"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ТӘУЕЛСIЗДIКТIҢ ТЕҢДЕССIЗ ТАРТУЫ

Сенбі, 26 Тамыз 2017 16:01
ТӘУЕЛСIЗДIКТIҢ ТЕҢДЕССIЗ ТАРТУЫ

 

Ата Заң – кез келген елдiң iргелi қағидалары мен ережелерiнiң тұғыры. Одан сол елдiң азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi және билiктiң құзыретi мен өкiлеттiлiктерi бастау алады. Қайнарын әуелi әдет-ғұрып нормаларынан алған, кейiннен шариғат жолына ұласқан, бертiн келе билер институтын қалыптастырған қазақтың дала заңдары да өз кезеңiнде елдiң бүтiндiгi мен ой еркiндiгiн сақтауға негiз болған едi. «Кемелденген социализм» атанған Кеңес заманында жоғарыдағы құндылықтар жаңаша сипатта өрбiп, халықтың тең дәрежеде өмiр сүруiне жол ашылғаны мәлiм. Сондықтан «Әр дәуiрдiң еркiне сай нарқы өзгерген алтынның» демекшi, дәуiр алмасқан сайын ондағы негiзгi құқықтық қағидалардың да уақыт көшiне сай өзгерiп отыруы табиғи заңдылық iспеттi. Мiне, биыл уақыт жүгiн арқалаған әрi халықтың өз таңдауымен қабылданған Ата Заңымызға 22 жыл толып отыр. Осыған орай «Оңтүстiк Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетiнiң ұйытқы болуымен «Оңтүстiк» ақпарат орталығында «Заң және заман» тақырыбынба «дөңгелек үстел» мәжiлiсi ұйымдастырылды. Ондағы мақсат - Ата Заңның ел өмiрiндегi маңызын айтып қана қоймай, халықтың құқықтық сауаттылығы, заңдардың дұрыс орындалуы және соңғы жылдардағы құқықтық реформалардың тиiмдiлiгi жөнiнде мамандармен ой бөлiсу едi.

 

Басқосуға облыстық соттың судьясы Наурызбай Әуезов, ОҚО iшкi iстер департаментi тергеу басқармасының аға тергеушiсi Бақытжан Медетбеков, Шымкент қаласы Еңбекшi аудандық заң консультациясының адвокаты Саяра Кулиева, «Медиация және құқық» орталығының басшысы, заңгер-медиатор Эльмира Есiмбетова, Қазақстан Заңгерлер одағы ОҚО филиалының хатшысы Бахыт ЖҰмӘдiлов қатысып, өз ойларын ортаға салды. Жиынды «Оңтүстiк Қазақстан» газетi бас редакторының орынбасары Гүлжамал МҰсаева ашып, жүргiзiп отырды.

Оқырман назарына аталған «дөңгелек үстел» мәжiлiсiнде айтылған ой-пiкiрлердi ұсынып отырмыз.

Жүргiзушi: Биыл тәуелсiз елiмiздiң өз Ата Заңына – 22 жыл. Осы жылдар iшiнде Қазақстан азаматтарының барлық құқықтық жауапкершiлiгi мен мiндеттерiн көрсеткен негiзгi Заңның құрметiне қалай жеттiк? Жалпы, Ата Заңға деген құрметiмiз қай деңгейде?

Наурызбай Әуезов: Елбасының «Конституция бiздiң бостандықтарымыздың негiзiне айналды. Ол бiзге тәуелсiздiк алып келген жеңiстерiмiздiң, бiздiң тапқан табыстарымыздың бүкiл кешенiн баянды еттi» деген сөзiнен бiздiң бүгiнгi толағай табыстарымыздың артында Ата Заңымыздың тұрғанын аңғару қиын емес. Бiздi алыс, жақын шетелдерге танытқан да, мойындатқан да осы заң. Ендеше, биыл қолданысқа енгiзiлгенiне жиырма екi жыл толғалы отырған бұл заңның қадiрiн бiлу, құрметiн арттыру баршаға парыз.

Бахыт Жұмәдiлов: Әлемдiк тәжiрибеге көз салсақ, әр ел Конституциясын әртүрлi жолмен қабылдаған. Мысалы, Украина, Грузия және Өзбекстан мемлекеттерi бас құжатын парламенттiк жолмен, Болгария, Румыния елдерi құрылтай жиналысымен қабылдаса, Ауғанстан, Иран секiлдi елдер президенттiк бекiтудi жөн санаған. Ал, бiздiң ел Ата Заңды халықтың талқысына салып, бүкiлхалықтық референдумда қабылдады.

Тарихқа жүгiнсек, Алаш арыстары Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынов, Б.Қаратаев, ағайынды Досмұхамедовтер 1917 жылы «Қазақ» газетiне «Алаш» партиясы бағдарламаларының жобасын» жариялайды. Олар өзектi мәселелердi қамтыған 10 тараудан тұратын құжатты жасау арқылы «Алаш» автономиясының Конституциясын өмiрге ендiрудi армандаған екен. Бiрақ олардың бұл армандары Тәуелсiз Қазақстанның жаңа Ата Заңы қабылданғанда ғана орындалды. Және ол мемлекеттiң құрылымын нығайтып, мiндеттерiмiз бен құқықтарымызды айқындап бердi. Осы себептi, бүгiнгi Ата Заңның әрбiр тармағын екшеп, електен өткiзген, сол арқылы Алаш арыстарының арманын жүзеге асыруға еңбек сiңiрген көрнектi қоғам қайраткерлерiнiң ұрпақ жадында мәңгi сақталуына атсалысуға тиiспiз. Оларды дәрiптеу арқылы Ата Заңға деген құрметiмiздi бiлдiремiз. Сайып келгенде, Ата Заңымызды тәуелсiздiктiң теңдессiз тартуы ретiнде бағалауға тиiспiз.

Эльмира Есiмбетова: Ақсақалынан именiп, қалыптан шықпайтын қазақылықтың қарапайым қағидасына қазiр ерiксiз бас иесiң. Иә, көне тарих «Жетi Жарғының», «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есiм ханның ескi жолының» көшпендi елдiң құқығын қорғап, қауiпсiздiгiн сақтауға тұғыр болғанын айғақтайды. Алайда, ханының өзi биiнiң сөзiне тоқтаған ол заманда заңнан гөрi тауып айтылған сөздiң қадiрiне бас игендердiң көп болғаны шындық. Бiздiң Ата Заңымыз сол дала заңының жалғасы, құқықтық құжаттың халықаралық талаптарды ескере отырып жетiлдiрiлген түрi десек әсте қателеспеймiз. Осы уақытқа дейiн азаматтардың сенiмдi серiгiне, тiрегiне, қауiпсiздiгiнiң кепiлiне айнала бiлдi деп нық сенiммен айта аламыз. Ал, Ата Заңды құрметтеу мәселесiне келсек, ол әрбiр адамның жүрек қалауынан туындауы тиiс. Әрi-берiден соң бүгiнгi өмiр сүру қағидаларымыздың соған негiзделгенiн әрбiрiмiз жете түсiнуiмiз қажет. Ол үшiн бұқаралық ақпарат құралдарында, күнделiктi өтетiн iс-шараларда Ата Заңымызды үнемi насихаттап отыруымыз керек. Әйтпесе, Ата Заңды 30 тамыз күнi ғана еске алып, дуылдата мақтағаннан оған құрметiмiз артып кетпейдi.

Жүргiзушi: Қоғамның басты байлығы адам десек, сол адам мен оның құқығы және бостандығын Ата Заң көрсеткен дәрежеде қорғап, бағалап жүрмiз бе?

Наурызбай Әуезов: Қазiр азаматтардың құқығы мен бостандығы құқықтық тұрғыда қорғалмайтын бiрде-бiр сала жоқ. Мұндай iзгiлiктiң жасалғанынан халық та хабардар. Әрi жұртшылық өз мәселесiн ендi жұдырықпен емес, сот арқылы шешуге болатынын жақсы бiледi. Ата Заңның жетiншi бөлiмi толығымен соттар және сот төрелiгiне арналған. Онда елiмiздегi сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асыратындығы тайға таңба басқандай бекiтiлген. Қазiр елiмiздiң кез келген азаматы өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғай алады. Жыл сайын сотқа жүгiнушiлер қатарының өсуi, дау-дамайды сот арқылы шешуге ынталылардың артуы азаматтардың құқықтық тұрғыда қаншалықты өскенiн аңғартады.

Бақытжан Медетбеков: Елбасының «100 нақты қадамында» ең басты қағидат – адам құқығына баса мән берiлген. Өйткенi, Ата Заңымызда «мемлекеттiң басты құндылығы – сол елдiң азаматы» делiнген. Осы құжаттың 75-бабы 1-бөлiгiнде «Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асыратыны», ал, 77-бабы, 3-бөлiгi 1-тармағында «Адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша, ол жасаған қылмысқа кiнәлi емес деп есептелетiнi» бекiтiлген. Бұл нормалардан адамды кiнәлi деп тану және қылмысына орай жаза тағайындау тек сот құзыретiнде ғана екенiн байқаймыз. Прокурор немесе сот шешiмiнiң санкциясынсыз ешкiмдi тiнтуге немесе тұтқындауға жол берiлмейдi. Себебi, барлық азаматтардың заң алдында құқығы бiрдей. Қылмыс жасады деп айыпталғандар қорғаушының және соттың көмегiне жүгiнуге құқы бар. Осы тұрғыдан келгенде тергеу әрекеттерiне көпшiлiк тарапынан көптеген сыни пiкiрлер айтылып жатады. Кей жағдайларда тергеушiлердi «адамды қорлайды», «құқығын аяққа таптайды» деп асыра сiлтеп жiберетiндерi бар. Бiрақ қазiр заң басқа, заман басқа. Олар адамды қинауға, онымен дөрекi сөйлесуге болмайтындығын, әрбiр адамның қадiр-қасиетiнiң аяққа тапталмауын жете түсiнедi. Дегенмен, бүгiнгi күнде отбасындағы зорлық-зомбылық пен күш көрсету оқиғалары белең алып барады. Әйелдер мен балалар ұрып-соғу мен қорлануға жиi ұшырайды. Мұндай жағдайда әдеттегi жазалау шаралары жеткiлiксiз болғандықтан, оның себептерiне үңiлiп, күдiктiнiң психологиялық ерекшелiктерiн анықтауға баса мән берiлiп жатыр.

Жүргiзушi: Өздерiңiз бiлесiздер, Елбасы осы жылдың басында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялап, қалың елдi жаңаруға үндедi. Онда түп қазығымыз – руханиятқа қайта оралудың сәтi келгенiн, ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғырту арқылы «өткенiмiздi барлап, келешекке қадам жасайтынымызды» еске салған болатын. Кезiнде бабаларымыз бауырмалдық пен кешiрiмшiлдiк, кеңдiк ұстанымына бағынбаған дауларды дала заңы, шариғат жолымен әдiл шешiп отырған. Ал, бүгiн заңның түр-түрi жазылып, азаматтардың құқығын қорғайтын түрлi нормалар бекiтiлiп жатса да, өз мүддесiн қорғай алмай, құқығы бұзылып, намысы тапталып жатқандар баршылық. Осы ретте әдiлеттi қоғам орнату үшiн бiзге не керек деп ойлайсыздар? Жалпы, әдiлеттi қоғам орнату адамның сана-сезiмiне байланысты ма әлде заңды құрметтеуден туындай ма?

Бахыт Жұмәдiлов: Шынын айту керек, қазiргi бiздiң қоғамда барлығы да материалдық құндылықтарға бет бұрып кеттi. Адамдар бiрiншi кезекке осыны қояды. Жалпы, мен айтар едiм, адамдар өмiрiнiң жартысына дейiн тұрмыстық мәселесiне ден қойып, яғни отбасы құру, пәтерiн, көлiгiн реттеп алуы қажет. Одан кейiн рухани құндылыққа бет бұрғаны ләзiм. Ол үшiн бойымызға тазалық қажет. Менiң ойымша, Елбасы айтқан рухани жаңғыру осыған саяды. Сондықтан руханиятқа бет бұратын сәт келдi. Сонда ғана заман түзелiп, әдiлеттi қоғам орнайды. Алдымызға тек қана ақшаны мақсат етсек, онда ешқашан рухани жаңғыра алмаймыз. Мақсатымыз одан жоғары болғаны жөн. Жалпы, бiздiң өзге ұлттардан қандай айырмашылығымыз бар деген сұрақ менi көптен берi ойлантып жүр. Ой елегiнен өткiзiп, басты ерекшелiгiмiз ата-бабамыздан келе жатқан қан тазалығымыз екенiн түсiндiм. Жетi атаға дейiн қыз алыспау дәстүрi осыны меңзейдi. Мiне, осы қан тазалығымызды сақтап, материалдық құндылықтардан бойымызды аулақ ұстасақ қана сiз айтқан мақсатқа жетемiз деп ойлаймыз.

Эльмира Есiмбетова: Қарап отырсаңыз, бұрынырақта адамгершiлiк қасиет деген әр адамның бойынан табылатын. Қазiр бәрiмiз қатыгезденiп бара жатқан секiлдiмiз. Банктен несие алып, той жасаймыз. Қазақтың бұрыннан келе жатқан жөн-жоралғылары шетке ысырылып, жөнсiз «мал шашу» көбейдi. Некесiн бұзып, ажырасып жатқандарға да кейде осы мәнi жоқ жөн-жоралғылар себеп болып жатады. Бiзге келетiн кейбiр дауласушы тараптар мұның түпкi себебi, тойдағы, құдалықтағы жоралғылардың «артық-кемiнен» туындағанын айтады. Тойды өткiзу қазiр бәсекеге айналды. Менiңше, осындай өрескелдiктердi «Неке және отбасы» кодексiне енгiзу қажет. Барлығы да заңмен реттелуi тиiс. Онда тойдың уақыты, қатысушылар саны, ондағы жөн-жоралғылардың шегi белгiленуi тиiс. Бұл шектен тыс ысырапшылдыққа тосқауыл болар едi. Әрине, оғаштау көрiнгенiмен, мұны бiр ретке келтiруден басқа жолы жоқ секiлдi. Түптеп келгенде, әдiлеттi қоғамыңыз да осындай ұсақ-түйектi ретке келтiруден басталмақ.

Саяра Кулиева: Сот жүйесiндегi реформалар мен заңдардың дұрыс орындалуы қатаң қадағаланса және халықтың рухани сауаттылығы артса ғана сiз айтқан әдiлеттi қоғамға жетемiз деп ойлаймын. Бiз қазiр соған келе жатырмыз. Рас, қазiргi жастардың құқықтық сауаттылыққа деген ынтасы жоғары. Мәселен, кей жерлерде кезекте тұрсаңыз немесе кетiп бара жатсаңыз, сiздi тоқтатып «Сiз дұрыс iстемедiңiз. Былай iстеуiңiз керек едi» деп заң талаптарын айтып жатады. Яғни бiз әдiлеттi қоғамның алғашқы қадамдарын жасау үстiндемiз. Мұның барлығы да қолданыстағы реформаларға сай бiртiндеп алға жылжып келедi. Демек, ең бастысы, халықтың құқықтық сауаттылығы мен рухани дүниесiн жаңғыртып, соны сәтiмен жүзеге асыра бiлсек, әдiлеттi қоғамға да жетемiз деп ойлаймын.

Жүргiзушi: Осы күнi оқыған, көзi ашық дегендердiң өзi түрлi заңбұзушылықтарға барып жатады. Бұл немқұрайдылық, салғырттық па, әлде заңды бiлмеудiң көрiнiсi ме?! Жалпы, көпшiлiктiң құқықтық сауаттылығын көтеру үшiн не iстеу керек?

Саяра Кулиева: Қоғам құқықтық сауаттылықты барынша меңгеруге тырысып келедi. Қазiр құжатсыз полиция қызметкерлерiн ешкiм үйiне кiргiзбейдi, қалай, қайда арыз жазу керегiн де жақсы бiледi. Бiр-бiрiнен естидi, теледидардан көредi. Әйтеуiр, ешкiм заңнан мақұрым емес. Бiрақ, соны бiле тұра заңбұзушылыққа барып жатады. Сондықтан заңның жауапкершiлiгiн күшейту керек деп ойлаймын. Бiрақ, бұл айыппұлдарды арттырып, жазаны ұлғайтайық деген сөз емес. Мысалы, жол ережелерiн бұзғандардың айыппұлдарын көбейтiп жiберген едiк. Ендi соны төмендетудi қолға алып жатырмыз. Өйткенi, айыппұл халықтың қалтасын көтеретiндей болса, көлiк жүргiзушiлер пара бермей, айыппұлын жаздырып алар едi. Есесiне азын-аулақ болса да қаржы мемлекетке түсiп, сыбайлас жемқорлық та азаятын едi.

Бақытжан Медетбеков: Кешегiдей емес, бүгiнгi бұқараның құқықтық бiлiмi жоғары. Қазiр сауатсыз адам аз. Тiптi, қаршадай баланың өзiн құрықтасаң, үш сағаттан артық ұстауға құқың жоғын айтып өзiңмен дауласады. Демек, қазiр ешкiмдi де ненiң заңды, ненiң заңсыз екенiн бiлмейдi дей алмайсыз. Яғни азаматтардың көбi бiлiп тұрып құқықбұзушылықтарға барады. Заңды күшейттiк делiк, ол жаза мен айыппұлдарды көпсiнбейтiндер де бар. Сондықтан алдымен адамдардың бойында адамгершiлiк қасиет болмаса, заңды бес саусақтай бiлгенiнен пайда жоқ. Демек, бiз балабақша мен мектептен бастап балаларға заңға құрмет көрсетудi үйретуiмiз керек. Сол кезден бастап көшеге қоқыс тастауға болмайтынын, жол ережелерiн бұзған жағдайда бiреудiң өмiрiне қауiп төндiретiнiн санасына сiңiруiмiз керек. Оларға осы бастан өздерiнiң құқығы мен мiндеттерi туралы түсiндiрiп айта берсек, олар үлкен өмiрде кездесер кедергiлерге дайын болады. Себебi, баланың құқықтық сауаттылығына тiкелей ата-ана жауапты. Бiрақ, бүгiнгi кейбiр ата-ананың өзi жасөспiрiмдердiң түнде көшеде жүруiне тыйым салынғанын бiле тұра түннiң жарымына дейiн көшеде жүрген баласын немесе қызын iздемейдi. Бұл тұрғыда Өзбекстаннан үлгi алуға болады. Оларда баланың беймезгiл жүруiн заңмен қатаң шектеп қойған.

Бахыт Жұмадiлов: Жалпы, құқықтық сауаттылықты қалай арттыруға болады? Шынында да, сауат ашу деген мектептен басталады. Сондықтан бiлiм ордасындағы жоғары сынып оқушыларының оқулықтарына заңның алғышарттарын енгiзсек деген ойым бар. Ол үшiн аудан, қалаларда кеңiнен түсiндiру жұмыстарын жүргiзген жөн.

Наурызбай Әуезов: Бүгiнде барлық сот процестерi бейнебақылау арқылы қадағаланады. Бұл сот процесiне қатысушылардың талабының күшейгенiн аңғартады. Сонымен қатар, Жоғарғы соттың тапсырмасы бойынша «Сот кабинетi» сервисi iске қосылды. Аталмыш сервистiң қызметiн пайдаланғандарды көргенде iштей қоғамның заңды меңгерiп қана қоймай, жаңа технологиялар арқылы өздерiне қажеттi мәлiметтердi алуға да тез бейiмделгенiн байқадым. Азаматтардың сауатты болғаны сот iсiн жүргiзудi де жеңiлдетедi. Сондықтан сот тарапынан қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында түсiндiру жұмыстары жүргiзiлiп келедi.

Эльмира Есiмбетова: Қазақ кез келген жаңа дүниенi тез қабылдайды. Кез келген жаңалыққа тез бейiмделедi. Егер түсiндiру жұмыстары ойдағыдай жүргiзiлсе, метеп жасынан бастап баланың санасына заңды сiңiре бiлсек, онда халықтың сауаттылығы мұнан да жоғарылай бермек. Әлбетте, адам заңға жетiк болса, елдiң жететiн жетiстiгi де көп болады. Өйткенi, қазiр елiмiзде жол апатынан көз жұматындар, жасырын бала алдырып, бала сататындар көп. Мұның бәрiне шектеу қою қиынның қиыны. Кейде, шынында да, заң бұзуға тура келетiн сәттер болады. Мәселен, ауруханаға анасы түскен азамат абдырап келе жатып, жол ережесiн бұзса, адамдық тұрғыдан кiнәлай алмайсыз. Бiрақ, күнделiктi қауiпсiздiк белдiгiн тағуға немқұрайдылық танытып жататындарды жиi кездестiремiз. Менiңше, заңның бәрi адамның өмiрi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Сондықтан оған салғырт қарауға болмайды.

Өздерiңiз бiлесiздер, дауларды реттеу саласында адвокат, судья, прокурордан басқа медиатор терминi пайда болды. Одан бөлек, кәсiби және кәсiби емес медиатор деген ұғым да бар. Айтқым келгенi, осы кәсiби емес медиаторлар көпшiлiктiң iшiнен алынады. Бүгiнде Қазақстанда мыңдаған кәсiби емес медиаторлар барын ескерсек, осыдан-ақ елдiң құқықтық сауаттылығының деңгейi жоғары екенiн пайымдауға болады.

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, Назгүл НАЗАРБЕКОВА, Мақпал ТӨРЕБЕК, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар


Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594
JoomShaper