"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ДОСТЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА СЫЗАТ ТҮСПЕСIН

Жұма, 13 Қазан 2017 21:02
ДОСТЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА СЫЗАТ ТҮСПЕСIН

 

Қырғыз президентi Алмазбек Атамбаев 7 қазанда Бiшкек маңындағы Ала-Арча мемлекеттiк резиденциясында ел азаматтарына мемлекеттiк наградалар тапсыру рәсiмiнде сөйлеген сөзiнде Қазақстанға қатысты негiзсiз айыптаулар айтқан болатын. Елiмiздiң Сыртқы iстер министрлiгi оған ресми түрде жауап қатты. Дегенмен, Қырғызстан президентiнiң айыптаулары ел тұрғындарының да наразылығын туғызуда.

Осы жағдайға қатысты редакцияға хабарласып, ойын ортаға салған азаматтардың пiкiрлерiн оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдiк.

 

Жеңiсбек МӘУЛЕНҚҰЛОВ, ОҚО ардагерлер кеңесiнiң төрағасы:

– Қазақ пен қырғыз халықтары әуелден туысқан, бауырлас халықтар. Екi елдiң бiр-бiрiне деген пейiлi ақ. Өкiнiшке қарай, Алмазбек Атамбаев өзiнiң президенттiк дәрежесiне жараспайтын, ағат мәлiмдеме жасады. Президенттiк институттың халықаралық қатынастар саласындағы басты функциясы негiзiнен ынтымақтастық, серiктестiктi нығайту, екi ел арасындағы достыққа дәнекер болу секiлдi жайттардан тұрады. Әсiресе, өз қызметiнен кеткенде басшы өзiнен кейiнгi ел басқаратын тұлғалар үшiн жақсы жағдай жасап кетуi тиiс, екi көршiлес мемлекеттiң достық бағытынан ажырамауына септесуi керек. Ал, Атамбаевтың әрекетi бұған қарама-қайшы болып отыр.

Дегенмен, бұл мәлiмдеменiң шындыққа сәйкес келмейтiнiн екi елдiң халқы да бiлiп отыр. Халықаралық қауымдастық та Қазақстанның жеткен жетiстiктерiн мойындайды. Биыл 1 желтоқсаннан бастап Қырғызстанды басқа адам басқарады. Және де қазақ-қырғыз қарым-қатынасы ретке келедi деп ойлаймын.

 

Әбiлқасым ДОСБОЛОВ, Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты:

– Сайлауда өзiнiң жеңiлiп қалуы мүмкiн екенiн сезген Атамбаев жағымсыз әрекеттерге бара бастады. Көршi мемлекеттiң iшкi iсiне араласып, тұтас ел мен оның басшысына негiзсiз айып тағып, қара күйе жағу әрекетi дипломатияда жол беруге болмайтын әдет.

Қазақстанда халықтың әлеуметтiк жағдайы жылдан- жылға жақсарып келе жатқанын бүкiл дүниежүзi көрiп, бiлiп отыр. Сондықтан Атамбаевтың зейнетақы мен тарифтерге қатысты айтқандары шындыққа сәйкес келмейдi.

Дегенмен, бұл мәлiмдемеге қатысты елiмiздiң Сыртқы iстер министрлiгi ресми түрде лайықты жауап бердi. Олай болса, бiр саясаткердiң жаңсақ пiкiрi үшiн бүкiл қырғыз халқын айыптауға болмайды. Екi ел арасындағы достық пен экономикалық ынтымақтастықты сақтап қалуға тиiспiз.

 

Икрам ХАШИМЖАНОВ, Республикалық «Дустлик» өзбек этномәдени бiрлестiгiнiң төрағасы:

– Жуырда ғана ағайын саналатын көршiлес қырғыз елiнiң басшысы А.Атамбаевтың бiздiң елiмiзге қарата айтқан мәлiмдемесi атан түйеге жүк болардай едi.

Ежелден ауылы аралас, қойы қоралас, төсекте басы, төскейде малы қосылған ағайын ел басшысының мәлiмдемесi «жаптым жала, жақтым күйенiң» керiн келтiрiп тұрғандай. Қырғыз басшысының әңгiмесiнде күллi Орта Азия елдерiндегi көшбасшылыққа ие болып отырған Қазақстанның бүгiнгi оң имиджiне терiс әсер етуге тырысушылық байқалды. Бұл қазақ халқының «ағайын бар болса көре алмайды, жоқ болса бере алмайды» деген қанатты сөздерiне тура келедi деп ойлаймын.

Қазақстанның, оның Тұңғыш Президентi – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдiк аренадағы беделi мұндай сыңаржақ пiкiрлерден төмендемек емес. Көпконфессиялы, көпэтносты Қазақстан Республикасының Мәңгiлiк Ел болуға бағыт алған нық қадамы көңiл қуантады.

Елiмiз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Хасан БАЦИЕВ, ОҚО «Вайнах» шешен-ингуш мәдени қоғамдық орталығы» қоғамдық бiрлестiгi төрағасының орынбасары:

– Ғасырлар бойы өзара сенiм мен қолдаудың арқасында екi ел арасында қалыптасқан достық пен бауырластық қатынасқа Алмазбек Атамбаевтың сайлаудың буымен айтылған әңгiмесiне бола сызат түспейтiнiне сенiмiм мол. Мұны Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та өз мәлiмдемесiнде нық айтқан болатын.

Тұрақты дамудың қазақстандық моделi бүгiнде бүкiл әлемге үлгi. Бiз тұрақтылықты бағалай бiлгенiмiздiң арқасында бүгiнгi табыстарға жетiп отырмыз. Сондықтан, қарым-қатынасымыздың үлкен тарихы, болашағы бар, әрi қарай да екi ел арасындағы ынтымақтастық дами беретiнiне сенiмдiмiн.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper