"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

ОҢТҮСТIКТIҢ ПЕЙIЛI ОТТАН ДА ЫСТЫҚ

Жұма, 01 Қыркүйек 2017 15:33
ОҢТҮСТIКТIҢ ПЕЙIЛI ОТТАН ДА ЫСТЫҚ

Оңтүстiк Қазақстан облысының Астанадағы мәдениет күндерi аясында ресми iс-шаралардан бөлек 500 өнерпаздан құралған өнер керуенi елорданың жұртшылығына нағыз мерекелiк көңiл-күй сыйлады. Елорданың бас көшелерiмен «Түркi елiнiң түп тамыры – Оңтүстiктен мерейлi Астанаға сәлем!» атты ұранмен жүрiп өттi. Ел тарихынан сыр шертетiн сазды керуен «Хан шатыр» ойын-сауық орталығынан «Бәйтерек» алаңына дейiнгi аралықты қамтыды.

Керуен сапында Алтын адам, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи, Әл-Фараби сынды тарихи тұлғалар, хандар мен батырлар, билер бейнесiнде киiнген өңiрдiң өнер ұжымдары және Тайқазан, арба сынды ұлттық құндылықтарымызды айшықтайтын бұйымдар бар. Оңтүстiктiң кешегi, бүгiнгi келбетiн танытар өнер кешiнде Ш.Қалдаяқовтың, С.Бәйтерековтiң әндерi Астана аспанында қалықтап тұрды. Мерекелiк концерт «Қазына», «Шаттық», «Шамсинур» би ансамбльдерiнiң орындауындағы «Мереке думан» биiмен бастау алып, «Бәйтерек» алаңында 600 домбырашының бiр мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйiн орындауымен аяқталды.

Шара барысында облыс әкiмiнiң орынбасары Ұласбек Сәдiбекұлы ЭКСПО туын «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандан­дырылған көрмесiнiң комиссары Рапиль Жошыбаевқа салтанатты түрде табыстады.

Өнер кешiнде ҚР мәдениет қайраткерi Айжан Тәженова, «Х-бэнд» эстрадалық джаз ансамблi, «Асу», «Семсер», Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымдары астаналық тұрғындарды ән мен күйге бөлеп, таланттарымен тәнтi еттi.

Айта кетейiк, осы күнi ЭКСПО-2017 көрмесiнiң құрметiне орай 29 мамыр күнi жолға шыққан оңтүстiкқазақстандық 10 байкер елiмiздiң бiрқатар облыстарының территориясын басып өтiп, мотошерудi Астана қаласында түйiндедi.

Этноауылда – қолөнер көрмесі

Облыстың Астана қаласындағы күндерi басталғалы «Құт өлке қолөнерi» атты өңiр қолөнер шеберлерiнiң көрмесi өтiп жатыр. Этноауылда тоқыма, сырмақ салу, кесте тiгу, әшекей, ағаш бұйымдары, iсмерлiк, ұсталық сынды қолөнер бұйымдары көпшiлiкке ұсынылуда. Сонымен бiрге көрмеге суретшiлердiң төл туындылары мен өңiрдiң тарихи, мәдени келбетiн айшықтайтын 1500-ден аса құнды жәдiгер қойылған. Мұнан бөлек, 47 қолөнер шеберi мен 7 суретшi арнайы шеберлiк сыныптарын өткiзiп, ұлттық қолөнер бұйымдарын әзiрлеудiң қыр-сырын көпшiлiкке үйретуде.

Аталмыш көрме 3 қыркүйекке дейiн жалғасады. Айта кетейiк, осы күнi этноауылда «Оңтүстiгiм – жерұйығым, құт мекен!» атты Ш.Қал­даяқов атындағы облыстық филармонияның Сүгiр атындағы ұлт аспаптар оркестрiнiң ұжымы көпшiлiкке күй құдiретiн паш етсе, Конгресс-Холлда облыстың әзiл-сықақ театрлары астаналықтарды күлкiге қарық қылды. Сондай-ақ, бұл күнi этноауылға облыстан 2000-ға жуық құнды жәдiгер жеткiзiлдi. Соның iшiнде Абылай ханның немересi Кенесарының темiр қынапты қылышы, Қажымұқан Мұңайтпасұлы мен Шәмшi Қалдаяқовтың тұтынған бұйымдары мен киiмдерi бар.

«Күш атасы – Қажымұқан» елордаға келдi

Сәрсенбiде елорда тұрғындарына «Күш атасы – Қажымұқан» анимациялық фильмi таныстырылды. Оқушылар сарайында өткен тұсаукесер шараға астаналық бүлдiршiндер молынан жиналды. Облыс әкiмiнiң бастамасымен дүниеге келген туынды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетiлген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түсiрiлген. Сондықтан өскелең ұрпақтың патриоттық сезiмiн қалыптастырудағы маңызы ерекше деуге болады. Фильм авторлары бiртуар күш иесiнiң кiлем үстiндегi ерлiктерiн паш етумен қатар өз қаржысына ұшақ жасатып, оны майданға жөнелткен ұлтжанды болмысын сәттi шығара бiлген. Кiшкентай көрермендерге қуаныш сыйлаған анимациялық фильмдi Шымкенттегi «Сақ» киностудиясы түсiрген. Фильмнiң режиссерi – Батырхан Дәуренбеков.

Осы күнi «Қазақстан» орталық концерт залының фойесiнде «Жер кiндiгi – Қазығұрт» көпсалалы ғылыми көркемөнер көрмесi ашылды. 9 бөлiмнен тұратын көрмеде белгiлi қылқалам иелерiнiң шығармалары, қолөнер шеберлерiнiң жасаған бұйымдары мен тарихи фотосуреттер жұртшылық назарына ұсынылды.

Конституция күнiне орайласқан бұл күнгi мерекелiк шара «ЭКСПО-ға Оңтүстiктен ән шашу» атты облыстың өнер шеберлерiнiң гала-концертiмен түйiнделдi. Өнер кешiне ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Ерболат Досаев, Қырғызстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары Шолпан Сұлтанбекова, ҚР Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова, Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы, Сыртқы iстер министрi Қайрат Әбдiрахманов, Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмiрзақ Шөкеев, Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Ермек Аманшаев, Сенат депутаттары мен Қазақстандағы шетел елшiлерi қатысып, кештiң мәртебелi меймандары болды.

Айтулы шараға облыстың 1000-ға жуық мәдениет және өнер шеберлерi қатысты. «Тiршiлiк бастауы – Қазығұрт» сазды-хореографиялық композициясынан бастау алған өнер кешi өнер ұжымдарының ең озық туындыларымен жалғасты. Бiр мезетте 600 домбырашы күй шертiп, көрермендердi ерекше әсерге бөледi.

Көрермендер мұндай нағыз жүректен шыққан концерттi ұзақ уақыттан берi көрмегенiн айтады. Түбi керекулiк, бүгiнде Астана қаласында тұратын iскер азамат Дүйсенғазы Құлназаров бүгiнгi өнерпаздардың өнерiн Шымкентке арнайы барып тамашалаймын деп қалды. «Оңтүстiк өнер қонған жер екен» дейдi ол.

Ұлттық сусындар мен жемiс-жидек тегiн

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiн тамашалауға келгендер күнгей жұртының ерекше сыйына куә болды. Яғни бас қаланың төрiнде оңтүстiкқазақстандық өнертапқыш Еркiнбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasyның» екi данасы қойылып, онда ұлттық сусындарымыз – қымыз, қымыран және құрт, түстiк аймақтың дарқан даласында пiсiп жетiлген жемiс-жидектер шараға келушiлерге тегiн таратылып, бiр сәт арқа-жарқа күйге ендi.

Астанадағы «Бәйтерек» алаңының маңында ұйымдастырылған шараға қала қонақтары мен шетелдiк меймандар көптеп келдi. Алғашында тегiн таратылған тағамдарға таң қалған халайық, кейiннен Оңтүстiктiң мырзалығына тәнтi болып, алғысын бiлдiрдi. «Шiркiн, Оңтүстiктiң пейiлi оттан да ыстық қой» дейдi қала тұрғындарының бiрi.

P.S. Оңтүстiк өңiрiнiң Астанадағы мәдениет күндерi одан әрi жалғасуда. Бiз ол туралы газетiмiздiң келесi санында хабарлайтын боламыз.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper