"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«Ертеңгілік» ертегімен басталады

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 16:57
«Ертеңгілік» ертегімен басталады

Шардара ауданының орталығында орналасқан «Балауса» балабақшасы жаңа бастаманы қолға алыпты. Енді бүлдіршіндерге күн сайын әжелер қонаққа келіп, ертегі айтып береді.

–Немере жетектеген ақ жаулықты аналарға қызыға қараймын. Былдырлаған сәбидің әрбір сұрағына байыппен жауап беріп, маңдайынан мейірлене иіскені қандай керемет! Былайғы уақытта томаға-тұйық жүретін балалардың өзі әжелерінің алдында өзін әлдеқайда еркін сезінетініне көз жеткіздім. Әженің тәрбиесінде өскен бала мейірімді, кеңпейілді келетіні бесенеден белгілі. «Қарты бар үйдің–қазынасы бар» деген сөз де текке айтылмаса керек. Дегенмен әрбір үйде бесік тербетіп, көнеден сөз қозғап отыратын әже жоқ. Қала берді, қазір алпысты алқымдаған аналарымыздың өзі күнкөріс қамын күйттеймін деп, бала тәрбиесіне көңіл бөле алмай жүр. Ендеше оның орнын балабақшада толтыруымыз керек,– дейді балабақша меңгерушісі Эльмира Қалмырзаева.– Ауданның мәдени дамуына сүбелі үлес қосып, зейнетке шықса да қоғамдық жұмыстан қол үзбеген апаларымызды шақырып, ертегі айтуға қолқа салып отырмыз. Аудандық «Ақ әжелер» ансамблінде өнер көрсетіп жүрген апаларымыздың әрбірі бір мектеп. Бұдан бөлек, облыстық «Үлгілі отбасы» байқауының жүлдесін жеңіп алған көпбалалы аналарымыз да бар. Солар күн сайын 1 сағат уақыт бөліп, балалармен бірге ертегілер еліне саяхат жасаймыз... Бұл, біріншіден, балалардың танымдық қабілеттерін арттырып, ой-өрісін дамытуға септігін тигізсе, екіншіден жастарға ұлттық тәрбие берудің төте жолы. Ертегіні теледидардан көрген бір бөлек, әженің аузынан естіген басқа. 25 жылдан бері педагогика саласында еңбек етіп келе жатқан балабақша меңгерушісінің бұл бастамасы көпге үлгі. Үлкенді сыйлау, мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық, бәрі-бәрі де балабақшадан бастап қалыптасады. Бала шыбық тәрізді, қалай майсытырсаңыз, солай иіледі. Осы сөзді жадымызда сақтағанымыз абзал. –Жасыратыны жоқ, бүгінде баладан безген әке, сәбиін қоқысқа тастаған көкек ана, ата-анасын қарттар үйінде қалдыратын безбүйрек балалар көбейіп кетті. Қоғамды кінәлаймыз. Алайда, мұның бәрі тәрбиеге байланысты. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» дегендей, адам бойындағы адамгершілік қасиет бала күннен қалыптасатынын ұмытпағанымыз абзал,-дейді балабақша меңгерушісі. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы арқылы салынған 120 орындық балабақша осыдан төрт жыл бұрын ашылған болатын. Тынымсыз еңбектің арқасында, аз уақыт ішінде жоғары жетістіктерге қол жеткізіпті. Мұнда он екі тәрбиеші, 8 тәрбиешінің көмекшілері қызмет етеді. Барлығы жоғары білімді, өз ісінің мамандары. Балалар 6 топқа бөлініп тәрбиеленеді. «Балаусаның» бүлдіршіндері аудандық, облыстық байқауларда топ жарып жүр.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper