"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ГРЕКИЯ ЕЛШIСI АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРIМЕН КЕЗДЕСТI

Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017 10:59
ГРЕКИЯ ЕЛШIСI АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРIМЕН КЕЗДЕСТI

 

Оңтүстiк Қазақстан облысына iссапармен келген Грекияның Қазақстандағы Төтенше және өкiлетi елшiсi Александрос Катранис облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында болды. Сапар барысында елшi облыстық ассамблеяның жұмысымен танысып, грек этномәдени бiрлестiгiнiң мүшелерiмен бейресми жағдайда кездестi.

 

Жүздесуге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов қатысып, өңiрiмiзде қоғамдық келiсiм мен бiрлiктi нығайту, этнос өкiлдерiнiң экономиканы iлгерiлетуге қосып жатқан үлесi жайында ақпарат бердi.

Грекия елшiсi А.Катранис өз сөзiнде Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ел саясатын жүзеге асыру үшiн құрылған, әлемде теңдесi жоқ институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы жайында айта келе, этномәдени бiрлестiктер қызметiн дамытуға барлық жағдай жасалғанын тiлге тиек еттi.

Сондай-ақ, кездесу барысында екi ел арасындағы мәдени ықпалдастықты арттырып, экономикалық байланыстарды нығайту жайы да сөз болды.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper