"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

«БҰЛ МЕКТЕПТЕН БАРЛЫҒЫМЫЗ ӨТУГЕ ТИIСПIЗ»

Дүйсенбі, 28 Тамыз 2017 21:47
«БҰЛ МЕКТЕПТЕН БАРЛЫҒЫМЫЗ ӨТУГЕ ТИIСПIЗ»

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Әлемдегi кез келген мемлекеттiң тәуелсiздiгiнiң ең бiрiншi кепiлi – оның Конституциясы. Конституция – сол елдiң ұстанымын айқындап, келешегiне бағдар жасайтын киелi заң. Ұлы даланы мекендеген бабаларымыздың өз дала заңдары болды. Түрлi тұрмыс заңдарын айтпағанның өзiнде бертiндегi «Қасым ханның қасқа жолы», «Есiм ханның ескi жолы», әз Тәукенiң «Жетi Жарғысы» секiлдi заң жүйелерi бүгiнгi Ата Заңымыздың ертеректе қаланған iргетасы iспеттi. Биыл осы тамырдан өнген жаңа тұрпатты Конституциямызға 22 жыл толып отыр.

Әлбетте, Конституцияның қоғам өмiрiнде орны бөлек. Биыл 22 жылдығын атап өткелi отырған Ата Заңымыз осы жылдар iшiнде өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсеттi. Оның қағидаттарына сәйкес, елiмiздiң даму бағыты айқындалды. Ең бастысы, азаматтарымызда «ертеңiмiз қалай болар екен?» деген алаңдаушылық жоқ. Араб елдерiндегiдей тығырыққа әкеп тiрейтiн дағдарыстардан аулақпыз. Ал, ондай дағдарыстардың себебi елдегi конституциялық қайшылықтардан, даму бағытын айқындаудың олқылығынан, сыртқы күштердiң әсерiнен туындағанын бүгiнде саясатқа қатысы жоқ адамдар да бiледi. Керiсiнше, бiзде шаруасын дөңгелетiп отырған халықтың ертеңге деген сенiмi мол. Осының бәрi қолданыстағы Ата Заңды ұстын етiп, оның ережелерiнен еш ауытқымай, елге қызмет етiп отырған Елбасының сара саясатының арқасы екенi даусыз.

Уақыт бiр орнында тұрмасы анық. Замана көшi алға жылжыған сайын уақытқа сай жаңарудың, жаңғырудың қажеттiлiгi сезiледi. Осыны ескерген Елбасы мемлекеттiк билiктiң тармақтары арасындағы өкiлеттiлiктердi қайта бөлу мәселесiн көтерiп, халықтың талқысына салғанын бiлемiз. Бұл жөнiндегi шешiмiн алғаш жария еткенде: «Заманның дидары өзгердi, бiз де өзгеруiмiз керек. Сол себептi, мемлекеттiң басқару жүйесiн де жаңғыртатын кез келдi. Мен елдiң мүддесi мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осылай байлам жасадым» деп байыптағаны есте. Иә, айтса айтқандай, өркениет көшiнен қалмай, саяси жүйенi одан әрi жетiлдiру – бүгiнгi заман талабы.

Жалпы, Ата Заңымызға 1998 жылы, 2007 және 2011 жылдары үш рет түзетулер енгiзiлген екен. Елбасының сөзiмен айтсақ, «олардың барлығы да елдiң дамуына айрықша серпiн бердi». Әрi бұл жолғы конституциялық жаңарулар да елге сондай игiлiк әкелерiне, мемлекеттiң алдағы өрлеу жолындағы маңызды қадамға айналарына сенiм бiлдiрген едi. Байқағанымыздай, реформаны талқылау кезiнде жер-жерден ұсыныстар мен ой-тiлектер тасқындай ағылғанын көрдiк. Солардың көпшiлiгi Парламенттiң рөлiн, Үкiмет пен жергiлiктi билiк органдарының жауапкершiлiгiн күшейту, құқық қорғау қызметiн және сот жүйесiн жетiлдiруге қатысты өз ұстанымдарын бiлдiрген. Жер-жерден жолданған алты мыңнан аса ұсыныс Ата Заңның 98 бабының 63-iн түгел қамтыған деуге болады. Айталық, халық Мемлекет басшысының мәртебесi мен өкiлеттiктерiн анықтау бойынша 40-тан аса ұсыныс бiлдiрсе, Парламент құзырына қатысты 88 ұсыныс түскен. Ал, ең көп (2148) ұсыныс құқық қорғау мен сот органдарына қатысты екен. Олар судьяға қойылар талапты күшейту, судьялыққа үмiткерлердiң жасын және заңгерлiк мамандық бойынша жұмыс өтiлiн көтеру мәселесiн алға тартқан. Тiптi, «судьяларды халық сайласын» деген бастама да көтерiлiптi. Бiр бұл ғана емес, талқылау кезiнде «тiлдердiң үштұғырлылығы» қағидатын Ата Заңда бекiту үшiн «ағылшын тiлiне де ресми тiл мәртебесiн берудi» ұсынғандар табылыпты. Бұған қарсы өз ана тiлiмiздiң рөлiн күшейтудi көздейтiн ұсыныстар да айтылған. Өлiм жазасын қолдайтындар және оған қарсылар да конституциялық реформа аясында үн қосқан екен. Дегенмен, Мемлекеттiк басқару академиясының профессоры Зинаида Федотованың айтуынша, жұмыс тобы жаңа заң жобасында билiк тармақтары арасында өкiлеттiктердi қайта бөлу және олардың құзыры мен жауапкершiлiгiн күшейтуден өзге ұсыныстарды қарастырмауға шешiм қабылдаған көрiнедi. Сөйтiп, халықтың талқысынан өтiп, қайнауы жеткен өзгерiстер мен толықтырулар негiзiнде Ата Заңымыздың 19 бабына 26 түзету енгiзiлдi. Осыдан кейiн Парламент пен Үкiметке үлкен жауапкершiлiк жүктелдi. Мұның бәрi сәт санап өзгерiп жатқан заман талаптарына сай жүзеге асып отыр. Төрттен бiр бөлiгiне өзгерiс жасалған Конституцияның басты ерекшелiктерi де осында.

Дегенмен, көптеген ғалымдар «Ата Заңның әлеуетi әлi толық ашыла қойған жоқ» деген пiкiрдi алға тартады. Тiптi, Конституцияны тiкелей қолдану жайы әлi де өзiнiң шешiмiн таба алмай отырған мәселе екенiн жасырмайды. Содан болар, адамның құқығы мен бостандығына кепiл Ата Заң көп ретте өзiнен төмен заң актiлерiнiң тасасында қалып қояды екен. Ол үшiн Ата Заң талаптарын алдымен басшылыққа алып, соның ұстанған қағидалары негiзiнде жұмыс iстеудi жолға қоюды ұсынады. Өкiнiшке қарай, адамның құқығы мен бостандығын қорғауға кепiлдiк берiлген елде көп ретте бұл мәселеге атүстi қарайтынымыз байқалады. Елiмiзде орын алып жатқан түрлi оқиғалар, келеңсiз көрiнiстер, сипаты өзгерген қылмыстар бiздiң Ата Заңымызда көзделген талаптарға көп ретте көзжұмбайлық танытатынымызды көрсетедi.

Иә, Ата Заңымызды өте маңызды құжат ретiнде айтып қана қоймай, оны тiкелей орындауға баса назар аудару қажет. Бұл тек өкiлеттi органдардың мiндетi ғана емес, әрбiр азаматтың мүддесi болуы тиiс. Елбасы бұл жөнiнде «Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттiлiктiң табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келiсiмнiң негiзi. Ол бойынша өмiр сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебi. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиiспiз. Бiздiң мiндет – Ата Заңға ұқыптылықпен қарау» деген болатын. Шынында да, бұдан артық қалай айтарсың?!

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper