiк, 1937 жылдан бастап елiмiздiң әр аймағына 100 мыңдай қиыр шығыс кәрiстерi қоныс тептi. Оларды қазақтар құшағын айқара ашып, емен-жарқын көңiл- күймен қарсы алды. Бiр кездерi жер аударылып, жол азабынан қажып келген корейлер бүгiнде Қазақстанда өсiп-өнiп отыр. Биыл Қазақстандағы корей ұлтының 80 жылдығы кеңiнен аталып өтiлуде.

Мерекелiк кешке келушiлер корей этносының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесiн, этномәдени бiрлестiк жанындағы шығармашылық ұжымдардың концерттiк бағдарламасын тамашалады.

Д.КАМАЛ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper